Мазмұнға өту

Әлем өзгеруімен бізде өзгереміз

Максатова Лаззат 2 мин оқу 1 449 оқылым

Максатова Лаззат

Әлем өзгеруде, әлеммен бірге балалар да өзгереді, бұл өз кезегінде мұғалімдердің біліктілігіне жаңа талап қоюда. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге жауапретінде әлемдегі  бүкіл елдер  өздерінің білім беру жүйелерін қайта қарауда. Қазіргі кезде мектеп директорлары үшін де, мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны; « XXI  ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі; «Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырда өмір сүруге қалай дайындайды?». Мен  жалпы білім беру ұйымдары мұғалімдерінің  біліктілігін арттыру Педагогикалық шеберлік  орталығына курсқа келдім. Бұл жерде мен жалпы мектептің оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу әдістерін  шеберлік орталығының тәжірибелі және білікті тренерінің  қолдаумен біліп, сонымен қатар оқушыларды XXI ғасырда өмір сүруге  дайындау үшін мектеп тәжірибесіне қалай өзгеріс енгізіп, осы шара барысында күтілетін нәтижелерге қол жеткізілгенін қалай бағалау қажеттігін түсіндім.   Менің мақсатым  бірінші бетпе – беттен алған білімімді  мектептің іс-тәжірибесіне енгізу. Басында түрлі ойлармен қобалжу да болды, бірақ әріптестеріммен сұхбаттасу барысында  деңгейлі курс идеяларына қызығушылықтарын сезгеннен кейін сенімділік пайда болды. Болашақта бірлесе жұмыс істеп, мені қолдайтын өзгеріс тобы құрылған соң сенімім арта түсті. Әріптестерімдің берген кері байланысында «Өзгерісті қуана қабылдаймыз, тек бағыт берсеңіз болғаны.» -деген сөздері менің жауапкершілігімді арттырды.

Осы бағдарламадан кейін бірінші бетпе-бет кезеңінде маған үшінші деңгейлі мұғалімдер және мектеп әкімшілігінің көмегі өте зор болды. Мұғалімдерді үйрете жүріп көп нәрсе үйренгенімді білдім. Мұғалімдерге сәл де болса оң өзгеріс көрсетіп, кәсіби дамуына қолдау көрсеттім деп білемін. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз жолдаунда айтқандай «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.»дегендей менің жеке ойым қазіргі білім беру саласындағы өзгерістер, жаңашылдықтардың барлығы дұрыс шешім, болашаққа басқан қадам.Мен ойлаймын өзгерісті қабылдай отырып «Жасау, реттеу, тәуекел ету» қағиданы ұстана отырып, өз дегеніме, мақсатыма жететін, өзгеріс енгізе отырып, ұжыммен бірлесіп жұмыс істеу арқылы қоғамдастықты құра алатын көшбасшы мұғалім  болуға сенімдімін.Алда асатын асулар коп екеніне сенімдімін

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:11

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Максатова Лаззат

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 114 оқылым 2 мин
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 798 оқылым 4 мин