Ертегіні тауып айт
№5 Ақсұңқар ересек тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің тех картасы.
Күні,айы,жылы: 16.11.20ж
Тәрбиеші: Орунханова А
Білім беру саласы:Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы:Ертегіні тауып айт
Мақсаты:
Білімділік:Сұраққа жауап беруде, ертегі жолдарын қолдану арқылы, толық сөйлеммен айта білуге үйретуді жалғастыру;
Дамытушылық: Ертегіні қайталап айта білу біліктігін дамыту;
Тәрбиелік: Бір-бірін алдамауға және достыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар:Әтештің дауысы жазылған үнтаспа, тіл дамыту дәптері.
Әрекет кезеңдер |
Тәрбиешінің іс -әрекетті
|
Балалардың іс- әрекетті |
Мотивациялық қозғаушы |
Үнтаспа арқылы әтештің таңды шақырған дауысын тыңдату. Балалар естіген дауысын салу керек. -Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку -Балалар бұл ненің дауысы? -Әтеш үй құсы ма? Әлде дала құсы ма? |
Балалар қызығушылық танытады.
Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку
Бұл әтештің дауысы
Әтеш үй құсы |
Ізденуші ұйымдастырушы |
«Ә» дыбысына жаттығу орындау. Ә-ә-ә-ә-ә – әтеш Ә-ә-ә-ә-ә – әтір Ә-ә-ә-ә-ә – әк Әт-әт-әт-әт – әткеншек Ертегі оқу: «Әтешпен Тотықұс»
Ертегіні оқып болған соң, сұрақ-жауап. Сергіту жаттығуы Қанатымды жазамын Жоғары-төмен қағамын Биік көкте айналып, Жұлдыздай жылдам ағамын. -Балалар, құстар немен қоректенеді?
-Ал қандай құстарды білесіңдер?
Дәптермен жұмыс: Тіл дамыту дәптеріндегі «Қай сурет артық?» тапсырмасын орындату. Ойын: «Ұшты-ұшты не ұшты?» Мақсаты: баланы тез ойлануға және ұшатын немесе ұшпайтын затты ажырата білуге үйрету. |
Балалар тәрбиешіның сөзін қайталайды.
Ертегіні мұқият тыңдайды, түсінбегенін сұрайды. Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Балалар сергіту жаттығуын қимыл-қозғалыспен орындайды.
Құрт-құмырсқа , өсімдік жемістері, және дәндермен қоректенеді. Қырлығаш, торғай, бұлбұл т.б. Балалар тапсырманы мұқият орындайды.
Балалар ойынның шарттын мұқият тыңдап, ойынды қызығушылықпен ойнайды. |
Рефлексті коррекциялаушы
|
Ертегін әңгімелеген уақытта, толық сөйлем құрауға үйрету. Балаларды мадақтап, сабақты қорытындылау. |
Балалар толық сөйлем құрауға талпынады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Құстар қалай пайда болатындығын білу;
Нені игереді: Құс ұясын жасауды;
Нені біледі: Құстар біздің досымыз екендігін біледі.