Қазақтың ұлы билері

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлы билері.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Үш жүздің билері Төле би, Әйтеке
би, Қазыбек би туралы білімдерін ортаға сала отырып, олардың шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету.

2. Дамытушылық: Аталмыш билер туралы білімдерін ұштастыру, жинақтау арқылы оқушылардың ізденгіш, сөйлеу қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Шешен билер бойындағы асыл қасиеттерге тәрбиелей отырып, ақыл парасаттыққа, әділдікке, шешендікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің портреттері, нақыл сөздер, үлестірмелі карточкалар, буклеттер, слайд.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс — тәсілі: СТО стратегиялары: ой шақыру, топтастыру, еркін жауап, дискуссиялық карта,5 жолды өлең, еркін жазу.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (1минут)
А) Сәлемдесу
Ә) Оқушылардың сабаққа қатысымын, дайындығын тексеру.
Б) Оқушыларды топқа бөлу.

Мотивация кезеңі: (2 минут).
Қызығушылықты ояту

— Балалар, бүгін аптаның қай күні?
— Бүгін – сәрсенбі.
— Сәрсенбі қазақ халқы үшін қандай күн?
— Сәрсенбі қазақ халқы үшін сәтті күн деп есептеледі.
— Ендеше, мен сендерге жалпы бүгінгі күндерің сәттілікпен өтсін, сабағымыз да сәттілікпен басталып, тек қана сәттілікпен аяқталсын демекпін.
Тақтада «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөз жазылады. Осы сөйлемнен негізгі ойды таба отырып, жаңа тақырыпқа шығамыз.. Ендеше бүгінгі тақырыбымыз: «Қазақтың ұлы билері».
Оқушыларға сабақтың мақсатын айтқызамын.

1. Ойшақыру (1 минут)

Үш жүзді басқарған қандай билерді білесіңдер? Оқушылар билерді өздері атайды. Әр топқа әр бидің атауы беріледі.
Iтоп: Төле би ауылы
IIтоп: Қазыбек би ауылы
IIIтоп: Әйтеке би ауылы.
2.Топтастыру ( 5минут)
Үш топқа да бірдей «Билер» деген сөзді топтастыру тапсырылады. Осы сөзді естігенде, ойларына қандай сөз келеді, соны топтап жазады.
Мысалы:
Әділ данышпан шешен беделді
Билер тапқыр ел құрметі адал ойланып сөйлеген
Еркін жауап (мағынаны тану, 12 минут)
А) Әр топ өздеріне берілген билер туралы ойларын ортаға салады, билердің өмірбаянына қысқаша тоқталады.

Ә) Әр топ билерінің айтқан шешендік сөздерін
жатқа айтады. Өз билерінің шешендігін дәлелдейді.

Дискуссиялық карта ( 10 минут)
Ұлы билер қалдырып кеткен үлгі өнегенің қазіргі қоғамда әсері бар ма?
3. Бес жолды өлең ( 3 минут)
1. Төле би 1. Қазыбек би 1. Әйтеке би
Үйге тапсырма: ( 1минут)
1. «Шешен билер мәңгі біздің есімізде…» тақырыбына шығарма жазу.
2. Суретке қарап, шағын әңгіме құрастырыңдар.
Астана қаласында орнатылған ескерткіш

Қорытынды кезең (3минут)
Бүгінгі сабақтан сен қандай әсер алдың?
Сабақ саған ұнады ма? Несімен ұнады?
Өзіңе қандай тәлім — тәрбие алдың?
Сабақта мақсатымызға жеттік пе?

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *