«Туымызды желбіретіп, ән ұранымызды асқақтанқан олимпиада жеңімпаздары»

Мақсаты:
1. Оқушыларға олимпиада ойындарының басталуы және тарихы жайлы, жан – жақты таныстыру. 2. Оқушыларға олимпиада ойындарындағы Қазақстандық спортшылардың жеңістері біздің қазақ елі үшін мақтаныш екендігі жайлы айта отырып, оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. 3. Оқушыларға патриоттық және рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушыларды өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, газет, суреттер, доп, плакат,
Барысы:
Мұғалім: Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Туымызды желбіретіп, ән ұранымызды асқақтанқан олимпиада жеңімпаздары»
Сабағымызды бастамас бұрын олимпиада сөзіне тоқталайық. Олимпиада деген не? Кім қалай ойлайды? Өз ойларыңды айтыңдар.
Ендеше тақтаға назар аударайық. Мұқият тыңдап, керек жерлерін жазып алуларыңа болады. (презентация «Олимпиада»)
І тапсырма

Балалар топқа бөліну үшін тақтаға келіп өзіміз қалаған парақшаны алып, өз тобымызды тауып тез отыра қаламыз.
ІІ тапсырма
Олимпиада ойындарындағы спорт түрлері жайлы сендердің алдарыңда мағұлматтар жатыр соны оқып, топта талқылап жіберейік.Ұжым алдында қорғап, түсіндіреміз.
І топ Велоспорт
ІІ топ Гимнастика
ІІІ топ Бокс
ІV топ Күрес
Презентация «Олимпиада жеңімпаздары» көрсетемін
Сергіту сәті: «Футбол» ойыны

ІІІ тапсырма (жұптық жұмыс) Шығармашылық жұмыс: Олимпиада жеңімпаздары. Жұптық жұмысты қорғау.
Сұрақтар:
1. Қашан алғаш рет олимпиадалық ойындар жүргізілді?
2. Олимпиадалық ойындар қайда пайда болды?
3. Олимпиадалық ойынға қатысуға кімнің құқы болмады?
4. Ежелгі Грекцияда олимпиада жеңімпазын қалай атады?
5. Олимпиада ойындары қанша жылда жүргізіліп отырды?
6. Олимпиада ойындарының 2014 жылғы бойтұмарын атаңыз
7. Олимпиадалық туда Азия қандай түспен бейнеленген?
8. Олимпиада ойындары қай жылдан бастап қысқы және жазғы болып бөлінді?
9. Олимпиада жалауы нені білдіреді?
10. Олимпиада алауы қайда жағылады?
11. Еліміз Тәуелсіздік алғалы неше рет олимпиадалық ойындарға қатысты?
Қорытынды: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет …Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдіміз. Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болайық дегім келеді

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *