Балалық балғын шақтың еркелері

Тәрбие тал бесіктен

Халқымыз тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін дөп басып айтады ғой. «Тәрбие – тал бесіктен» деп, бесікте жатқан шарананы халық ауыз әдебиетінің інжу-маржанымен сусындатады. Бесік жырынан бастап, жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш жаттатып, жастайынан жұмбақ жасыру арқылы баланың дүниетаным шеңберін кеңейтуге мансұқ болған. Халықтың кемеңгер тәлімінде шек жоқ.

Міне, халықтық осындай тәрбиенің ізімен біз де алдымызға жәутеңдей келген бүлдіршіндерді өмір баспалдағына нық қадам бастыру жолында аянбай келеміз.

Балабақша – нағыз білім мен тәрбиенің бастауы. Біз – адамды өмірге тәрбиелейтін нағыз жанашыр жандармыз. Сәбидің іңгәлаған үнін қуанышты күлкімен өзгертіп, білім бастауы – бастауышқа алғашқы сауатын қалыптастырып беретін нұсқаушымыз. Осы жолда ертелі-кеш балдырғандардың былдырын білім жолына бағыттап, бүлдіршіндерге шығармашылық әлемді аралатамыз.

 

 

 

 

 

Барлық балада танымдық қызығушылық бар. Балалармен жұмыс жасау қызық әрі көңілді. Еркелей жүріп, өмірге құштар бөбектерді адам болуға үйрету – біз үшін шаршағанды басатын дәру.

 

Бегалиева Баян Көптілеуқызы

№21«Тоғжан» бөбекжай-бақшасының

 ІІ санатты тәрбиешісі

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *