«Сал жігіт»
Күй аңыздары · 1 мин оқу
Бұл күйдің аңызы «Кербез қыз» күйінің бірінші аңызына жалғаса айтылады.
Ол аңыз бойынша, қыз қылығы мен ақыл-парасатына риза болған жігіт «өзіңе бір белгі болсын» деп «Кербез қыз» күйін тартады ғой. Сөйтсе, кербез қыз өзінің ақыл-парасаты мен көз тартар көркіне қоса дәулескер күйші де екен дейді. Сол жерде өнерпаз жігіттің ықыласын аяқсыз қалдырғысы келмеген қыз: «Ықыласыңа дән ризамын. Халқымыз «Сыйға—сый, сыраға— бал» деуші еді ғой. Менен де бір белгі болсын, «Кербез қыз» күйінің жауабы»,—деп, «Сал жігіт» күйін тартқан екен.