Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Айрауықтың ащы күйі»

Күй аңыздары · 1 мин оқу

Ұлы жүзде Тайлақ деген кісі өтіпті. Тайлақ батыр асқан сыбызғышы адам болыпты. Тайлақ батыр «Айрауықтың ащы күйін» өзінің Шекер мен Барақ дейтін екі ұлына арнап шығарған деседі.

Тайлақ батыр сексенге келіп әбден қартайған кезінде жылқысын жау шауып кетеді. Шекер мен Барақ атты екі баласы қарт әкесін үйде қалдырып, жау соңынан қуады. Сол жолда Шекерге оқ тиіп, қаза табады. Барақ жылқыдан айрылып, жаралы қайтқанда үй сыртында төбеде отырып, күні бұрын осы оқиғаны, жаны сезіп, күңіреніп тартқан күйі екен. Бұл күйді жиналған елі-жұртына тарту арқылы үйде отырған келініне естіртеді. Сонда үйде отырған келіні: «Әкем тартар күй емес, өзім естір күй емес, сақта Құдай, сақтай гөр!»—деп үйден шыға алмай отырып қалады деп аңыз қылады.

Күй аңыздары

Барлығы: 365 аңыз

Тағы оқыңыз