Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жарықшақ туралы аңыз (ІІ нұсқа)

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Бәйдібектің төрт қатыны болады. Бірі—Сары бәйбіше, басқалары: Домалақ тоқал, Сыланды, Мапыраш (Шежіреші соңғы екі әйелді қате көрсеткен, шын мәнінде бұлд екеуі— Бәйдібектің келіндері—Т.Ә.). Бәйдібектің мекені Әулиеата уезінде, Күйік деген жерде екен. Ол уақытта қырғыз Қарын- Әнжан жағында болады екен. Бұл екі ел жау екен. Қырғыздан Бәйдібектің елі (Үйсін) Билікөл деген жерге қарап үркиді. Бәйдібек жылқысымен кеткенде, Сары бәйбіше толғатып жатқан Домалақ тоқалды «жау алсын» деп қастап, жұртқа тастап кетіпті.

Домалақ қара лашықпен жұртта толғатып, баласын туып, емізеді де әлсіреп талып қалады. Сонда баласының басы соғылып жарылып қалады. Сондықтан баланың аты «Жарғышақ» болады.

Қырғыздың қолы келіп жұртта балалап жатқан қатынды тауып алады. Қырғыздың қолы:

Ел қайда, сен кімсің?—дейді.

Домалақ тоқал:

—Мен Бәйдібектің тоқалымын. Мен толғатқандықтан қарамай кетті, пәлен жолмен барса, Билікөлден елді табасың,— дейді,—Тез барсаң, аласың, егер елді шауып, аман алып келсең, маған сауын сал—сауғаға Бәйдібектің жылқысындағы бір ақсақ сары айғырды бер,—дейді.

Қырғыздар қатынның нұсқауымен елді шауып, қалың жылқыны топырлатып айдап келеді де, қолбасы қырғыз:

—Менің мына қатынға айтқан уәдем бар еді,—деп, ақсақ сары айғырды Домалаққа ұстап береді.

Қырғыздар жылқыны бұл күнгі Талас суын өрлей айдайды. Таластың өзенінен жылқы қайта қашып кетеді. Талас суының бойында қатынға келіп, айғырға үйелейді. Бұл кезде артынан қуғыншы соғысып, жылқыны айырады. Сондықтан сол судың аты «Талас» атанады.

«Аса»—асудың аты, қырғыздар асып кеткен. Мұнан соң Домалақ бәйбіше әулие атанған.

Бұл ұранды осы күні қатыны толғатқанда, қызылбөрік елінің қатындары айтады.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз