«Алма» ертегісі.

Білім беру саласы : «Қатынас», «Таным», «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі : Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Алма» ертегісі.

Мақсаты:

Дамытушылық: Алма ертегісін әңгімелеп беру арқылы,  ертегі тыңдауға қызығышылығын  ояту, мазмұнын түсіне білуге үйрету, ой-өрісін, қабілетін дамыту.

Білімділік: балаларға қайырымдылық, достық туралы түсінік беру

Тәрбиелік: татулыққа, бірлікке, бір-біріне көмек беруге тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Тақырыпқа сай суреттер, алма ағашы, қарға, аю, қоян, кірпі, көлеңке  театры. «ЕduQuest» жүйесі

 

               Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 

I.Кіріспе бөлім

 

– Саламатсыңдарма балалар?

Бізге қонаққа  апайлар келіпті (балалар амандасады).

Балалар  мен сендермен ойын ойнағым келіп отыр.

Ойын: «Тұтас затты құрастыр»

Мақсаты: Балаларды бөлшектен бүтін  сурет шығаруға үйрету, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиеші: -Балалар суретте қай мезгіл бейнеленген?

Балалар :  Суретте күз мезгілі бейнеленген.

Тәрбиеші:-Күз мезгілінің  қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

Балалар: күз мезгілінде ауа-райы салқын болады.Құстар жылы жаққа ұшады.Жемістер, көкөністер піседі.

Триз ойыны: «Ғажайып сандық»

 

  1. Негізгі бөлім

 

Тәрбиеші: Балалар сендер ертегіні тыңдағанды  жақсы көресіңдер  ма?

-Ендеше, мен бүгін «Алма»ертегісін айтып беремін,зейін қойып мұқият тыңдаңдар.

Тәрбиеші: «Алма» ертегісін көлеңке театры арқылы әңгімелеп береді.

Тәрбиеші:  Ертегі ұнады ма?

Балалар:  Ия, ертегі ұнады

-Достар бір-біріне қандай болу керек?

Балалар: Достар бір-біріне адал, өтірік айтпау керек,барлығы бірге ойнау керек.

Ғажайып сәт: Топқа  Қарға ұшып келіп, телеграмма алып келеді. Қонаққа тифлопедагог келеді.

Тифлопедагог: Балаларға көзге арналған жаттығу жасайды. Ойын ойнатады.

Дидактикалық ойын: «Жасырынған алманы тап»

-Жарайсыңдар балалар.

Тәрбиеші: Балалар менің қолымнан нені көріп тұрсыңдар ?

Осы түрлі-түсті шарларды бір-біреуден алып, түстеріне сәйкес топтасамыз.

I топ Қызыл түсті шарларлар  ойыны: «Көлеңкесін тап»

Мақсаты:  есте сақтау, көру қабілетін дамыту.

II топ Сары түсті шарлар ойыны: «Ретімен орналастыр және артығын тап»

Мақсаты: «рет» жайлы түсініктерін  кеңейту.

III топ Күлгін түсті шарлар ойыны: «Жартысын тап» (Эдуквест)

Мақсаты: заттардың бөлігін табуға үйрету.

Сергіту сәті: «Кім жылдам»

Тілге арналған жаттығу.

Ян-ян-ян

Секеңдеген ақ қоян

Ю-Ю-Ю

Қорбаңдаған аю

 

  III. Қорытынды бөлім

 

      Тәрбиеші: Фланелеграф  тақта көмегімен сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылау.Балалар сұрақтарға жауап береді, ертегі кейіпкерлерін орын-орындарына қояды.

Тәрбиеші: Балалар ертегі ұнады ма?

Ертегі не жайлы екен?

Бірінші алманы кім көрді?

Қоян кімнен көмек сұрады?

Алма кімнің үстіне түсті?

Олардың татуласуына кім көмектесті?

Достар бір-біріне қандай болу керек?

Жарайсыңдар балалар! Оқу қызметі аяқталды

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады:   ертегі кейіпкерлерін  атай алады

Түсінеді: ертегі мазмұнын

Қолданады:   бір-біріне достық  көмекті

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *