Топта талдау жасау мен қатысу және құру процессі

Кантаев Азамат Нурланович
«Сындыбала Қырықбаева атындағы 
мектеп жанындағы шағын орталығы»  бар орта мектебі                                                                


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Бөлім 3 БӨЛІМ ГИМНАСТИКА АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ ДАҒДЫНЫ ҚҰРАСТЫРУ
Педагогтың аты-жөні ҚАНТАЕВ АЗАМАТ НУРЛАНОВИЧ
Мерзімі 26.11.2025
Сынып      11 c Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақ тақырыбы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары 11.2.2.2. Бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын таңдау және түсіндіру

 

Сабақтың мақсаты Дені сау,жаны сау оқушы тұлғасын қалыптастыру
Сабақтың кезеңі/ уақыт Педагогтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
1-кезең

Сабақтың басы:

10 минут

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, оқушылармен бірге оқу мақсаты анықталады. Оқушыларға  қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі. Оқушылар топтарға біріктіліреді. Қозғалыста және бір орында  Ж.Д.Ж.Оқушылардың бір біріне сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын сұрайды. (Ыстық доп әдісі)

Стикер арқылы оқушылар өздерін бағалайды.

Бас бармақ әдісі Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік.

 

2-кезең

Сабақтың ортасы: 30 минут

 

Оқу мақсатына жету үшін жаттығуларды көрсету барысында құрал жабдықтарды ауыстырып тұруын қадағалаңыз. Оқушыларға акробатикалық элементтер кешенін ұсыну. Бағалау критерилерін өз бетінше әзірлеуді ұсынылады, бағалау нұсқасы тапсырмада ұсынылған. (Ж, Т, ЖЖ, Тәж, Ф) Оқушылар ұсынылған кешенді орындайды және оның орындалуын бағалайды. 1. Тепе-теңдігін сақтай білу «бағдар» — 0,5 б. 2. Ұзындыққа алға домалау – 1 б. 3. Алға аударылып түсу – 1 б. 4. 180º-ге бұрылып тік тұру қалыпын сақтай алу — 1,5 б. 5. 3 қадамнан екпін алып Рондат жасау – 1 б. 6. Бір аяқта 180º-қа бұрылуды орындау, қолдар 3-ші позиция бойынша орналасады – 0,5 б. 7. Артқа тоңқалаң асып, аяқты бүкпей қолға тұру – 1 б. 8. Артқа аударылып түсу – 1 б. 9. Оң аяққа шпагатқа отыру (сол аяқ- көлдененнен) – 1 б. 10. Аяқты бірге қосып бүгу, қол артта бұрыш жасау: бір аяқты бүгу арқылы қолда тұру – 0,5 б. 11. Бір қолда шеңбер жасау – 1 б. 10 балл Бас бармақ әдісі Жоспарланған қызмет түріне қажетті гимнастикалық құрал жабдықтар.
3-кезең

Сабақтың соңы:

5 минут

Сабақ соңында оқушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындату. Ұй жұмысын беру. Стикер немесе парақшалар көмегімен оқушылардан кері байланыс алу Бас бармақ әдісі Рефлексия парағы.
Ескертпелер: Б = бүкіл сынып ;  Тәж = оқушы тәжірибесі;  Т= топтық жұмыс;  Д = мұғалімнің көрсетуі;

 ЖЖ = жұптық жұмыс;   Ф = формативті бағалауда көмек;   Ж = жеке жұмыс

 

Оставьте комментарий

Прокрутить вверх