Менің мамандығым – менің мақтанышым!

Мен 2018 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне Тарих, археология және этнология факультеті, Музей ісі және ескерткіштерді қорғау мамандығына оқуға түстім. Менің мамандығым өте ерекше, көне жәдігерлерімізді зерттеумен, әр түрлі халықтардың шығу тегі, салт-дәстүрі мен музейде экскурсия жүргізу т.б істермен айналысу өте қызық екенін айтып өткім келеді.

      Құрметті жас түлек, егер сен өткенге көз жүгіртіп, көне жәдігерлерімізді зерттеумен айналысып қана қоймай, музейде экскурсия жүргізгін келсе, осы «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығына түсуге шақырымын. Бакалавр, магистр және докторантура оқу жүйесімен оқытады. Сонымен қатар, біздің кафедрада республика бойынша ең алдыңғы қатардағы археолог, этнолог және музей ісі мамандарын дайындау арқылы танымал. Ғылым ордасымен, ҚР Орталық Мемлекеттік музейімен, Ә.Қастееев атындағы өнер музейімен т.б. мемкеттеттік мекемелермен жұмыспен қамту бағытында тығыз жұмыс жасайды, тәжірибеден өтеді.

      Маған қатты ұнаған музейлердің бірі — біздің қаламыздың ғана емес, бүкіл еліміздің де маңызы зор, Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі туралы айтқым келеді. Бұл музей бейнелеу өнері мен дәстүрлі және заманауи қолданбалы өнердің ғажап коллекциясы бар. Онда батыс, орыс, кеңес  өнерінің және шығыс халықтары қолданбалы өнерінің тыңғылықты жинағы орын алған. Бұл музейдің барлық залдары мен экспозициясын аралап шықтым. Өте керемет қазақстандық кескіндеме, мүсін және графика өнерімен қатар, 17 ғасырдан 1917 жылға дейінгі орыс өнері, 16 — 19 ғасырлардағы Батыс Еуропа өнер залы, мұнда ренессанстан импрессионизмге дейінгі Франция, Италия, Голландия, Германия сияқты танымал суретшілердің туындыларын көріп шықтым. Бір сөзбен айтқанда музейге ғашық болдым!

      Жалпы музей — мемлекеттің мәдени дәстүрі мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және рухани — идеологиялық тәрбие беру орталығы деп айтсам артық емес. Бұл орталық — ұлттық мәдени-тарихи нұсқаларды жинақтап, сақтап, насихаттап қана қоймай, жалпы адамзатқа тән үздік ұлттық құндылықтар мен дәстүрде тәрбиеленген, отанын сүйетін, өз болашағын мемлекет болашағымен байланыстыруға ұмтылатын, ел келешегін жалғастырушы, бәсекеге қабілетті жас мамандарды тәрбиелеу міндетін де атқарады. Музей — еліміздің ең ірі білім ордасының бет пернесі, имиджі, тарихи қоры және корпоративті мәдениетінің басты көрсеткіші. Қазақстан қоғамындағы музей мәдениеті даму үстінде десек қателеспейміз. Әрине, Еуропаның, Азияның алдыңғы қатарлы елдеріндегі музей саласының деңгейіне жеткен жоқпыз. Дегенмен музей мәдениеті қалыптаспаған деп кесіп айтуға болмайды. Музейдегі тарихи-танымдық көрмелер, кездесулер, дәрістер, тақырыптық экскурсиялар, әртүрлі форматтағы шаралар барлығы да музейге келушілер үшін жүзеге асырылуда. Осы орайда жыл сайынғы музейге келушілердің де саны артып келеді.

      Музей ісіндегі негізгі атқарылатын бағыттар — қор жұмысы, экспозициялық-көрмелік және ғылыми-зерттеу шаралары. Соның ішінде қор сақтау мақсатында «Музеолог» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Елімізде енгізілген ортақ бағдарлама жоқ.

 

      Сондықтан Қазақстан музейлеріндегі қор сақтау жұмыстары әртүрлі бағдарламамен жұмыс жасайды. Қазіргі таңда ҚР Ұлттық арқылы АС-Музей (музейдің автоматтандырылған жүйесі) бағдарламасы басқа да музейлерге оң тәжірибе есебінде насихатталып отыр. 2015-2016 жылдар аралығында облыстық музейге реконструкция және реэкспозиция жұмыстары жүргізілді. Облыстық музейдің экспозициялары заманауи дизайнмен жасақталды. Экспозициялық залдарда қосымша тарихи бейнематериалдар көру үшін LED экрандар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған музей экспозицияларын толыққанды баяндайтын сенсорлы моноблоктар орнатылды. Музейдегі барлық жаңалықтарды көрсету мақсатында ғаламтор жүйесінде сайт ашылды. Қазіргі уақытта шалғайда орналасқан елді мекендердегі оқушылар үшін әртүрлі бағыттағы онлайн-сабақтар өткізу қолға алынуда.

      Менің мамандығым — менің мақтанышым! Себебі, қазақтың өткені мен бүгінін баяндайтын, әлемнің, жаратылыстың болмысынан сыр шертетін тек менің мамандығым ғана деп ойлаймын. Былайша айтқанда, тарихымыз бен ұлтымыздың қамқоршысы. Әрине, менің бұл мамандықты таңдаған себебім де сол. Десе де дәл қазіргі діттеген мақсатым –  білімімді жетілдіріп, өзге елдерде жатқан халқымыздың жәдігерлерін түгендеу. Сонда ғана мен өзімді өз мамандығыма сай маман ретінде санай аламын.

Әл-Фараби ат.ҚазҰУ тарих археология және этнология факультетінің 3-курс студенті

Тасмахамбет Наргиза Махамбетқызы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *