«Компьютер әлемі»

Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Ақпараттандыру
Тақырыбы: «Компьютер әлемі»
Мақсаты: Балалардың компьютер туралы түсініктерін кеңейту. Комьютердің құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру. Қызықты тапсырмаларды орындай отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойларын толық жеткізіп, тапқырлығын арттыру. Компьютер құрылғыларының атқаратын қызметтерін , «Paint» графикалық редакторының құралдарын пайдаланып сурет салу туралы білімдерін дамытып, жетілдіру. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Денсаулық сақтау технологиясының элементтерін пайдалана отырып, бала денсаулығын жақсарту.
Көрнекі құралдар: Проектор, компьютер құрылғыларының суреттері, қауіпсіздік ережесінің суреттері,массажды доптар
Әдіс — тәсілдер: Тақпақтар, ойын, сұрақтар

Мұғалім:Салеметсіздерма балалар.
Балалар: Салеметсізбе
Мұғалім:Қане, балалар көңіл-күйіміз көтеріңкі болуы үшін шаттық шеңберін жасайық.
Шаттық шеңбері:
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ егер шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Жоғары қарап ай көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға қарап, солға қарап,
Егеменді ел көрдім.
Мұғалім:
— Мен сендерге көптеген тапсырмалар алып келдім, осы тапсырмаларды компьютер арқылы орындаймыз. Бүгінгі оқу қызметіміз өте қызықты болғалы тұр. Ал енді балалар менің тапсырмаларымды орындауға дайынсыңдарма?
Балалар:
— Ия дайынбыз.
Мұғалім:
— Балалар кім айтады комьютермен не істеуге болады.
Балалар:
— Компьютермен сурет салуға, жазуға, мультик көруге музыка тыңдауға болады.
Мұғалім:
— Осы компьютер, жалпы есептеу құрылғысы пайда болмай тұрып, адамдар әртүрлі есептеуді жүргізген. Бұл үшін адамдар нелерді пайдаланған.
Балалар:
— Қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды,жіптерге түйілген түйіншіктермен есептеді.
Мұғалім:
— Дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар. Енді алдымызда тұрған жіптерді алып, түйілген түйіншіктер жасаймыз.
/Балалар орындарында отырып тапсырма орындайды./
Мұғалім:
— Жарайсыңдар балалар.
Ойын:«Дәмін сезу арқылы ажырат»
Шарты:Балалардың көздерін жұмып, көкөністер мен жемістерді таратып, сипап сезу арқылы кімде қандай көкөніс немесе жемістің бар екенін айтып, компьютерге отырып көкөністерді бір себетке, жемістерді бір себетке орналастырамыз.
/Балалар көздерін жұмып жарты шеңберге тұрады. Ағаштарға түйрелген көкөністер және жемістерден дәм татады./
Мұғалім:
— Келесі тапсырмамызды компьютерде орындайтын болғандықтан, комьютердің қауіпсіздік ережелерін айтып кетейікші.
Балалар:
— Компьютерде денемізді тік ұстап отыруымыз керек
— Монитордан қашық отыруымыз керек
— Монитордың бетін ұстауға болмайды
— Токтарды ұстауға болмайды.
Мұғалім:
— Жарайсыңдар өте жақсы. Компьютерге отырамыз. Халаттарымызды киеміз. Компьютерді іске қосамыз. «Paint» графикалық редакторын ашамыз. Бәрімізде компьютеріміз жұмыс жасауға дайын болса, мені мұқият тыңдаймыз.
Компьютермен жұмыс:
1-тапсырма. «Биік және аласа үйлерді салу».
Мұғалім:
— Үйдің шатыры, қабырғасы, терезесі, есігі болу керек және олар қалаған түске боялуы керек.
Тапсырманы қорытындылау
2-тапсырма. Танграм
Мұғалім:
— Алдарыңда терезе ашық тұр. Сол терезеде танграм суреті бар. Осы үлгіге қарап, шашылып жатқан геометриялық пішіндерді құрастырамы
Тапсырманы қорытындылау

Мұғалім:
— Жарайсыңдар балалар, өте жақсы. Комьютерде отырып шаршап қалған боларсыңдар, қане орнымыздан тұрайық көз, саусақ жаттығуларын орындайық.
Көз жаттығуы: Проектордан
Қозғалыста жүрген геометриялық пішіндерге қарау арқылы көз жаттығуын орындау.

Саусақ жаттығуы:
Массажды доппен жасалады.
Мұғалім:
— Өте жақсы. Көзімізге саусақтарымзға жаттығу жасап болсақ, орнымызға жайғасайық. Келесі тапсырмамызда пішіндерге байланысты болғалы тұр.
3- тапсырма:
Ойын: «Суреттерді боя»
Шарты:Геометриялық пішіндерден үй тұрғызылған. Осы үйлерді үлгіге қарап боямыз.
Мұғалім:
— Өте жақсы жарайсыңдар балалар. Келесі тапсырмамыз сандарға байланысты болғалы отыр.
4-тапсырма:
Ойын: «Тура жәнекеріжаз»
Шарты:Қылқаламмен сандардытура және кері жазыпшығу
Мұғалім:
— Өте жақсы жарайсыңдар. Тапсырмалардың барлығын мен ойлағандай орындап шықтыңдар. Енді компьютерді сөндіріп, халатымызды шешіп, орнымыздан тұрамыз.
Балалар:
Саусақ жаттығуы.
Құстар, құстар ұшады,
Қанаттарын қағады.
Ағаштарға қонақтап,
Тыныштықты бағады.

Көз жаттығуы. Проектордан
Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау.
Мұғалім:
-Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізде қандай тапсырмалар орындадық.
Балалар:
-Үйдің суретін салдық, боядық. Танграм құрастырдық.
Мұғалім:
-Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде сендерде не ұнады.
Балалардың жауабы.
Мұғалім:
-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар, сендерге рахмет. Осымен ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды. Сау болыңыздар.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *