Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

ӘКЕМНІҢ АРМАНЫ

Байсеуова Надира
1 мин оқу 33 оқылым

Мардан Заманбеков - өмірін шығыс жекпе-жек өнеріне арнаған дәстүрлі окинава годзю рю каратеден халықаралық спорт шебері, кәсіпқой жаттақтырушы,қара белдеу иегері. Бұл өнерге деген құштарлығы бала кезінен басталған. Әкесі каратенің жанкүйері болғандықтан, ұлының осы спорт түрінен чемпион болғанын армандаған. Мардан бала кезінен жаттығып, әкесінің арманын жүзеге асыру үшін каратедегі шеберлігін үнемі жетілдіріп отырды. Қазіргі таңда халықаралық чемпионаттарда жеңген,көптеген жетістіктерге ие.
“Менің каратемен кәсіпқой жаттығып келе жатқаныма 28 жыл болды. Алғашында бұл өнер түрімен менің әкем айналысқан. Бірақ, Кеңес үкіметі кезінде бұған тыйым салынып, әкем ісін әрі қарай жалғастыра алмай қалды. Мен дүниеге келгенде әкем мені осы істі әрі қарай жалғастырып, жетістікке жетеді деп армандаған. Каратені көз ашқалы танып келе жатырмын. Ең алғаш ұстазым – әкем. Ес білгелі әкем маған күн сайын үйде базалық жаттығуларды үйрететін. ”, - дейді спортшы.
Жылдар өте келе, Мардан Бақытжанұлы елімізде ғана емес, шетелде де беделді каратеші атанды.Төзімділігі мен нақ осы өнерге деген адалдығы оны көптеген жас спортшыларға үлгі етеді. Мардан Заманбеков жай ғана каратеші емес, ол өз ісінің нағыз шебері, бар саналы ғұмырын жекпе-жекке арнаған ұстаз. Ол жас ұрпаққа осы спортқа деген құштарлығын дарытып, парасатты сана мен рухани күш-қуатқа баулиды. Оның тарихы көптеген адамды мақсаттары мен армандарына жетуге шабыттандырады. Спортшының айтуынша, әр жылдың 10 айын балаларды каратемен жаттықтыруға, қалған 2 айын өзінің дамуына, демалысқа арнайды екен.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Байсеуова Надира

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Спорт

Азиада-2026: Қазақстан қанша медаль алды? Қорытынды және медальдар кестесі

Азиада-2026 қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Жапонияда өткен жазғы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады. Ұлттық құрама қоржынына 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль түсті. Осы нәтижемен Қазақстан…

Bilimger Media 5 мин
Спорт

Елена Рыбакина Бейжіңде сенсациялық жеңіліске ұшырады: Чараева әлемнің бірінші ракеткасын тоқтатты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінің екінші айналымында Алина Чараевадан 6:3, 4:6, 3:6 есебімен жеңіліп, жарыстан шығып қалды.

Bilimger Media 3 мин