Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Шалқайма» — Қожеке Назарұлы

Күй аңыздары · 1 мин оқу

Ресей отарлаушыларының қысымына шыдамаған Қожеке қоныс аударуға мәжбүр болады. Қарқарада отырғанда ауылдастарын шақырып алып:

—Қотаныңнан шыққаның—Отаныңнан шыққаның емес. Іленің арғы жағы да біздің бабаларымыздың ата қонысы. Соған көшелік. Қытайдың көзі қысық болғанымен, өзі пысық, сөзге түсінеді,—дегенде, бірсыпыра ағайын келіспей, шалқая тыңдап, теріс пікір білдіреді.

Сонда Қожеке жаңа бір күй тартады.

Тыңдап болғанның бірі:

—Көке, бұл қай күйіңіз?—дейді.

—«Еңкейгенге еңкей, ол—адамның құлы емес, шалқайғанға шалқай—ол Құдайдың ұлы емес», күйдің аты «Шалқайма»— депті.

Сонда барып біраз ағайын Қожекенің сөзіне тоқтаған екен.

Күй аңыздары

Барлығы: 365 аңыз

Тағы оқыңыз