Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Абайдың қара сөздері. Он бірінші сөз

Автор

Bilimger Media
1 мин оқу 34 оқылым

ОН БІРІНШІ СӨЗ

Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі - ұрлық, ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып, тағы да байимын деп жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып пайдаланам деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші - бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең кеп боласың, бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп, ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр. Кім азса, мен соған керек боламын деп, к...н қыздырып алып, өзін бір ғана азық қылайын деп жүр.

Ұлықтар пәлі-пәлі, бұл табылған ақыл деп, мен сені бүйтіп сүйеймін деп, ананы жеп, сені бүйтіп сүйеймін деп, мынаны жеп жүр. Қара халық менің сонша үйім бар, сонша ауыл-аймағыммен сойылыңды соғайын, дауыңды айтайын деп, қай көп бергенге партиялас боламын деп, құдайға жазып, жатпай-тұрмай салып жүріп басын, ауылын, қатын-баласын сатып жүр. Осы бір ұры, бұзақы жоғалса, жұртқа ой да түсер еді, шаруа да қылар еді. Бай барын бағып, кедей жоғын іздеп, ел секілденіп талапқа, тілеуге кірісер еді. Енді жұрттың бәрі осы екі бүлік іске ортақ, мұны кім түзейді? Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме? Ұрыны тыю да оңай болар еді, бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын, азатұғын байларды кім тыяды?

1892

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Абай Құнанбайұлы

"Әзім әңгімесі" поэмасы. Абай Құнанбайұлы

Абай Құнанбайұлының «Мың бір түн» желісімен жазылған поэмасында жетім Әзімнің өмірі, өнері және жұмбақ шалмен кездесуі баяндалады.

Bilimger Media 92 оқылым 13 мин
Абай Құнанбайұлы

Масғұт поэмасы. Абай Құнанбайұлы

Абай Құнанбайұлының «Масғұт» поэмасында кейіпкер үш жемістің бірін таңдайды. Осы оқиға арқылы ақыл, дәулет пен адам қалауы туралы ой қозғалады.

Bilimger Media 208 оқылым 5 мин
Абай Құнанбайұлы

Ескендір поэмасы. Абай Құнанбайұлы

Абай Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасында Македония патшасының жорықтары мен шөл далада кездескен бұлақ оқиғасы баяндалады.

Bilimger Media 868 оқылым 5 мин
Абай Құнанбайұлы

Интернатта оқып жүр

Абайдың «Интернатта оқып жүр» өлеңінде білімге ұмтылу, адалдық және мансапқорлық мәселелері қозғалады. Материалда өлеңнің мазмұны мен негізгі ойы берілген.

Bilimger Media 125 оқылым 1 мин