А.Байтұрсынов «Егіннің бастары»

Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынов

«Егіннің бастары»

Мұғалімнің аты-жөні:Г.М.Бегилова

 

Сынып:5

 

  Қатысқан оқушылар  саны:  11

 

Қатыспаған оқушылар саны:  0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары  Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын талдау;

Шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Өлеңді мәнерлеп оқиды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Өз бетінше жұмыс жасайды. Жазба жұмыс жасай алады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі Тапсырмаларды орындай алады . Өз  бетінше жұмыстанады.

Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік Тәкаппарлық, қасиет, адамгершілік, үлгі т.б.
Ресурстар Оқулық,тапсырмалар,маркер, интерактивті тақта,кері байланыс т.б.
Әдіс-тәсілдер Шаттық шеңбері,  «9 ромб», «Биопоэма», блум таксаномиясы, сюжеттік талдау, кестемен жұмыс т.б.
Құндылықтар Адам бойына ізгі қасиеттерді сіңіру, тәкаппар болмауға шақыру.
Алдыңғы оқу «Адамның диқаншысы» өлеңі
Сабақтың жоспары
Жоспар

ланған уақыт

Сабақ барысы : Ресурстар
Басталуы

 

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы  23 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аяқталуы 10 минут

Ұйымдастыру кезеңі 

Оқушылармен амандасу

Назарларын сабаққа аудару

Психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Сыныптағы заттар» тренингін ұйымдастырамын. Оқушылар сыныптан қандай да болмасын бір затты таңдап, бір минут ішінде оны өзіне немесе өзінің көңіл-күйіне ұқсастығын ойластырып, бір-біріне айтып беруі керек. Мысалы, «Мына төбедегі шам маған ұқсас екен: менің де көңілім қазір жарқырап  тұр!».

 

Өткен сабаққа шолу

 

9 ромб әдісі бойынша шығармадағы автор МАҢЫЗДЫ және ОНША МАҢЫЗДЫ ЕМЕС деп санаған мәселелерді анықтату арқылы өткен сабақты қаншалықты меңгергендерін байқаймын. Анықталған  мәселелердің неліктен маңызды және маңызды емес екенін түсіндіреді. Мысалы: адамдық, еңбек, бейнет, зейнет.. — МАҢЫЗДЫ; мал, есек, жасық …. —  ОНША МАҢЫЗДЫ ЕМЕС.

Дескриптор

-өлеңнен автордың маңызды деп санайтын 6 аспектісін анықтайды; —

3 маңызды емес аспектіні анықтайды;

 

 

Білу және түсіну

Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар оқулықтан жеке өздері «Егіннің бастары» өлеңін оқып шығады.

Қолдану .

Интерактивті тақтадан орындалатын тапсырмаларды слаид арқылы көрсетіп қоямын.

 

«Биопоэма»

Әр  оқушы берілген ақ бетті 8 –ге бөліп, «Егінінң бастары» өлеңі бойынша маңызды ақпараттарды жеке жазады. Болған соң, сыныптта  жариялайды.

Егіннің бастары өлеңінің тақырыбы не?

Идеясы не болды? деген сұрақтар қойып, тапсырманы қорытындылаймын

«Егіннің бастары» өлеңінің негізгі тақырыбы- тәкаппарлық.Идеясы-жамандықты болдырмау,тәкаппар болмауға тәрбиелену.Бидай арқылы адам бейнесі жасалып тұрғанын түсіндіріп өтемін.

 Дескриптор

-маңызды ақпараттарды жазады;

-жазған ақпаратын сыныптастарымен бөліседі;

Өлеңінің идеясы мен тақырыбын түсінеді.

 

Талдау. Жоспар негізінде өлеңнің сюжетіне талдау жасаңыз.

 

 

Жинақтау.

Өлеңнен кейіпкерлер бейнесін айқындайтын өлең тармақтары берілген .  Негізгі сөздерге өз сөзіңізбен анықтама беріңіз. Анықталған қасиеттердің қазіргі өмірде көрініс табуына қатысты көзқарас білдіріңіз.  Көзқарастарын дәптерге жазады.

Мәтіннен үзінді Өз сөзіңізбен сипаттаңыз  ОЛ КІМ? Қазіргі өмірде
Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,

Тұтынба бұл мінезді, балам», — дейді.

Көп білетін адам, ізденгіш әрі еңбекқор адамдар… Мұндай адамдар тарихта ұмытылмайды, артында еңбегі, ашқан жаңалығы қалады…мысалы…
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет, 

Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет. 

Күн көрісі үшін басқа адамның жұмысын

істейтін адам… барлық қара, қиын жұмыстарды атқарады…

Тарихи деректерге сүйенсек байлар құл ұстаған, малы, ақшасы, ішерге тамағы жоқ адамдар құлдыққа алынған. Бірақ қазір біздің елімізде құл деген жоқ….

 

Дескриптор

—        өлең тармағындағы  кейіпкер бейнесін ашатын кілт сөзді анықтайды;

—        кілт сөзге өз сөзімен сипаттама береді;

—        анықталған қасиеттердің қазіргі өмірде кездесуіне мысал келтіру арқылы  өз көзқарасын 2 сөйлеммен жеткізеді.

 

Кері байланыс парақшасы. Парақшадағы сұрақтарға жауап жазады.

Бағалау. Оқушыларды балдық жүйемен бағалап шығамын.

Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу.

 

Тренинг

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9 ромб сызылған парақша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

АКТ

 

 

 

Маркер, А-4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптер мен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *