Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Амандасар» — Құрманғазы Сағырбайұлы

Күй аңыздары · 1 мин оқу

Құрманғазының Төремұрат—Нарынбайға баруын біреулер басқаша айтады. Ел ауызындағы нұсқа бойынша, Құрманғазы жоғарыда айтылғандай басқа ауылдан батырлар тауып алып, сәлем беріп кіріп барғанда ешкім назар аудармаған соң, қолындағы домбырасын алып, тізерлеп отыра қалып, бір күй тартады. Домбыраның даусы шығып бастағанда-ақ, дуылдап отырған көп тына қалады. Құрманғазы да оларға қарамай, күйдің ырғағына жаны билегендей өзімен-өзі болып кетеді. Күйде неше алуан сыпайы үндер, оның арасында жалғыз атты жолаушының салған әні секілді дыбыстар кезектеседі. Құрманғазы күйді аяқтаған кезде Нарынбай тұрып: «ау, жаным, қайдан келдің? әңгімемен байқамаппыз ғой, жоғары шық»,—депті дейді. Құрманғазының сол арада тартқан күйін көпшілік сұрап болмаған соң, қайта орындап, күйдің аты «Амандасар» еді десе керек.

Күй аңыздары

Барлығы: 365 аңыз

Тағы оқыңыз