“Маша мен Аю” ата- аналар сайысы

Ата –аналар арасындағы сайыс

Тақырыбы: «Маша мен Аю»

Мақсаты: Ата- ананың бала тәрбиесіне деген көзқарасын қалыптастыру. Бала тәрбиелеуде ата- ана рөлін арттыру, отбасында сыйластық, мейірімділік, адамгершілік сезімдерін қалыптастыру. Балалбақша өмірі мен отбасы байланысын нығайту.

(Залға Маша кіріп,барлығын бүлдіріп, төгіп-шашып кіреді де достарын іздейді)

Маша: Бәрі қайда кеткен, қайдасыңдар достарым?

Аю: Біз мұндамыз Маша (Аю ата- аналармен бірге залға кіреді)

Маша: Менің ішім пысып кетті, сендермен ойнағым келіп тұр…

Аю: Жоқ менің қарным ашып тұр, оданда бал жейікші…

Маша: кетпеңдерші достарым, оданда менің сендерге дайындаған қызықты да , керемет ойындарым бар. Соны ойнайық.

Менің ойыным 5 кезеңнен тұрады.

  • «Соқыр суретші»
  • «Ойлан тап?»
  • «Шығармашылық жұмыс»
  • «Не зат?»
  • «Ситуациялық сұрақтар»

Шалқытып мереке де ән салайық

Өнерпаз өрендерге тамсанайық

 

 

Енді менің сыйқырлы тақтама назар аударыңыздар

(Аю ортаға шығып, дубль 1, 1 кезең деп айтады)

 

Ал, сіздерге тапсырма мына тақтаға көздеріңіз жұмулы күйде  АҚҚАЛАның  суретін салуларыңыз керек. Ең керемет салынған сурет 5 балдық ұпаймен бағаланады.

 

(Аю ортаға шығып, дубль 1, 2 кезең деп айтады)

 

2кезең: «Ойлан тап?»

Шарты: Белгісіз суретті ым- ишара арқылы сипаттау, бейнелеу.

Құрметті ата- аналар  бір- бірлеріңізге қарама- қарсы тұрып, қарсы тұрған адамға қандай сурет берілгендігін мимикамен, іс- қимылмен сипаттап көрсету  керек. (уақытпен)

 

(Аю ортаға шығып, дубль 1, 3кезең деп айтады)

 

3кезең: «Шығармашылық жұмыс»

 

Ата- аналар алдарыңызға (қағаз, қайшы, желім) беріледі. Осы құрал- саймандардан өзіңіз қалаған дүниені жасап шығаруларыңыз қажет.  (уақытпен)

Маша: Ата- аналар сіздер жыбырлаған жәндіктен, қараңғыдан биіктен қорқасыздар ма? Ендеше сіздерге тосын сыйым бар.

 

  (Аю ортаға шығып, дубль 1, 2 кезең деп айтады)

 

4кезең: «Не зат?»

Мына қораптың ішінде не бар екенін менде, сіздерде білмейміз. Мүмкін ол құрт- құмырсқа ма,бақа- шаян немесе кез- келген зат болуы мүмкін. Сіздер қорқынышты жеңу үшін мына қораптың ішіндегіні қолдарыңызбен ұстап, сипап- сезу, алақанмен ұстау арқылы нақты атын атап беруіңіз керек. Ендеше, Іске сәт!

 

(Аю ортаға шығып, дубль 1, 5 кезең деп айтады)

 

5кезең:

Ситуациялық сұрақтар:

  1. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрсыз? Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды? Сіздің әрекетіңіз?
  2. Баламен сөйлесе білуде үлкен өнер, 4- 6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ ұшады?… деген сияқты таусылмайтын сұрақтар көп. Сіздің балаңызда сондай сұрақтарды көп қоятын болса жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
  3. Сізге тәрбиешілер «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген шағым айтылады. Тағы да көрші ата- аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөзді естісеңіз. Не істейсіз? Балаңызды тәрбиелейсіз?
  4. Кейбір ата- аналар баласының әрбір іс- әрекетіне көңілі толмай «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,- деп айтып жатқанын байқаймыз. Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

 

Қорытынды:

Осымен бұл сайысты тәмамдасақ.

Тағы да жарысамыз аман болсақ

Сөз береміз әділ қазы алқасына

Әр арнаның өнерлерін сараласақ.

Би: Флешмоб

Сөз кезегі әділ қазыларда марапаттауларын табыстау.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *