Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ағылшын тілі жаһандық тіл

Жанар
4 мин оқу 883 оқылым

Ағылшын тілі – жаһандық тіл.

Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.

Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үнді-еуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады. Ағылшын тілі  құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам  адам  сөйлейді. Қазақстанда да 20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атындағы  Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып,  мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді.

«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»-деп Елбасымыз өз жолдауында айтып кеткен. Ағылшын тілі – қазіргі заманда жаһандық тіл. Бұл тілде әлемнің көптеген елінде сөйлейді. Қазіргі заманауи мектептерде ағылшын тілі пәні міндетті пән ретінде оқытылады. Күні кеше ағылшын тілі пәні кестедегі негізгі пән ретінде 1 сыныптан бастап оқытыла бастады. Неліктен біздер ерте жастан шетел тілін оқи бастадық? Осы тілде оқып үйрену үшін бе? немесе кітапта берілген  мәтіндерді аударуға ма?Әлде ұстазымыздың сөздерін түсініп, сол үшін жақсы баға алу үшін бе? Мүмкін басқа шетелдің азаматтарын түсініп, олармен әр түрлі тақырыптарда әңгімелесе алу үшін керек пе?

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз.

Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемелекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. Бүгінгі таңда балабақша табалдырығынан бастап баланы ағылшын тіліне баулу.

Мәдениетті, жан-жақты, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару оқытушының басты мақсаты. Жаһанданған заман елімізді барлық елдермен бәсекелесе дамуға итермелейді. Тілдің қажеті артқан сайын, сұраныс артқан сайын осы қажетті қамтамасыз ету үшін арнайы шараларда жиі ұйымдастырылып тұрады. Бәсекелестікте тек мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай алмайтындар жеңіліске ұшырайды. Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында қазақ тілін өркендету мен шет тілдерді оқыту мәселесіне айрықша мән берілген. Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Туған тілді жетік меңгеруді, қастерлей білуді мақсат етіп қою керек. Бірақ бір тілмен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты болуға, тіл үйренуге талпыну керек. Бұл жастардың болашағыңның ғана емес, тұтастай ұлтыңның болашағының жарқын болуының кепілі.

Қорытындылай келе, ағылшын тілі – байланыс тілі. Ағылшын тілі қазіргі заман талабына сай, кең ауқымда қолданылатын тіл. Жаһандық экономикадағы тіл десек, кем түспес едік. Ағылшын тілі заманымызда өте маңызды рөл алып отыр. Халықаралық сипаттағы ағылшын тілінің рөлі, қазіргі  XXI ғасырда тереңдетілген, маңызды рөл болып саналуда. «Тіл үйреніңдер, бір жерде қалып қоймаңдар, жан-жақты болуымыз керек».

Ғабит Мүсірепов:

«Тілін білмеген – түбін білмейді».

«Тіл – ұлттың жаны». «Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі».

Шыңғыс Айтматов:

«Халықтың тіліне қиянат жасау – оның жүрегін жаралау»-деп жазған, сол себепті өз тілімізді мақтан тұтып, өзге тілді құрметтеуді әдетке айналдыру керек.

Бүгінде әлем бір орында тұрмайды. Жаңа ашылулар, технологиялар шығып жатыр. Мектеп оқушыларының ойында ағылшын тілін болашақ мамандық үшін  , интернет пайдалану үшін , ағылшын тіліндегі әндерді түсіну үшін , саяхаттау үшін , шетелдік достармен сөйлесу үшін қолданамыз деген ойларынан алшақтатуымыз керек. Ағылшын тілін игеру болашағыңның ғана емес, тұтастай ұлтыңның болашағының жарқын болуының кепілі екенін аңғартуымыз қажет.

Әдебиеттер:

1)  Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы - 2012 жыл
2) «Айқын» газеті, жаңа басылым «Еліміздегі ағылшын тілінің рөлі»
3) Шетел тілін оқыту әдістемесі №4 (48) 2012

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жанар

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Мектепалды даярлық сынып

Методика проведения подвижной игры для младшего дошкольного возраста.

Материалда кіші жастағы балаларға арналған қимылды ойындарды таңдау және өткізу жолдары, балаларды алдын ала дайындау мен қозғалыс дағдыларын қалыптастыру тәсілдері сипатталады.

Жанар 4 мин 49 оқылым
Қазақ әдебиеті

Ахмет Байтұрсынов шығармаларының тәрбиелік мәні

Мәтінде Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» мен «Маса» жинақтарындағы ағартушылық ойлар, халықты білімге, еңбекке және адамгершілікке шақыруы сөз болады.

Жанар 6 мин 91 оқылым
Жалпы рубрика

«Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы»

Сынып сағатында қыз баланың әдептілігі, инабаттылығы мен ұлттық тәрбиесі сөз болады. Материалда мақсат, көрнекілік және қыздарға арналған кеңестер қамтылған.

Жанар 3 мин 85 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Ұстаз ойы

Педагог-психолог: Архитектор души и проводник к гармонии

Материалда педагог-психологтың балаларға эмоциялық қолдау көрсетудегі, олардың қабілетін ашудағы және үйлесімді қарым-қатынас қалыптастырудағы рөлі баяндалады.

Сембаева Ардақ Мауленовна 2 мин 60 оқылым
Ұстаз ойы

Бала тәрбиесі – болашақ тәрбиесі

Қазіргі қоғамға жүктелген ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, сапалы білім беру. Егер адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, мұның орнын…

Айтжанов Райымбек Алуадинов 3 мин 34 оқылым
Ұстаз ойы

Болашақ мұғалімдердің кәсіби дамуы: теориядан практикаға

Бүгінгі студент-ертеңгі маман. Бұл қағида жоғары білікті мұғалімдерді қалыптастыруға бағытталған білім беру стратегияларының негізінде жатыр. Оқу процесін педагогикалық және психологиялық тұрғыдан түсінуде мұғалім мен…

Койшыгулова Айзада 3 мин 97 оқылым