“Ал, қане жастар”- сайысы

«АЛ, ҚАНЕ ЖАСТАР» САЙЫСЫ

(Зал әсем безендіріліп, көңілді музыка ойнап тұрады)

МАҚСАТЫ: Жастарды қоршаған ортамызды, Табиғат- ананы аялауға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

КӨРНЕКІЛІКТЕР: Табиғат туралы мақал- мәтелдер, ақын- жазушылардың шығармаларынан үзінділер.

САЙЫСТЫҢ ШАРТТАРЫ: топ мүшелеріне қойылатын басты талап- барлық сайыс шарттары табиғатпен байланысты болады.

  1. Топ, төсбелгімен, газетімен таныстыру.
  2. «Өнерім-өренім»- өнер көрсету.
  3. Мақал- мәтел сайысы
  4. Үй тапсырмасы
  5. Кім жылдам?
  • жүргізуші:

Армысыздар, қадірменді асыл халқым

Арта берсін абырой, атақ- даңқың

Ұстаздар аман ба екен, құрбы- құрдас

Замандас бірге оқып болған сырлас, – құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Ал қане, жастар» сайысына хош келдіңіздер?

  • жүргізуші:

Ақыл- адамды аздырмайтын ем

Білім- таусылмайтын кен

Адамның басшысы- ақыл

Жетекшісі- талап

Шолғыншысы- ой

Жолдасы- кәсіп

Қорғаны- сабыр

Қорғаушысы- мінез- деп Саққұлақ би айтқандай, бүгінгі сайысымызда студенттер өз ой- өрістерін, жылдамдықтарын, ұйымшылдықтарын ортаға салады.

  • жүргізуші:

Бүгінгі сайыстың басты талабы- орындалатын шарттардың барлығы тікелей табиғатпен байланыстырылып отырады.

 

  • жүргізуші:

Бұл сайысты біз алдағы келе жатқан «Халықаралық студенттер күніне» орай ұйымдастырып отырмыз.

 

  • жүргізуші:

Табиғат- алтын күнім, күміс айым

Шашылған жұлдыз меруерт түні сайын

Сөйлеші жерде бұлақ, көкте бұлт боп

Тіліңді түсінуге тырысайын

 

  • жүргізуші:

Табиғат- мөлдір жаңбыр, ұлпа қарым

Сергимін салып төске қыр самалы

Түлетіп ұшырса да ана құшақ

Сен жайған алақанда тұр табаным

 

  • жүргізуші: Сайстың шарттарымен таныстырып өтейін:
    1. Топ, төсбелгімен, газетімен таныстыру.
    2. «Өнерім-өренім»- өнер көрсету.
    3. Мақал- мәтел сайысы
    4. Үй тапсырмасы
    5. Кім жылдам?

 

 

 

  • жүргізуші: Сайысты бағалап, саралайтын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Шеберлікті, білімді

Сараптап сіздер көріңіздер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңіздер.

1.

2.

3.

 

1- жүргізуші:

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау

Сәт сапар тілеп бәріңізге

Сайысты біз бастадық

Көрсетіп өнерлеріңізді

Қалмаңыздар жасқанып

 

2-жүргізуші:

Басталады сайыс енді жоспарымен

Достарым, отырсыз ба елеңдесіп

Ата- салт, баба дәстүр жолыменен

Алайық біз әуелі сәлемдесіп

(Топтар өздерін таныстырады, төсбелгі, қабырға газеті)

 

 

 

 

  • жүргізуші:

Айтпағым- үмітіңді артып келіп

Ар- ождан түгел болса, тәртіп берік

Қарағым, далаңды сүй, жеріңді сүй

Көзіңнің қарасынан артық көріп- ендігі кезекте өнер сайысы. Топтарды ортаға шақырамыз.

 

(Топ мүшелері өз өнерлерін көрсетеді)

  • жүргізуші:

Бабалар табиғатты аялаған

Малын бағып, бауырын саялаған

Табиғатты «Ана» деп ардақ тұтып

Қамқорлығын ешқашан аямаған- деп халқымыздың табиғатқа етене жақын болуына тарихи қалыптасқан өмір салты да әсер еткен. Халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлшегі деп есептеп, оны аялауға, оған мейірімділік көрсетуге ерекше мән берген.

Қазіргі кезде өзіміз иелік етіп отырған кең байтақ жерді бабаларымыз аттың жалында, түйенің қомында жүріп, білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, сақтап қалуы тарихта теңдесі жоқ ұлы ерліктің белгісі. Ата- бабадан қалған мұрамыз- табиғат- ана жайлы мақал- мәтелдер сайысына кезек береміз.

(Топтар мақал- мәтелдер айтады)

  • жүргізуші: Сайысымыздың келесі шарты- үй тапсырмасы. Үй тапсырмасына табиғатқа байланысты кез- келген шығарма, сурет, макет- топтардың өз қиялына байланысты. Ал, құрметті топ мүшелері тапсырмаларыңызды әділқазылар алқасына көрсетіңіздер.

 

(Топтар үй тапсырмасын көрсетеді)

 

 

  • жүргізуші:

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма

Біліммен өнер жарысып

Тәрбие тәлім табар мән

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жылдам ойға, сол алда- ендігі кезек «Кім жылдам?» сайысында. Үш топқа үш сканворд беріледі, қыздар- картоп аршиды, ұлдар табиғат туралы шығарма жазады.

Топ  мүшелері шартты орындаймын дегенше кезекті бір тамаша әнге береміз.___________________________________________________________

 

  • жүргізуші:

Қайсысы білгір, білімді

Талабына қарайық

Кімдер зерек, кім жылдам

Таланттарын табайық

 

  • жүргізуші:

Әділ қазы алқасы

Сараласын бағалап

Кім жеңеді сайыста

Анықтайық даралап

 

  • жүргізуші: Қазылар алқасы қорытынды бағасын шығарғанша құлақ құрышын қандыратын бір ән тыңдайық.__________________________
  • Жүргізуші: Қазылар алқасына сөз береміз.

 

Жеңімпаздар анықталып, марапатталады.

 

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ __________________________________________________________________

 

САЙЫСТЫҢ ШАРТТАРЫ 1-    ТОП

 

2- ТОП 3- ТОП
1 ТАНЫСТЫРУ      
2 ӨНЕР САЙЫСЫ      
3 МАҚАЛ- МӘТЕЛ САЙЫСЫ      
4 ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ      
5 КІМ ЖЫЛДАМ      
  ҚОРЫТЫНДЫ БАҒА      

 

(БАҒАЛАУ 5 БАЛЛДЫҚ ЖҮЙЕМЕН ЖҮРГІЗІЛЕДІ)

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *