«Cұрақтар арқылы мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту» коучинг
Рыскалыев Жанболат Ондасынович Жаңаөзен қаласындағы №18 орта мектептің информатика пәні мұғалімі
Коучинг жоспары
Тақырыбы: «Cұрақтар арқылы мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту»
Мақсаты: Коучинг жүргізудің әдістемесін көрсету, мұғалімдерді жаңа тәсілмен таныстыру. Мұғалімдер арасында сенімділік қарым-қатынас орнату. Сыни тұрғыдан ойланудың маңыздылығын көрсету.
Күтілетін нәтиже: сыни тұрғыдан ойлаудың тиімділігіне көз жеткізу. Оқушыларға білікті сыни ойшыл болуға мүмкіндік беру.
Түйінді идеялар: Бірлескен озады, бірлеспеген тозады.Мектепте жеті модуль аясында жаңа тәсілдерді жүйелі және тиімді қолдану
Дереккөздері: Ноутбук, маркер, стикер, А4 парағы, смайликтер, бейнежазбалар
Сілтеме: МАН, Үлестірме
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
«Ойлан, топтас», сөздер арқылы, «Ой қозғау». Топтық жұмыс
Іс -әрекет | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс – әрекеті |
Топқа бөлу әдісі 5 мин | «Ойлан, топтас» сөздер арқылы бөлу | Тобын табу үшін сыни тұрғыдан ойланады, топқа бөлінеді |
“Ой қозғау“ 15 минут |
«Бүркіттің өміріндегі өзгеріс”» бейнеролик (осы бейнероликті көріп болған соң табиғаттағы ең қырағы жыртқыш құс бүркіт те өмірінде өзгереді, ал мұғалімнің өзгеруі керек пе?)
Топтық тапсырма беру – мұғалімнің өзгеруі керек пе? – мұғалімдер неліктен өзгеру керек? – жаңашыл мұғалім қандай болу керек? -мұғалім не үшін өзгеруі қажет |
Сұрақтарға өз ойларын пікірлерін, айтады. Мұғалімдер топтасып постер қорғау арқылы проблеманың мәнін ашады. Жаңа заманда мұғалімдер қандай болуы керек деп толғанып өз-өздеріне сын көзбен қарайды. Өзгерген әлемде мұғалім де талапқа сай өзгеру керек дегенді ұғынып тұжырымдайды. |
«Сиқырлы сұрақ»
8 минут |
Ал сіз көп жағдайда қандай сұрақтар қоясыз?Топқа ортақ тапсырма
1. Жабық сұрақтар 2. Ашық сұрақтар туралы түсіндіру |
Мұғалімдер жабық, ашық сұрақтар қандай екенін ажыратып мысал келтіріп түсіндіреді |
Рефлексия 5 минут |
Кері байланыс “Алақан” әдісі бойынша қатысушыларға ақ параққа сол қолдарын сызып, әр саусаққа бүгінгі коучингтен алған ойларын жаздыру. Коучингте қамтылған ақпараттарды жинақтау, талдау жасау. | Өз пікірлері мен ұсыныстарын жазады. Коучингтің қаншалықты тиімді өткені туралы ой-пікірлерін білдіреді |
Жалпы қорытынды 2 минут | Коучтың сөзі:
– сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың ең жақсы тәсілі. Бірлесен оқу ортасында оқушылар мұғалімнің қолдауы арқылы белсенді сыни тұрғыдан ойлауға тартылады. Коучингке қатысқандарыңызға рахмет! |