“Көктемгі егістік”

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жылулық шеңбері.

Қол ұстасып тұрайық

Біз шеңберді құрайық

Амандасып алайық

Сәлеметсіздер ме!
Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметіміз қандай жыл мезгіліне арналғанын жұмбақ арқылы шешіп көрейік.

Жұмбақ жасырамын.

Қар, мұз еріп, су көбейіп,

Сай-салаға ағады,

Бүршік шашып, жапырақ ашып

Гүл бәйшешек басады

Ал, балалар айтыңдаршы

Бұл қай мезгілде болады? (көктем)

2.Негізгі бөлім

Көктем мезгілі бейнеленген слайдтарға назарларын аударады.

Балалар қарандаршы суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген?

Бала не істеп жүр?

Нелер ұшып келді?

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Наурыз айында қандай құбылыстар болады?

Сәуір айында қандай?

Мамыр айын да?

Балалар көктем айларын екі тілде айтып көрейікші

Билингвалдық компонент: көктем – весна

наурыз – март,

сәуір – апрель

мамыр – май

Адамдар не егіп жатыр?

Егістікте егінді немен егіп жатыр?

Балалар не істеп тұр?

Дұрыс айтасындар.

Балалар ағаш  егіп жатыр?

Ағашты қандай жыл мезгілінде егіп жатыр?

Тамаша.

Артикуляциялық  жаттығулар  жасайық.

Тем-тем-тем                               Аш-аш-аш                   Ақ-ақ-ақ

Келді көктем                              Ектік ағаш.                     Топырақ

Балалар кім көктем мезгілі туралы тақпақ біледі.

Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.

Балалар, біз көктем мезгіліндегі ағаштар секілді тербеліп сергіту сәтін жасап алайық.

Сергіту сәті: «Ағаш»

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай бұталар

Биік болып өседі.

Жақсы.

Енді, ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Жақсы, жаман»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.  Жақсылық, мейірімділік құндылықтар туралы білімдерін тереңдету.

Ойынның шарты: ортаға екі тақта қойылады, бір тақтада жарқыраған күннің көзі, екінші тақтада көңілсіз күннің көзінің суреті ілінеді. Балаларға суреттер беріледі жақсы қылықтармен және жаман қылықтармен. Балалар қолдарындағы суретті тақтаға іліп әңгімелеу.

Тосын сәт.

Балалар  тындандаршы біреу есік қаққан сияқты,

Балалар бізге пошташы апай қорап беріп кетті ішінде не бар екен қарайық

Ішінде флешка мен тұқым бар. Флешкада не жазылғанын тындап көрейік.

Мен, «Шалқан» ертегісіндегі атаймын, балалар маған бақшаға  көкөністер егуге көмектесіндерші.

Мен сендерге тұқым беріп жібердім. Көкөністерді қалай егу керектігін сурет арқылы беріп жібердім.

  1. Қорытынды

Балалар біз бүгін қандай жыл мезгілі туралы айттық?

Ойын ойнағанда қандай жақсы әдеттер  естерінде қалды?

Қандай ертегіден бізге хат келді?

Қандай көкөністер ектік?

Егу үшін біз не істедік?

Балалар сендерге көп рахмет.

Енді осы көкөністерімізді атайға беріп жібереміз.

Сендерге рахмет.

Келген қонақтарға да көп рахмет айтамыз

Сау болыңыздар.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *