Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Бесшал деген ел едік»

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Сағым атамыздан жалғыз ұл Елбақты ғана, одан төртеу: Тоқан, Тоқыш, Есбол, Байбол туады. Үлкендердің айтуынша, Елбақты ерте үйленгендіктен бе екен, балалары өзімен қарайлас қатар өседі. Бәрінің де шал болып қалған кезі екен. Елбақты атамыз балаларын ертіп бір тойға кешігіп барады. Ел тарқаса да төрт баласымен бір үйде оңаша тамақтанып, ұзақ отырып қалса керек. Той иесі: «Ой, бұлар кімдер, қашанғы отырады, енді кетпей ме»,—десе, күтушілер: «Білмейміз әйтеуір бес шал отыр ғой, қалай кет деп айтамыз»,—дейді. Бұдан кейін де жұптары жазылмай бірге жүреді екен, содан «Бесшал» атаныпты.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз