Жоғары оқу орындарында білім беру жүйесінің ерекшеліктері

Чемирбаева М.Б.

Бизнес-технологиялар кафедрасының аға оқытушысы

Турлыбекова Н.М.

Бизнес-технологиялар кафедрасының аға оқытушысы

Товма Н.А.

Бизнес-технологиялар кафедрасының  (PhD) докторы,  доцент м.а

 

 

Жоғарғы оқу орнында білім беру жүйесінің жоғарғы көрсеткіші қазіргі уақытта әлемдегі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты өзекті тақырыптардың бірі болып табылуда. Елдің мәртебесі оның білім беру жүйесімен, әлеуетін іске асыру деңгейімен анықталатыны белгілі, оның негізгі көрсеткіші әлемдік жоғары оқу орнының рейтингі болып саналады. Жоғары оқу орны мәртебесін әлемдік сарапшылардың бағалауына қосу, атап айтқанда жетекші әлемдік университеттермен тең немесе салыстырмалы ұстанымның болуы елдің жоғары білімінің бәсекеге қабілеттілігінің белгісі және инновацияларды уақтылы енгізудің нәтижесі ретінде салыстырылуы мүмкін. Мақалада жоғары білім беру саласының даму ерекшеліктері қарастырылады.

 

Кілтті сөздер: білім беру менеджменті, білім беру, Ұлттық университет, посткеңестік кеңістіктегі жоғары білім.

 

Жоғары оқу орындарының жетістіктерін алатын болсақ олардың әлемдік деңгейде танылуы, қазіргі уақытта білім беру қызметтерінің халықаралық нарығында жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігінің шешуші факторы болып табылады. Соңғы жылдары білім беру саласында жаһандану үдерістерінің дамуына байланысты талапкерлер үшін отандық университет жүйелері мен оқу орталықтары арасындағы инвестициялаудың әртүрлі нысандарында бәсекекелестікті байқауға болады. Жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингтерін жоғарылату әлемдегі білім беру саласындағы жаһандану және бәсекелестікті арттыру процестерімен байланысты. Егер университет әлемдік рейтингке жетекші орындарға мысалы: «Топ 10, Топ 50, Топ 100 немесе тіпті Топ 500» болса , онда бұл оның талапкерлер үшін ғана емес, жұмыс берушілер, инвесторлар үшін де тартымдылығын арттырады, сондай-ақ жоғары білім беру жүйесінде мемлекеттің қосымша субсидияларын қамтамасыз етеді [1].

Жаһандану және интеграциялық процестер жағдайында кеңестік дәуірден кейінгі елдердің жоғары білім беру жүйесін дамыту қажеттілігін алатын болсақ, олардың әлемдік жалпы білім беру стандарттарын қолдануға тиімділігін көрсетеді. Атап айтатын болсақ әлемнің барлық жетекші елдеріндегі 2500-ден астам жоғары оқу орындарын бағаласақ, жаһандық рейтингтік жүйе бұл процестерде маңызды рөл атқарады. Жоғары оқу орындарының рейтингтегі сол елдің тиісті имиджін қалыптастыруға және бірқатар маңызды параметрлер бойынша, мысалы, адами әлеуетті дамыту индексі, елдің бәсекеге қабілеттілігі және т.б. оның позициясын жақсартуға үлес қосуды қамтамасыз етеді. Яғни, рейтингтер жоғары білім беру ұйымдары тиімділігінің, олар ұсынатын қызметтердің сапасын жоғарғы сатыда көрсету жанама көрсеткіші болып табылады, нәтижесінде жоғары оқу орындары қызметінің параметрлерін бағалау, ол әдістемелерінің кең ауқымын қолдана отырып, күрделі кешенді процесс деп айтуға болады. Қазіргі уақытта академиялық қоғамда университеттердің рейтингтеріне немесе жоғары оқу орындарын бағалау критерийлері мен процедураларына немқұрайлы қарау, яғни оларға сәйкес келу дәрежесі деген екі жақты көзқарас қалыптасқан. Осылайша, рейтингтегі орын сол елдің жоғары оқу орындарында білім берудегі көрсетілетін қызметтің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасының көрінісі болып табылады.

Қазақстандық ғалымдар Аманкелдин А.А. және Шалабаева С.Е. еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жоғары кәсіптік білім берудің рөлін, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемаларын зерттеуде. Атап айтатын болсақ, Кирдасинова К.А. және басқа да авторлар Қазақстандық университеттердің, соның ішінде ұлттық университеттердің QuacquarelliSymonds (QS) халықаралық рейтингісіндегі жетістіктері туралы және бір жағынан шетелдік студенттердің жоғары білім туралы қазақстандық диплом алуға деген қызығушылығы барын және олардың алдында тұрған кедергілер туралы өз ғылыми еңбектерінде көрсетті. Осылайша, А.С. Епифанцева халықаралық білім беру рейтингтері, ол көрсеткен кемшіліктерге қарамастан, белгілі бір елдің жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігінің маңызды көрсеткіші мемлекеттің ұлттық инновациялық жүйесінің даму деңгейінің индикаторы болып табылады деп санайды [2].

Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарының жағдайы мен серпіні білім беру жүйесін зерттеушілер, шетелдік университеттердің, отандық және халықаралық білім беру және әлеуметтік-гуманитарлық ұйымдардың ынтымақтастығына мүдделі стейкхолдерлер үшін көбірек қызығушылық тудырады. Кейбір университеттер кеңес заманында қоғамда бедел мен құрметке ие болды. Яғни, Қазақстанда ең танымал жоғары оқу орындарының бірі қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті болып саналды [3].

Айта кетсек медициналық жоғарғы оқу арасында Алматы және Қарағанды; ауыл шаруашылығы институттары арасында – Қазақ ұлттық аграрлық университеті; техникалық институттар арасында – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті ерекше орын алады. Елімізде шет мемлекеттердің азаматтары қатарындағы қазақ диаспорасының өкілдеріне, атап айтқанда Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан азаматтарына білім беру гранттарының берілуі аталған елдердің азаматтары қатарындағы студенттер санының едәуір өсуіне себеп болды. Білім беру саласында Пәкістанмен мен Үндістан және Ауғанстан қол қойылған халықаралық келісімдердің бірқатар шарттарын орындау осы мемлекеттердің азаматтары қатарынан студенттер ағынының артуының негізгі көрсеткіші болып отыр [4].

Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан студенттер санының азаюы жағдайында шетелден білім алушыларды тарту ұлттық жоғары білім беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тиімді шешім болып табылады. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарын ірілендіру және өңірлік жоғары оқу орындарын қолдау басымдығын ұлғайту қажет деп есептеймін. Өңірлердегі отандық ғалымдардың жарияланымдық белсенділігіне кедергі келтіретін негізгі проблемалардың бірі шет тілдерін меңгерудің кәсіби деңгейінің жеткіліксіздігі және әлемдік үрдістерді жеткілікті деңгейде зерделеуге мүмкіндік бермейтін Thomson Reuters және Scopus базаларында индекстелген Халықаралық ғылыми журналдардың базаларына еркін қолжетімділіктің болмауы. Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде ғылыми кадрларға қойылатын біліктілік талаптарын негізсіз қатаңдату, бұдан басқа халықаралық ынтымақтастықты күшейту есебінен профессор-оқытушы құрамының ғылыми халықаралық жобаларға немесе ғылыми зертханалардағы қызметке қатысуы үшін бағдарламалар әзірлеу қажеттін кездстіруге болады [5].

Көптеген аймақтық университеттерде зертханалар мен жобалар түрінде ғылыми және материалдық базаның болмауы, яғни олардың нәтижелері ғылыми әлемде пікір алмасуға лайықты ғылыми әзірлемелердің көзі болып табылады.

Қорыта айтқанда, жоғары білім беру ұйымдарын беделді университеттік рейтингтерде ілгерілетелу тиімділігі әлемдік қоғамдастықтың қазақстандық жоғары кәсіптік білім берудің бәсекеге қабілеттілік деңгейін айтарлықтай жоғары бағалайтыны белгілі. Мемлекеттік жоғары оқу орындарының, оның ішінде ұлттық жоғары оқу орындарының басым қатысуы, олардың тиімді жұмыс істеу әдістері мен қолдау тетігін одан әрі құру туралы қорытындылауға болады. Қазақстан облыстарында ұлттық зерттеу оқу ұйымдарын құратын болса, өңірдегі білім жүйесінің дамуына маңызды жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру есебінен шалғай аймақтар әлеуметтік-экономикалық дамып бәсекеге қабілетті болуын ынталандырады. Нәтижесінде қазақстандық жоғары білім саласы үшін қызмет етудің ұқсас жағдайлары мен олар тап болатын проблемалардың салдарынан басқа мемлекеттердің, бірінші кезекте ТМД мемлекеттерінің тәжірибесі пайдалы болады деп ойлаймын.

 

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Kirdasinova K.A., Turmakhanbetova S.S., Shayakhmetova S.T., Mukadzhanova A.G. & Nurmukhametov N.N. (2016). Innovative development of the education system in the Republic of Kazakhstan. International Business Management, 10(16), 3449-3460
  2. Linton J., 2018. Quiet Contributors: The Role of the Arts, Humanities and Social Sciences in Innovation. Foresight,

3: 6-12. 3. Подберезкина А.И., Большова А.Н., Podberezkina O.A. (2012). Современные университеты – кузница идеи, технологии креативного класса. Modern universities are a forge of ideas, technologies and creative class] // Вестник Московского государственного института международных отношений, 2: 231-244.

  1. Rucker Schaeffer P., Fischer B., Queiroz S., 2018.Beyond Education: The Role of Research Universities in Innovation Ecosystems. Foresight, 2: 50- 61.
  2. Adambekova A.A. and Amankeldi N.A. 2015. The impact of government regulation on creating conditions to ensure quality of higher education. Actual Problems of Economy., 171: 89-98

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *