Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ағашты көркемдеп өңдеу

Уметяров Максат Яубасарович
3 мин оқу 499 оқылым

Уметяров Максат Яубасарович

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ағашты көркемдеп ою тәсілдерін меңгерту.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Өткен материалдарды қайталау.

А)Ағаштың қандай түрлерін білесіңдер?

Ә) Ағаш өңдеу құралдарын атап шығыңдар.

Б) Ағаштың текстурасы дегеніміз не?

В) Ағаштан бұйымдар жасайтын адамды қалай атайды?

  1. Жаңа сабақ. Ағаш-табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Ерте заманнан-ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Олар ағаштан аң аулауға қажетті аша таяқ, найза, қада, жебе т.б. заттар жасаған. Адам ағаш өңдеуді тез үйренген. Өйткені ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерін, қамалдар мен ыдыс-аяқтар жасаған.

Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған.

Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі — бұл ағашты көркемдеп, өңдеу. Ертеден-ақ көшпелі халық  тұрмысына қажетті заттарды өздері жасап отырған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, әбдіре, киім ілетін-адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен жасаған.

Ағаштан жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тараған түрлері жұпаяқ, күбі, ағаштан бүтіндей ойылған астау, келі-келсап, асадал. Бұл бұйымдарды шеберлер күмістен, сүйектен жасалған ою-өрнектермен әрлеген. Ағаш үйдің бөлшектерін ою өрнектермен әшекейлеп безендірген. Халық шеберлері жасаған осындай заттар қазір еліміздің музейлерінде сақтаулы.

Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаш қажет, нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді салу, әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Жұмысқа бұтақсыз жұмсақ  ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.

Өрнек дегеніміз- кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. Ал ою дегеніміз, бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Ою-өрнектердің бір түрі

Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу. Осы сәндеу, әсемдеудің бір түрі, яғни хайуанат, жан-жануар және өсімдік белгілері мен мүшелері немесе геометриялық фигуралар іспеттес элементтердің үнемі ырғақты қайталап, симметриялы орналасқан көркем өрісі мен құрылымын ою деп атаймыз.

Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі- геометриялық бейнедегі өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетінде геометриялық сурет салу арқылы жасалады.

Екінші тәсіл-өрнекті салғанда, оның ізін пышақпен тігіп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап жонып алады. Мұндай оюларды бірнеше әдістермен орындайды: біріншіден, өрнектердің жиектерін дөңестеп, жұмырлай жиектеп өрнекке кеңістіктегі көрініс береді;

екіншіден, өрнектердің сыртқы жиегін өрнек денесінің ортасынан да ойықшалап бедер беріледі; үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің түбін бедерлеп, бедерлі өрнектің мәніне қарай таңдап, бедер беру тәсілімен орындайды.

Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады.

-          бұйымның негізін талаптарға сай тазалау;

-          бұйымдарды бояу, оған әр беру;

-          боялған бұйымдарды тазалау, лактау.

Қауіпсіздік ережесінің сақталуын қатаң тексеру. Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар: Ол жүйелеу, үйлестіру ұғымын білдіретін латын сөзі. Өнердің барлық саласында композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз.

Қорытынды.

«Үтір» (қайырма), «үшбұрыш» және «сыңар қанат» түріндегі өрнектерді тақтай бетіне салып үйренеміз, іске сәт!

Оқушыларды бағалау, жақсы жұмыстарды  көрмеге алу.

Үйге тапсырма: дайындаған ою-өрнекті көркемдеп өңдеу, аяқтау және «Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы» тақырыбына реферат жазу.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Уметяров Максат Яубасарович

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Технология

Жасанды интеллект деген не және ол қалай жұмыс істейді: Қазақстанға әсері мен нақты мысалдар

Жасанды интеллекттің смартфон, көлік, чип және космоста қалай қолданылатыны, Қазақстанға берер пайдасы мен ықтимал қатерлері нақты мысалдармен түсіндіріледі.

Bilimger Media 2 мин 35 оқылым
Технология

Жасанды интеллект деген не және ол қалай жұмыс істейді?

Жасанды интеллекттің деректерден қалай үйренетінін және Қазақстанда қай салаларда қолданылатынын біліңіз. Материалда оның мүмкіндіктері мен ықтимал қатерлері де қарастырылады.

Bilimger Media 2 мин 41 оқылым
Технология

Жасанды интеллект деген не және ол қалай жұмыс істейді: қарапайым түсіндірме

Жасанды интеллект дерек пен ықтималдық арқылы қалай жұмыс істейтінін біліңіз. Материалда оның смартфон, көлік және космостағы қолданылуы мен негізгі қауіптері түсіндіріледі.

Bilimger Media 1 мин 48 оқылым
Технология

Жасанды интеллект деген не? Қазақстанға әсері, қолдану жолы және қауіптері

Кеше ғана ұшаққа билет іздеп отырған адамға бір чат-бот бір минутта маршрут құрып берді. Сол сәтте ол тек кеңесші емес, дерек өңдеуші, аудармашы, жоспарлаушы болып шықты. Дәл қазір жасанды интеллект осылай байқалмай…

Bilimger Media 2 мин 28 оқылым