Сиқырлы дыбыстар

Білім саласы: «Қатынас»
Бөлімі: «Сауат ашу негіздері»
Тақырыбы: «Сиқырлы дыбыстар»
Мақсаты:
Білімділік: Өтілген әріптерді қайталау.Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Білімдерін кеңейту. Сурет бойынша еркін әңгімелей білуге, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету,
Дамытушылық: Балалардың жалпы ой өрісін,тілін, танымдық қабілетін дамыту.. Сөздік қорларын байыту
Тәрбиелік: әдептілікке, тәртіпке, ұжым болып бірлесе жұмыс жасауға, тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: кеспе әріптер , слайд суреттер, текшелер,ойын.
Блингвальды компанент: дыбыс-звук, әріп-буква, ай аттарын,апта күндерін үш тілде айту.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастыру-
Ізденушілік

Рефлекциялық түзетушілік
Қонақтармен сәлемдесу.
Қайырлы таң ұстазым!
Қайырлы таң достарым!
Шеңберге тұрайық,
Жылылық сыйлайық.
Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.
-Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір-біріміздің жүзімізді көреміз, бір-бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз. Бір-бірімізге қуаныш сыйлайық.
-Балалар, бір-бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіңдіңдер?
-Жылылық, қуаныш т.б.

-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің көптеген қонақтарымыз бар екен.Ендеше, біз сол қонақтарымызға барлық үйренгенімізді, білімімізді көрсетейік.
-Балалар, келістік пе?
-Ендеше, ашық оқу қызметіне деген ынтамызды көтеріп алайық.

Смайликтер сыры.
Смайликтермен таныстыру.

Сұрақтар:
Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі бізде неше ай қонақта болады?
-Сол үш айларды атайықшы?
-Апта күндерін қазақ, орыс , ағылшын тілінде кім айтады?
-Қыс мезгілінде болатын өзгерістерді, ерекшеліктерді айтайықшы.
-Қыс туралы тақпақтар білеміз бе?
-Қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?
-Қыс сөзін орыс тілінде, ағылшын тілінде қалай айтамыз?

-Иа, қыс мезгілі өте қызықты екен.
-Сауат ашу оқу қызметінде біз нелермен танысамыз?
Иа, бүгінгі сауат ашу оқу қызметінде көптеген тапсырмалар орындайтын боламыз.
Ендеше, біз тіл және саусақ жаттығуын жасап алайық.
Ағайынды аралармыз,
Еңбек үшін жаралғанбыз.-ыз-ыз-ыз
Шырын іздеп бау-бақшаны,
Күні бойы аралаймыз.-ыз-ыз-ыз.
Қалмай ұшып соңынан,
Ара қуды Мұратты, -ыз-ыз-ыз.
Шағып алып қолынан,
Досымызды жылатты. –ууууу-уууу
-Балалар, ыззззз-ууууу деп айтып өттік. Бұлар нелер?
Дұрыс айтасындар, бұлар дыбыстар.
Дыбыс дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Осы сиқырлы дыбыстар туралы ертегі тыңдағыларың келе ме?
Ертеде орман ішінде екі үйшік болыпты. Оның бірі көк, екіншісі қызыл үйшік екен. Қызыл үйшіктің тұрғындары әрдайым әндетіп жүреді екен.Ал көк үйшіктен ешқандайда дыбыс шықпайды екен. Бір күні ормандағылар қызыл үйшікке келіп бұл үйде кім тұрады екен?- депті.
Сонда үйшіктен бұл үйде дауысты дыбысты дыбыстар тұрады. Біз әндетіп, уілдеп жүреміз дейді.
Келесі көк үйшікке келсе, ол үйшіктен біз дауыссыз дыбыстармыз деген дауыс шығады. Біз еш әндете алмаймыз. Біз қысқа ғана айтыламыз депті. Осылайша дыбыстар екіге бөлінген екен. Міне, балалар біздің дыбыстарымыздың сиқыры бірі әндетіліп айтылса,екіншісі қысқа айтылады екен.
Ендеше өтілген дыбыстарды екі үйшікке орналастырайық.
Өтілген әріптерді дауысты дауыссызына қарай өз үйшіктеріне орналастырады.
Ойын: «Дыбыстарды ажырат?»
Шарты: жуан дауысты жіңішке дауысты дыбыстарды ажырату.
Бұзау. Дөңгелентіп аузыңды.
Жіңішкертіп даусыңды.
Бұзаумын деп ойла да,
Даусын оның қайтала. Мө-мө-мө
Қалай естіліп тұр?
Арыстан. Аң патшасы арыстан,
Ақырады алыстан А-а-а-а-
Қалай естіліп тұр?
Қозы: Нәзік дауысы қозының,
Естіледі өзінің мә-мә-мә-мә
-Жарайсыңдар сендер жуан жіңішке дауыстарды да ажырата алады екенсіңдер.
Келесі тапсырма. Әріптерді жазу
Шарты : Айтылған әріптердің таңбасын жазу.
Олжаста өлең жаттады,
Оспанда өлең жаттады.
Қай әріптен басталған ,
Екеуінің аттары.
Менің үшін жақсы адам,
Артық көрем басқадан.
Ата, апа сөздері,
Қай әріптен басталған?
Ендеше осы дыбыстарды таңбалайық.
1-топ : Геоконт тақтасына.
2-топ: Тақтайшаға жазу.
3-топ: іппен жазу
Сергіту сәті:
Мынау менің жүрегім,
Бәрі содан басталған.
Мынау басым ақылды,
Барлық істі атқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым.
Барлық істі атқарған.
«Дыбыстық талдау. »
Шарты ;анықтайды.. Үлгі көрсетіледі.
Сөздер айту, буынға бөлу.
«Жалғастырып көр» ойыны
Шарты: Жаттаған өлең тақпақтарды бір бала бастап айтады, тоқтаған жерінен басқа бала жалғастырып кетуі тиіс.Мұхият тыңдап отырды.
Қорытындылау.
«Көңілді әткеншек» ойыны.
Шарты:
Әткеншекке жан-жануарларды ретімен отырғызады.
Әр жануардың қай дыбыстан басталғанын айтып, буынға бөледі.
Сұраққа жауап беріп, жануарларды орналастырады.
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
Жарайсыңдар балалар,
Бүгінгі ашық оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?
Егерде бүгінгі оқу қызметі ұнаса көңілді смайликті жоғары көтереміз.
Балаларды бағалау, мақтау-мадақтау.
Келген қонақтармен қоштасу.
Үш тілде сәлемдеседі.

Өлеңді бірлесе айтады.

-Иә, келістік.

Біз байсалдымыз,
Мұқият тыңдаймыз,
Есте сақтаймыз,
Бөгет жасамаймыз,
Сабақта өткенді, әрдайым қайталаймыз!
– Қазір жылдың кыс мезгілі.
-Қыс мезгілі бізде үш ай қонақта болады?
Желтоқсан, қаңтар ақпан .

– Балалар жауап береді.
-Күн суытады .
-Аяз болады.Қар жауады
-Мұз қатады..
-Адамдар қалың киінеді.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды ,
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
2-бала:
Жас ұланбыз шыныққан,
Жасқанбаймыз суықтан,
Қардан жасап аққала.
Сырғанаймыз шаттана,
3-бала:
Аппақ –аппақ қала,
Аппақ ауыл дала.
Жапалақтап ақша қар ,
Жауа берші жауа.
4-бала
Қандай қызық қыс деген,
Бәрін шебер істеген.
Бақша, бауды тауды да,
Бояған ақ түспенен.
Иә білеміз.
-Сауат ашу оқу қызметінде біз әріптермен, дыбыстармен танысамыз.

-Дыбыстар
-Дыбысты айтамыз, көзімізбен көреміз.
Әріп дегеніміз -дыбыстың таңбасы.
-Дыбыстар екіге бөлінеді.

-Иә.

Дыбыстарды көк, қызыл үйшіктерге орналастырады.

Бәрі бәрге айтып, қимылмен көрсетеді.

-жіңішкне

-жуан

-жіңішке

-О дыбысынан басталған.

– А дыбысынынан

Екіге бөлінеді.
-Дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленеді.
-Дауысты дыбыс қызыл текшемен белгіленеді.
-иә.
.
Біледі: Өтілген әріптерді қайталайды.. Сол дыбыстан басталатын сөздер айтып буынға бөледі.
Түсінеді:Дауысты, дауыссыз дыбыстардың және дыбыс пен әріптің айырмашылығын түсінеді.
Қолданады:Тақырыпқа сай тақпақтар айтады, ойындар ойнайды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *