Шағын топта және жұпта қарым-қатынас жасау дағдылары
Сабақ тақырыбы Шағын топта және жұпта қарым-қатынас жасау дағдылары
Сабақ мақсаттары 1.2.3.3 Түрлі дене жаттығулары орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, кеңістік, ресурстар мен идеяларды білу және бөлісу.
Құндылықтарды дарыту Оқу-үйренуге жауапкершілікпен қарау
Пәнаралық байланыстар Ана тілі, математика
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Оқушы назарын
аудару
Бой сергіту жаттығулары.
Біреуден сапқа тұру.
Сапта әдеттегі адыммен, оң және сол бүйірмен қосымша адыммен жүру.
Орташа қарқынмен жүгіру, тізелерді жоғары көтеріп жүгіру.
Жүгіруден кейін тынысты қалыпқа келтіру. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде санамақ айтуды ұсынады. Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.
Сабақтың ортасы
«Ақсерек-көксерек» ойыны
Ақсерек пен көксерек ойынының жаңартылып, байытылған нұсқалары көп және оның бірі айгөлек, ақ керек деп аталатын ойында жарысушы екі тарап ойынға қатысуды шақыруды топтасып тұрған қарсы жақ өлеңмен хормен айқайлап айтып жеткізеді.
Ақ серек пен көк серек! Тауып алдым бәйтерек!
Жалындаған күн керек!
Жалпы достан кім керек? Анау тұрған үл керек!
Оның аты — Еркебек,
Келсін бізге ертерек! – деп, өлеңдетіп карсы жақтың бір ойыншысының атын атап шақырады «Соқыртеке» ойыны.
Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойыншылар шеңбер құрып, дөңгелене турады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке — сол. Қалған ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп қойып, одан айнала қашып журеді. Ал соқыр теке сол түрткен адамды ұстап алып, тануға тиісті. Егер ол устаган кісіні таныса, оның көзін байлап, соңы соқыр теке жасайды. Өйтпеген жағдайда соқыр теке ойыны apы қарай жалғаса береді.
Интернетке сілтеме:
https://youtu.be/HMSLFW5m_RQ
Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, бор, ысқырық.