Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Bilimger Media
4 мин оқу 774 оқылым

Абайдың отыз екінші қара сөзі — білім мен ғылымды үйренуге қойылатын талаптар туралы тағылымды шығарма. Ақын білімді шынайы ықыласпен іздеу, ақиқатты ұстану және мінезді сақтау секілді алты шартты түсіндіреді. Төменде қара сөздің толық мәтіні мен негізгі ойына қысқаша түсіндірме берілді.

Абайдың отыз екінші қара сөзінің толық мәтіні

ОТЫЗ ЕКІНШІ СӨЗ

Абайдың отыз екінші қара сөзінің негізгі ойы

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен  табылмас.

Бірінші шарт: білімге шынайы құмарлық

Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Білімді өзге мақсатқа ғана құрал етпеу

Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі.  Шала мейір шала байқайды.

Екінші шарт: ақиқатты білуге ұмтылу

Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас - өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден  де  қашық болмайды.

Үшінші шарт: таныған ақиқатты берік ұстану

Үшінші - әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?

Төртінші шарт: ой елегі мен есте сақтауды дамыту

Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза қылу, екіншісі - берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.

Бесінші шарт: салғырттықтан сақтану

Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі   деген   төрт   нәрсе   бар.   Содан   қашық   болу   керек.   Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі - құданың, екінші - халықтың, үшінші - дәулеттің, төртінші - ғибраттың, бесінші - ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде  бұлар болмайды.

Алтыншы шарт: мінездің беріктігін сақтау

Алтыншы - ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!

1895

Отыз екінші қара сөздің тәрбиелік мәні

Абайдың ойынша, білім алу тек мәлімет жинау емес: адам оны шын ниетпен іздеп, ақылмен саралап, бойына сіңіруі керек. Орынсыз дау мен мақтан білімнің мақсатын көмескілейді, ал салғырттық үйренгенді ұмыттырады. Сондықтан ақын ақиқатты ұстануды, ойды қорытып есте сақтауды және мінез тұрақтылығын қатар қояды. Бұл тұжырымдар оқушыға да, өмір бойы білімін жетілдіргісі келетін жанға да маңызды.

Жиі қойылатын сұрақтар

Абайдың отыз екінші қара сөзінде не туралы айтылады?

Шығармада білім-ғылым үйренудің алты шарты, білімге деген ықылас, ақиқатты іздеу, ойды сақтау және берік мінез туралы айтылады.

Отыз екінші қара сөздің негізгі идеясы қандай?

Білімді шынайы мақсатпен үйреніп, ақыл мен мінезді қатар тәрбиелеу қажет. Үйренген ақиқатты берік ұстанып, салғырттықтан сақтану керек.

Абай білімді қалай үйренуді ұсынады?

Абай білімді атақ не дау үшін емес, ақиқатты тану үшін үйренуге, ой елегінен өткізіп есте сақтауға кеңес береді.

Қатысты материалдар

Соңғы жаңарту: 6 қазан 2026, 08:29

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Абай Құнанбайұлы

"Әзім әңгімесі" поэмасы. Абай Құнанбайұлы

Абай Құнанбайұлының «Мың бір түн» желісімен жазылған поэмасында жетім Әзімнің өмірі, өнері және жұмбақ шалмен кездесуі баяндалады.

Bilimger Media 13 мин 94 оқылым
Абай Құнанбайұлы

Масғұт поэмасы. Абай Құнанбайұлы

Абай Құнанбайұлының «Масғұт» поэмасында кейіпкер үш жемістің бірін таңдайды. Осы оқиға арқылы ақыл, дәулет пен адам қалауы туралы ой қозғалады.

Bilimger Media 5 мин 212 оқылым
Абай Құнанбайұлы

Ескендір поэмасы. Абай Құнанбайұлы

Абай Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасында Македония патшасының жорықтары мен шөл далада кездескен бұлақ оқиғасы баяндалады.

Bilimger Media 5 мин 951 оқылым
Абай Құнанбайұлы

Интернатта оқып жүр

Абайдың «Интернатта оқып жүр» өлеңінде білімге ұмтылу, адалдық және мансапқорлық мәселелері қозғалады. Материалда өлеңнің мазмұны мен негізгі ойы берілген.

Bilimger Media 1 мин 127 оқылым