Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Қара» атануы

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Мынадай да әңгіме бар. Жолдербіс өлген соң, әйелі тоғыз жасар Жандербісті қорқамын деп қасына алған екен. Күйеуінің жылы өткен соң, әйелдің екіқабат екені білініп қалады. Қайнағасы Байдербіс жанжал шығарады. Әйелді жұрттың алдында қаралап, тас атып өлтірмек болады. Байдербістің сол тұста келінін тілдеп шығарған өлеңі ел аузында әліге дейін сақталып қалған.

Сонымен жеңгесі жылап отырса, Жандербіс келіп: «Жеңеше, неге жылап отырсың?»—дейді.

Жеңгесі: «Осындай да осындай, ертең мені өлтіргелі жатыр»,—дейді. Қайнысы: «Тірі қалатын жолы бар ма?»—деп сұрайды. «Бар,—дейді жеңгесі,—ол үшін іштегі бала менікі деуің керек».

Жандербіс солай етеді. Жанжалмен туған бала «Қара» атанып кетеді.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз