2 санына көбейту жəне бөлу кестесін бекіту.
Тақырыбы: 2 санына көбейту жəне бөлу кестесін бекіту. | Мектеп: Қ.Аманжолов атындағы ЖОМ | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Сулеева К | ||||
2-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Оқыту мақсаттары | 2.1.2.4** 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу жəне қолдану.
2.5.1.3.Бірдей қосылғыштардың сомасын табуға; мазмұнына қарай жəне бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді талдау жəне шығару; кері есеп құру жəне шығару. |
||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар:
•2-ге көбейту жəне бөлу кестесін біледі жəне қолданады. |
||||
Көптеген оқушылар:
•көбейту жəне бөлуге берілген есептерді шығаруда амалдарды дұрыс таңдауды іске асыра алады. |
|||||
Кейбір оқушылар:
•көбейту жəне бөлуге берілген есептерді өз бетінше құрастырады жəне шығара алады. |
|||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:2-ге көбейту кестесі қалай құрылғанын түсіндіреді, көбейту
жəне бөлуге берілген есептерді шығаруда амалдар таңдауды түсінеді. Пəндік лексика жəне терминология: Көбейту кестесі, көбейту мен бөлудің байланысы, көбейту мен бөлуге берілген есептер. |
||||
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Талқылау:
2 санына көбейту жəне бөлу кестесі қалай құрастырылғанын түсіндіре аласың ба? Көбейту кестесін есептеулер барысында қалай қолдануға болатынын түсіндіре аласың ба? Есепті қалай шығаратынын түсіндір? Есептің шешуін қалай жазатынын түсіндір? |
|||||
Жазу:
2 санына көбейту жəне бөлу кестесі, есептердің шешуін жазу. |
|||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Көбейту мен бөлу амалдарының мағынасы, 2 санына көбейту жəне бөлу кестесі. | ||||
Жоспар | |||||
Жоспарланған уақыт (минут) |
Жоспарланған іс-əрекет |
Ресурстар | |||
0–3 | Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық. Мұғалім оқушыларды қазақтың ұлттық ойындары туралы, математиканың ойын жүргізуге қалай көмектесетіні (есеп жүргізу, командаға бөліну, ойынға керекті заттарды санау жəне т.б.) туралы əңгімеге тартады. |
||||
Үй тапсырмасын тексеру.
Пысықтау. Моншақ түзу әдісі |
2 санына көбейту
жəне бөлуге |
||||
|
4–6 | берілген
мысалдары бар карточкалар. |
|
7–11 |
Жаңа сабақ
Қимылды ойындар. Асықтарды екі екіден санату. Ұжымдық жұмыс. 1-тапсырма. Асықтарды санатып тақ сандар мен жұп сандарды ажырату. Топтық жұмыс. 1. Қалдықсыз бөлінетін сандарды ата. 2. Қалдықсыз бөлінбейтін сандар 3. Асықтардан жұп және тақ сандарды атау.
|
Оқулық. |
12–29 |
Ұжымдық жұмыс
2- тапсырма. А) 20-ға дейінгі жұп сандарды өсу ретімен ата. Ә) Оқушылар 20-ға дейінгі жұп жəне тақ сандарды өсу жəне кему реті бойынша жазады. Шыбын ұрғыш әдісі. Әр топтан оқушылар шығып тақтадағы есептердің жауабын табу. Жұптық жұмыс. «Ойлан –жұптас-бөліс» әдісі 3-тапсырма. |
Оқулық жəнедəптер. |
30–40 |
Сергіту сәті.
Топтық жұмыс. Дәптермен жұмыс. 4-тапсырма. Салыстыру. Топтық жұмыс. 5-тапсырма. А) 18 бала ойнау үшін жұптасып сап құрды. Неше жұп болды?
Ә) Балалар ойнау үшін әр командаға 4 адамнан бөлінді . 2 командада барлығы неше адам болды? Б) Аулада 14 бала ойнап жүр. Олар 2 командаға теңдей бөлінді. Әр командада неше адамнан болды? Үйге. 6 тапсырма.
|
Оқулық.
Құрастырмалы жинақ. |
41–45 | Рефлексия.
Жетістік деңгейін бағалайды. Оқушылар: •2-ге көбейту жəне бөлу кестесін біледі жəне қолдана алады. •көбейту жəне бөлуге берілген есептерді шығаруда амалдарды таңдауды дұрыс жүзеге асыра алады. •көбейту жəне бөлуге берілген есептерді өз бетінше құрастырады жəне шығарады.
|
Жетістіктер жолағы. |