Мазмұнға өту

Ағаштарды көркемдеп өңдеу, орындық жасау

Bilimger Media 2 мин оқу 1 982 оқылым

Тоқтамыс Сәбит

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ағаштарды көркемдеп өңдеу,  орындық жасау.

Сабақтың білімділік мақсаты: ағаш қалдықтарын тиімді пайдалануға, құрал- жабдықтармен дұрыс жұмыс істеуге және сыйлыққа арналған бұйымдарды дайындауға үйрету.

Дамытушылық мақсаты: шығармашылық жобалар жасауға үйрету, күрделі бұйымдарды дайындату арқылы ой — өрісін дамыту. Өз беттерінше ізденуге қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: оқушылраға эстетикалық ақыл – ой және еңбек тәрбиесін беру.

Сабақтың көрнекілігі: қолдан дайындалған нұсқау карта, орындықтың дайын үлгісі, құрал – жабдықтар, құм қағаз,лак.

Пәнаралық байланыс: сызу,бейнелеу өнері

Сабақтыңтүрі: ашықсабақ.

  1. Ұйымдастырукезеңі.

Оқушылардыңсабаққадайындығынтексеріп, шеберханатазалығынаназараударамын. Кезекшіқұрал-саймандардытаратыпбергенсоң, құралдардыңжұмысқажарамдылығынтексеріпшығамын.

Ағашты қолмен өңдеу өңдеу кезінде еңбек қауіпсіздігін сақтау.

  1. Жұмысты бастамас бұрын жұмыс орнын дайындап алыңдар.
  2. Жұмыс орнында артық заттар ұстамаңдар.
  3. Жұмыс орнын тек арнайы қылшықпен тазалаңдар.
  4. Жоңқалар мен үгінділерді қолмен сыпырып тастауға немесе үрлеуге болмайды.
  5. Тек ақауы жоқ құралдармен жұмыс істеңдер.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Күнделікті тұрмыста ағаш бұйымдарын көптеп кездестіресіндер. Көптеген үйде кездесетін сандық, кебеже, келі, күбі сияқты бұйымдардың барлығы жиде, қарағаш, тораңғыл, көк тал, т.б. ағаштардан жасалған. Міне, осы ағаш қалдықтарының өзінен-ақ сәнді сыйлық заттар жасауға болады.

Бүгінгі жасайтын бұйымымыз-  Орындық жасау. Бұл орындық балалардың қызығушылығын арттырады, өзім де құрастырсам деген ойға итермелейді.

Сарамандық жұмыс. Оқушылар жұмысты топ болып орындайды. Сызбада көрсетілген өлшемде 30х18 см көрсетілгендей Ағаш дайындап аламыз. Орындық негізі төрт элементтен құрастырылады.

а) Аяқтары 16 х16 см, ұзындығы 30x16 см етіп төрт дана кесіп аламыз. Оларды құм қағазбен тазалап болған соң, ортасынан 6 мм етіп өткерме тесіктер тесеміз.

б) Орындық беті 30х18 cм, ұзындығы  6 мм болатын өткерме тесіктер аяқтары мен бел ағаштарын құрастырып болған соң, бетңіне қойып тұрып белгіленеді.

в) Бел ағаштарын аяқтарға бекітерде өткерме тесіктерді тесу және құрастыру (бұрандамен)  бұрау,  сызбасына қарай отырып орындалады. Дұрыс құрастырылмаған жағдайда орындық қисайып қалады.

г) Аяқтар аралығын реттегіш рейканың өлшемі 20х10 мм, ұзындығы 180 мм етіп бір дана дайындалады. Орындық түгел құрастырылған соң орындықты жинап барып бекітеді.

Орындық жасаудың технологиялық карта.

№ Жұмыс тәртібі Қажетті құрал-саймандар. Сызбасы.
1 Орындық бетінің нақты өлшемдерін белгілеу. Сызғыш,қарындаш,

рейсмус,бұрыштама.

2 Орындық аяғының кесілген бөліктерін анықтау. Сызғыш,бүрыштама,қарындаш
3. Орындық,аяғының артық жерлерін кесу. Ұста үстелі,қарындаш,ара.
4. Кесілетін орындықты өңдеу,әрлеу. Ұста үстелі,қарындаш,егеу.
5. Орындықтың негізін құрау. Балға,ағаш,желімі,шеге.
6. Орындықтың бетін орнату,әрлеу,бояу,лактау. Балға,желім,ағаш бояуы,лак,тампон,қылқалам.

Сабақты қорытындылау. Оқушылардың топ бойынша жасаған бұйымдарының сапасын тексеріп, жұмыстарының нәтижесін, кемшіліктерін көрсетіп шығамыз.

—Міне оқушылар, туған жердің сұлу ағаштарының қалдықтарының өзінен-ақ қандай әсем бұйым жасауға болады. Туған жер табиғатын аялап, күтуге үйреніңдер. Табиғат біздің ұлттық байлығымыз. Ағашты дұрыс өңдеп, небір әсем бұйым жасауға болатынына көздерің жетті. Енді өздерің ізденіп көрулерің керек.

Үйге тапсырма: ағашты көркемдеп өңдеу тақырыбы бойынша асханалық тақтайшаның, сыйлыққа арналған жобасын жасап келіңдер.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Технология

Жасанды интеллект деген не және ол қалай жұмыс істейді: Қазақстанға әсері мен нақты мысалдар

Алматыда бір дәрігер рентгеннен көрінбеген сынықты жасанды интеллект ұсынғаннан кейін тапқан жағдай бар. Ұқсас сценарий қазір көлік, смартфон, чип, компьютер және космос жүйелерінде де қайталанып жатыр. Ең қызығы — бұл…

Bilimger Media 32 оқылым 2 мин
Технология

Жасанды интеллект деген не және ол қалай жұмыс істейді?

Смартфон камерасы бетті танып, көліктегі көмекші жолақты өзі ұстап тұрса, сіз экраннан бірдеңе теріп үлгермейсіз. Сол сәтте жасанды интеллект артқы планда жұмыс істеп жатады. Ол «ойлап таппайды» — деректерден үлгі…

Bilimger Media 39 оқылым 2 мин
Технология

Жасанды интеллект деген не және ол қалай жұмыс істейді: қарапайым түсіндірме

Кеше ғана смартфондағы камера бетіңізді танып, автокөліктің навигациясы кептелісті өзі болжады. Ал сол сәтте бір чип мыңдаған есепті қатар орындап тұрды. Мұның бәрі — жасанды интеллект. Не болып жатыр — контекст…

Bilimger Media 46 оқылым 1 мин
Технология

Жасанды интеллект деген не? Қазақстанға әсері, қолдану жолы және қауіптері

Кеше ғана ұшаққа билет іздеп отырған адамға бір чат-бот бір минутта маршрут құрып берді. Сол сәтте ол тек кеңесші емес, дерек өңдеуші, аудармашы, жоспарлаушы болып шықты. Дәл қазір жасанды интеллект осылай байқалмай…

Bilimger Media 27 оқылым 2 мин