Математика әлеміне саяхат
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат».
Мақсаты: Балалардың білімдерін тиянақтау. Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып, түсін ажырата білуін жетілдіру. Санмен санау түсініктерін қалыптастыру. Сандарды тура және кері санауға үйрету. Ойын арқылы баланың қиялын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: Көркем әдебиет.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау.
Көрнекіліктер: слайд, бауырсақ ертегісінің кейіпкерлері бейнеленген суреттер және тапсырмалар.
Құрал-жабдықтар: сиқырлы кілемше, пішіндер қорапшасы, тақта, түрлі-түсті қақпақтар.
Сөздік жұмыс: Бауырсақ, қоян, аю, түлкі, қасқыр, сиқырлы кілемше.
Оқу қызметінің барысы:
Қанекей барлығымыз шаттық шеңберін орындайық.
Шаттық шеңбері:
Жарқырап күн ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Күлімдесін көкте күн,
Біле жүрсін бүлдіршін.
Қыз қолыңда гүл тұрсын
Ұл қолыңда ту тұрсын
Қайырлы таң балалар
-Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберін орындайды.
-Балалар қараңдаршы,бүгінгі бізге келген қонақтармен амандасайық.
-Сәлеметсіздерме!
-Балалар қәзір жылдың қай мезгілі?
-күз мезгілі
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-Күз мезгілінің айларын атайықшы
Қыркүйек,Қазан,Қараша
-Қәзір қайсы ай?
– Қараша
-Бір аптада неше күн?
-жеті күн бар.
-Бүгін аптаның қай күні?
Сейсенбі.
-Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі күніміз ерекше болғалы тұр.
Бүгінгі ашық оқу қызметі: «Математика әлеміне саяхат» деп аталады.
-Математика әлеміне немен баруға болады?
-Машинамен, автобуспен, ұшақпен
-Балалар математика әлеміне бізді сиқырлы кілемше апарады, отырыңдар.
Сиқырлы кілемшенің сиқырлы сөздері бар екен. Кәне бәріміз бірге сиқырлы сөздерін айтайық: «Бір, екі, үш, сиқырлы кілем, ұш»
-Міне, математика әлеміне де келдік.
Ғажайып сәт.
Математика әлемінің ханшайымы келеді.
Ханшайым:
-Сәлеметсіңдерме, балалар!
Математика әлеміне қош келдіңіздер! Мен математика әлемінің ханшайымымын. Сендердің математика әлеміне көмектерің керек. Бауырсақты жабайы аңдардан құтқару керек. Жабайы аңдардың тапсырмасы бар екен. Жабайы аңдардың тапсырмасын орындамасақ бауырсақты жеп қояды. Мен сол тапсырмаларды ала келдім.
Математика әлемінің ханшайымының айтқанын тыңдайды.
Тәрбиеші сөзі:
-Балалар бауырсаққа көмектесемізба?
Қоянның тапсырмасы: «Сандарды ретімен орналастыр, Тура және кері сана»
Дөңгелекте бұрыш жоқ
Қасқырдың тапсырмасы: «Геометриялық пішіндерді ата»
Ойынға белсене қатысады.
Аюдың тапсырмасы: «Логикалық тапсырмалар»
1.Бағдаршамның неше көзі бар?
2.Оң қолыңда неше саусақ бар?
3.Ағашта бес алма бар. Бір алмасы жерге түсті. Ағашта неше алма қалды?
4.Дөңгелекте неше бұрыш бар?
Дидактикалық ойын: «Текшені қағып ал да, санды ата»
Шарты: Текшені лақтырған кезде қағып алып, текшедегі санды айтады.
Сергіту сәті.
«Аяқпенен топ-топ-топ» әніне билейді.
Балалар түлкінің тапсырмасын орындау үшін ,көлдегі тастардан аттап өту керек.
Түлкінің тапсырмасы: Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының эмблемасына пішіндердің түстеріне қарай, қақпақтарды орналастыр.Гүлдің күлтелерінің түстеріне қарай, қақпақтағы сандарды орналастыр.Балалар екі топқа бөлініп орындайық.
Ханшайым сөзі:Жарайсыңдар, балалар!
Аңдардың барлық тапсырмаларын керемет орындадыңдар.Бауырсақты аңдардан құтқардыңдар.Сол кезде бауырсақ келеді. Бауырсақ сөзі:балалар сендерге көп-көп рахмет!Ормандағы аңдардың тапсырмаларын орындауға көмектестіңдер.Жарайсыңдар,балалар!Өте ақылды,білімді балалар екенсіңдер!Ризамын,рахмет! Тәрбиеші сөзі:Балалар математика әлеміне естелікке гүлді, математика ханшайымына берейік.Ал қыран құсты балабақшамызға ала кетейік.Ханшайыммен, бауырсақпен қоштасайық.Сау болыңдар! Балалар біз сиқырлы кілемшеге отырып, балабақшаға оралайық.Кәне бәріміз бірге сиқырлы сөздерін айтайық. «Бір,екі,үш, сиқырлы кілем ұш».
Қорытынды.
-Балалар біз қайда бардық?
Математика әлеміне саяхатқа бардық
-Сендерге математика әлеміндегі саяхат ұнадыма?
-иә ұнады
-Біз кімдердің тапсырмаларын орындадық?
-Аңдардың тапсырмаларын орындадық Мадақтау:Жарайсыңдар,балалар!
Бүгінгі ашық оқу қызметіне белсене қатыстыңдар.
Тапсырмаларды керемет орындадыңдар. Бағалау:Сендерге көңілді смайликтер беремін.
Балалар қуанады
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718