Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ағылшын тілін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер

Айгерім Куандыкова
2 мин оқу 61 оқылым

Қазіргі білім беру жүйесі әмбебап білімнің, қабілеттердің, дағдылардың, сондай-ақ оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау тәжірибесі мен жеке жауапкершілігінің интегралды жүйесін қалыптастыруы керек. Мұғалім үшін бұл білім беруден басқа балалардың белсенді оқуы мен практикалық тәжірибесіне жағдай жасауына көшуін білдіреді. Оқушылар үшін бұл – ақпаратты пассивті ассимиляциядан белсенді іздеуге, сыни тұрғыдан ойлауға және тәжірибеде пайдалануға көшуі болып табылады. Мұғалімнің басты мәселесі – бағдарламаны сапалы меңгеруді қамтамасыз етуі,оқушылардың білім беру құзыреттіліктерін дамыту әдістерін іздеуі.

❖ Оқытудың заманауи тиімді формалары мен әдістерінің назары – қатысушылардың өз бетінше оқу әрекеті мен қарқынды топтық өзара әрекеттесу. Сондықтан, қарым-қатынас негізінен алғанда мұғалім мен оқушы және мұғалім мен сынып арасында дамытылатын дәстүрлі оқытудан айырмашылығы   интерактивті оқытуда жаңа өзара әрекеттесулер пайда болады.

❖ Коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттілік, тыңдау және диалогқа түсу, мәселелерді ұжымдық талқылауға қатысу қабілетін қалыптастыру және дамыту үшін оқушылар құрдастар тобына бірігуі және құрдастарымен және ересектермен өнімді өзара әрекеттесу мен ынтымақтастықты құруы керек. Бұл дағдыларды қалыптастыруға сабақ барысында қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер үлкен үлес қосады.

❖ Оқытудың белсенді әдістері – бұл оқу материалын меңгеру процесінде оқуышыларды белсенді ойлауға және жаттығуға ынталандыратын әдістер. Оқытудың белсенді әдістері оқудың оң мотивациясын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытады, оқушыларды оқу процесіне белсенді қатыстырады, оқушылардың жеке және тұлғалық мүмкіндіктерін ашады, стандартты емес ойлауды дамытады, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады,тағыда басқа мүмкіндіктер береді. Оларды үлкен көлемдегі материалды тиімдірек қабылдауға, жеке тұлғаның ұжымда жұмыс істеу қабілетінің коммуникативтік қасиеттерін дамытуға, бірлескен жобалық және зерттеу жұмыстарын жүргізуге, өз позициясын қорғауға және басқалардың пікірін тыңдауға, өзі үшін және ұжым үшін жауапты болуға дағдыландырады.

❖ Тағы да айта кетсек оқытудың белсенді әдістері әртүрлі аспектілерде білім беру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді: оқудың оң мотивациясын қалыптастыру; оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру; оқушыларды оқу процесіне белсенді қатыстыру; дербес белсенділікті ынталандыру; танымдық процестерді дамыту - сөйлеу, есте сақтау, ойлау; білім беру ақпаратының үлкен көлемін тиімді игеру; шығармашылық қабілеттерді және стандартты емес ойлауды дамыту; оқушы тұлғасының коммуникативті-
эмоционалдық саласын дамыту; әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін ашу және олардың көріну мен даму шарттарын анықтау; өз бетінше ой еңбегінің дағдыларын дамыту; әмбебап дағдыларды дамыту.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айгерім Куандыкова

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Баяндамада отбасы мүшелерінің бірлігі мен өзара қолдауы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасының өмірдегі орны сөз болады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Дос

Баяндамада достың жанашырлығы мен адам өміріндегі орны айтылады. Мәтін достықты бағалап, айналаға жақсылық жасауға шақырады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 14 мин 61 оқылым
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

Баяндамада ауыл шаруашылығы, мәдениет пен дәстүрлер, отбасы және тұрғындардың өзара көмегі сөз болады.

11"Б" сынып оқушылары 1 мин 42 оқылым