Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Bilimger Media
3 мин оқу 157 оқылым

Менгельс Арай
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Гагарин ауылы,
«Талғат Бигелдинов атындағы ЖББМ» КММ
10 «А» сынып оқушысы 


Абайдың «Ғақлиат» немесе «Қара сөздер» деп аталатын прозалық шығармалары – қазақ халқының рухани алтын қазынасы. Бұл туындылар тек әдеби мұра ғана емес, тұтас бір ұлттың ойлау мәдениетін, адамгершілік болмысын, өзін-өзі тану жолын айқындайтын философиялық еңбек. Қара сөздер бүгінгі таңда да қоғамдық даму мен ұлттық бірегейлік мәселелерінде өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Қара сөздер – көлемі шағын болғанымен, мағынасы терең мұра. Абай әрбір ғақлиатты үлкен жауапкершілікпен, терең пайыммен жазады. Ол адам болмысының түп-тамырын ашып, мінез-құлықтың, ақыл мен парасаттың мәнін түсіндіреді. Ахмет Байтұрсынұлының: «Абай сөздері дүниеде қалғаны — қазаққа зор бақ» деуі де сондықтан.

Абай еңбектерінде адам болмысы, моральдық тазалық, қоғамдық жауапкершілік, рухани кемелдену сияқты мәңгілік тақырыптар қозғалады. Ақын қара сөздері арқылы қоғамдағы кемшіліктерді сынап қана қоймай, оларды түзетудің жолдарын да ұсынады. Оның «Адам бол — адамдықпен», «Ғылымсыз ақыл, мінез болмайды» деген ойлары бүгінгі күн үшін де маңызын жойған жоқ.

Жалпы, қара сөздер – ойландыратын, жүрекке жететін терең философия. Абай адам мінезін, ішкі жан дүниесін, қоғамдағы орнын дәл суреттеп, ұлтты рухани жаңғыруға үндейді. Қазіргі заманда қара сөздер жас ұрпақ үшін өмірлік бағдаршам іспетті.

Қорытындылай келе, Абайдың қара сөздері – қазақ халқының рухани айнасы. Қара сөздерді оқу – тарихты тану, болашақты түсіну. Бұл сөздердің керек емес жері де, кіріспейтін саласы да жоқ. «Жақсының аты өлмейді» — Абайдың өзі де, сөзі де өлмейді. Лев Толстойдың «Абайдың сөздері — адамды түзейтін ілім» деуі соның дәлелі.

Бұл мақалада қара сөздер жайлы бекер айтылып отырған жоқ. Себебі осы шағын еңбектің өзінде үлкен өмірлік тәжірибе жатыр.

2023 жылы 7-сыныпта оқып жүргенімде Абайдың қара сөздерін жатқа айтуға арналған сайыс өтетін болды. Ұйымдастырушылар — мектебімізді бітіріп кеткен түлектер еді. 1-орынға 50 мың теңге сыйақы берілетінін естігенде, менде үлкен үміт пайда болды. «Жаттап көрейін, бәлкім, маған бұйырар» деп ойладым.

Сайысқа мектептен бірнеше оқушы қатысатынын біліп, бәрін өзіме қарсылас санадым. Сол күні үйге келіп, 1-қара сөзді оқып, тілімді жаттықтырып, рөлге кіре бастадым. Оңай емес екен, философиясы өте терең. 1-қара сөзді үш күн бойы жаттадым.

Кейін өзіме «45 күнде 45 қара сөз жаттаймын» деп уәде бердім. Алайда бұл уәдемде тұра алмадым. Уақыт өте келе 45 қара сөзді толық жаттау оңай емес екенін түсіндім. Күн сайын барымды салдым: бірде 4, бірде 5 қара сөзден жаттауға тырыстым.

Егер тез жаттап үйренгіңіз келсе, айнаға қарап жаттаңыз, интонациямен оқыңыз, рөлге кіріңіз. Сонда мәтін есте жақсы сақталады. Бұл — менің өз тәжірибемнен алған лайфхагым.

Сайыс болатын күн де келіп жетті. Айна алдында тұрып, жаттаған қара сөздерімді қайталап, ауылымыздағы клубқа жол тарттым. Мұндай жауапты сайыс өмірімде алғаш рет өтіп тұрды.

Залға халық жиналып, қатысушылар қатты қобалжып тұрды. Сайыс басталды. Алдымен 5-сынып оқушысын шақырды, одан кейін менің атым аталды. Алдыңғы қатысушы қатты қобалжып, жылап жіберді де, оның орнына мен шықтым.

Мен де толқып тұрдым, бірақ үздіксіз дайындықтың арқасында мүдірмей айтып шықтым. Ойымды басқа жаққа бөлмей, сұралған 10–15 қара сөзге толық жауап бердім.

Марапаттау сәті келгенде, жаныма кітапханашы келіп: «Сен — 1-орындасың!» деп сыбырлап айтты. Мен қатты таңғалмадым, себебі жеңетінімді іштей сезіп тұрған едім. Нәтижесінде 1-орын иеленіп, 50 000 теңге сыйақыға ие болдым.

8-сыныпта қайтадан Абай сайысына қатыстым. Нәтижесінде аудандық кезеңде — 1-орын, облыстық кезеңде — 3-орын иелендім.
9-сыныпта сайыс онлайн форматта өтіп, 2-орын алдым.
10-сыныпта аудандық кезеңде — 1-орын, алайда облыстықта жүлделі орынға ие бола алмадым. Себебі,  өзіме тым қатты сеніп, босаңсып кеттім. Осыдан бір сабақ алдым: өзіңе сену керек, бірақ шектен тыс сенім де қауіпті.

Оқырман, сен қандай ой түйдің?

Менің түйінім:
«Өзіңе сен — өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап!»

Айтпақшы, қазір мен Абайдың 45 қара сөзінің 27-сін жатқа білемін. Бұл қара сөздер маған күнделікті өмірде көп көмегін тигізді. Бастапқыда сайысқа ақша үшін қатыссам, кейін қара сөздер өмірімнің ажырамас бір бөлігіне айналды. Өзіме жаңа хобби таптым.

Қара сөздің керек емес жері жоқ, кіріспейтін саласы жоқ!

Авторы
Менгельс Арай

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Оқушы

Тарихы тұғырлы Отырар

3-сынып оқушысының ғылыми мақаласында Отырардың Ұлы Жібек жолындағы орны, археологиялық мұрасы, қала мәдениеті және тарихи тағдыры қарастырылады.

Bilimger Media 6 мин 49 оқылым
Оқушы

Студенттердің жұмыс пен оқуды қатар алып жүруі

Студенттердің жұмыс пен оқуды қатар алып жүруі: қажеттілік пе, әлде таңдау ма? Қазіргі таңда көптеген студенттер білім алумен қатар жұмыс істеуді таңдайды. Бірі қаржылық тәуелсіздікке ұмтылса, енді бірі болашақ мамандығы…

Жұбат Жамила Саматқызы 1 мин 72 оқылым
Оқушы

Қазіргі қоғамдағы қыз тағдыры

Қазіргі қоғамдағы қыз тағдыры: мүмкіндік пен жауапкершілік Қыз бала – отбасының ғана емес, ұлттың да болашағы. Қазақ халқында «Қыз – қонақ», «Қыздың жолы – жіңішке» деген нақыл сөздер бекер айтылмаған. Бұл – қыз баланы…

Жұбат Жамила Саматқызы 2 мин 65 оқылым