Мазмұнға өту

Ана-өмірдің шуағы

Bilimger Media 2 мин оқу 967 оқылым

Тәбиғат Айгүл

Ана.... Йа қандай қастерлі ұлы есім десеңізші.Бұл әлемде  ең қадырлы де, ең қасиетті тұлға,тек сіз екеніңіз даусыз .Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Қанша ұлы тұлға болсаңда,аналардың алдында ,кез-келген адам бас имей тұра алмас еді.Мен өз басым бала кезімнен ананың орнының қашанда бөлек болғанын мойындайым.Үйткені,үйде бір күн анамыз болмаса,еш қызық жоқ,үй жылусыз болып тұратын еді.йә кейде анамызға еркелеп,маған ұрысты,артық талаптар қойды,тыйым салды деп,жақтырмай артық орынсыз ананы ренжыткен күндерімізде болушы еді. «Ананның көңілі балада,баланың көңілі далада»деп атамыз қазақ бекерге айтпаса керек.Шында сол кездерде ананың қадірін білмегенде кездер екен ғой.....Ал қазыр біз өзіміз ана болдық,үй болдық, отау тіктік.Енді-енді,ата-ананың қадіріне жете бастағандаймыз.Йа сол кездерде анашым дұрыс айтқан екен ау,деген ойлар келіп басымызға,ойымызға ой қосылады екен.Йә бұл жай ғана өмірдегі менің ғана ойым ғой.Бірақ анасыз өмірді кешіп те жатқан қаракөздеріміз қаншама.Ананың балам деген бір сөзіне зәру болған сол сәби жүректері,ойларында менің анам мені неге тастады екен,неге өмірге әкелді екен,неге мен анасыз өсіп жатыр екенмін деген ойлар мазалап жүргені бәрімізгеде аян ғой. Мейрімді анадан бөлек ,мейрімсіз,көкек аналарда өмірімізде бар екені бізгеде мәлім әрине.Оған мысал келтіріп жатпай ақ,бірде адам баспайтын лас жерден,бірде біреудің үйінің алдынан табылып жатқан шақалақтардың өмірі ,мен үшін қатты жүрек ауыртарлық жағдай.Өмірде ақ пен қараның қатар жүретін айғағы осы ,өз өзегін жарып шыққан,құрсағында

9ай 9күн көтерген кінәсіз періштесін қыйып ғана тастап кетіп жатқаны,  сәбине өміріне еш бас ауыртпай өмір  сүріп жүргені,мені ғана емес кез келген жүрегінде жылулық пен мейрім бар адамдарды қатты мазалайтыныда сол шығар деп ойлайм.Осы ана деген ұлы есімге қара дақ салып жатқандарда солар шығар.Бырақ әркімнің жасаған қателігін бетіне басып,аналық құқықтан айруға ешкімнің құқығы жоқ шығар,бірақ өз аналық құқықтарын өздері таптап жүрген сол аналар ойланар мүмкін.Өмірде қателеспейтін адам болмас,мүмкін осы мақалам барлық қателік жасаған адамдарға әсер етпеседе,бір тас болып қатып қалған ананың жүрегін жылтар деген үміттемін.Ешбір адамды кінәлап көпке топырақ шашпас ем,үйткені біз аналармен мақтанамыз,аналарға қарап бой түзейміз,жамандықтан жиреніп,жақсылығына ұмтыламыз.

Ана-асыл жан.СОл асыл адам мендей қызды дүниеге әкелді.Өмір берді,тәрбие берді,оқытты,ешкімнен кем етпеді.Сол анамнің арқасында осындай дәрежеге жеттім.Барлық ана өз баласының бақытты болғанын ,биік белестерден көрінгегін қалайды.Ешімнен кем болмай,еңсесінің биік болғанын армандайды.
Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам. (Мұқағали Мақатаев)  деп жырлағандай,ақ сүт беріп аялаған анамыздың алдындағы парызымды өтеу міндетіміз.Аяулы анашым мені мына жарық дүниеге әкелгенің үшін,мың алғыс саған.Аналарымыз аман болсын әрқашан.

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:10

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 114 оқылым 2 мин
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 798 оқылым 4 мин