Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында математика сабағында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау
Сахиева Нурсулу Полатбаевна
Жаңаөзен қаласы №18 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында математика сабағында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау.
Бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі-білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту болып табылады.Ұлы педагог Ы.Алтынсарин «Оқытушы бағалағанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек» деп, айтқандай, оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі- білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.
Оқушылардың білім нәтижелерін бағалау оқыту үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады, оқыту үдерісін басқарудың түйінді кілті бағалауда деп те айтуға болады. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушымен салыстырмалы түрде бағаланып келді. «Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада-бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. .Өз кезегінде, білім беру сапасын жоғарылату оқушылар жетістіктерін бағалаудың нақты критерийлерін жасауды талап етеді. Бағалаудағы ерекше амал критерий арқылы бағалау болып табылады. Критериалды бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі, яғни белгілі бір критерийлер арқылы бағалау болып табылады.яғни білім беру сапасын жоғарылату оқушылар жетістіктерін бағалаудың нақты критерийлерін жасауды талап етеді.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
1.Мектепте оқыту сапасын жоғарылату.
- Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы неде?
Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушысы болуы керек.
Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылады .
- Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы.
Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:
- Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар.
3.Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі .
Ұстанымдар негіздері:
- Бағамен оқушының жұмысы бағаланады.
- Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт.
- Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет.
- Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
1.Алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
- Анық, айқындылығы;
- Бағаның әділдігі;
- Өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Сабақта критерий арқылы бағалауды қолдану:
-сабақтың мақсаты критерий құрудың негізі болып табылады.
-сабақтың/бөлімнің басында оқу мақсатын түсіндіру.
-алдын-ала критерийлердің үлгісін дайындау, оқу мақсаттарына сай келуін қарау.
-критерийлерді оқушылар тіліне аудару, оларға түсінікті болу үшін өздеріне құрғызу (немесе) бірге құру.
-критерийлерді тақтаға немесе оқушының дәптерлеріне жаздырту.
-белгіленген критерийлерді оқушылардың барлығы бірдей түсінгеніне көз жеткізу.
-оқушыларға өз жұмысын құрылымдауға көмек беру үшін жоспарлауға/жазуға арналған ережелер.
Критериалды бағалаудың функциялары:
Ынталандыру Белсенділік Түзету Дамытушы
Принциптері: Нақтылық Әділдік Жүйелік
Критериалды жүйе арқылы бағаның қойылуы:
Оқытуда зерттеушілік іс – әрекеттердің кеңінен қолданылуы қазіргі талаптарға сай келетін жаңаша бағалау жүйесін қажет етеді.
Критериалдық бағалау жүйесі арқылы:
- Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау
- Тұлғаны нәтижеге жеткізу
- Өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау
- Қалыптастырушылық және негізгі бағалау арқылы білімін анықтауға болады.
Қалыптастырушы бағалау– Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды; негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді; кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді. Негізгі бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады; негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады; бір тарауға байланысты қалыптастырған білім деңгейін анықтайды және мазмұны оқылған материалды қамтуы керек. Негізгі бағалауда барлық критерийлер барынша қолданылуы керек. Критерий оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай алынады. Тоқсан соңында әр критерий бойынша негізгі бақылаудан алынған орташа балл есептелінеді.
Критерий арқылы бағалау ата – аналарға: баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;
баласының оқу үрдісін бақылай алуға; баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Оқушыларға: бағалау үрдісіне қатысу арқылы білімін тереңдетуге, нақты білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білу, сын тұрғысынан ойлай білуге мүмкіндіктер береді.
Критерий арқылы бағалау мұғалімдерге: нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; критерийлерді білу арқылы қате жібермеу, сапалы нәтиже беруге; рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға; сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құруға; өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; оқу үрдісінің сапасын жақсартуға; әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың траекториясын құруға мүмкіндік береді.
Математика пәні бойынша бағдарламаны жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында өткізіледі.
Бағдарлама мақсатына жету үшін келесі міндеттер айқындалды:
– мұғалімдер пән бойынша бағдарламаның жаңартылған мазмұнын білуі ;
– пән бойынша жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрену;
– пән бойынша жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрену;
– мұғалімдер математика сабағында оқытудың белсенді стратегиялары мен инновациялық амалдарды тәжірибелік тұрғыда мақсатты түрде пайдалануға жұмылу.
Ал, қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін және оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келген болатын. Сол кезде оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей келді, күмәнмен қарды. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады .
Формативті бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады. Формативті бағалау күнделікті сабақта үлкен роль атқарады, себебі күнделікті оқу жетістіктері мен кері байланыс оқушыларға өз оқуы туралы қортынды жасауға және нәтижені жақсарту үшін керекті шешім қабылдауға ықпал етеді. Формативті бағалау оқушының әр сабақтағы іс – әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігі, еркін өз ойын білдіруі, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы т.б.жатады. Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды. Мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, қолдау көрсету, ынталандыру формативті бағалаудың түрлері болып табылады.
Формативті бағалау оқыту кезеңінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Формативті бағалау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бағалаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы мен жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.
«Мақсат – жетiстiктiң желкенi» – дегендей, алға қойған мақсатымыз – оқушының шағын топтарда немесе жұппен жұмыс жасауда, бірлесіп үйреніп, ортақ мәселелерді талқылай алуы. Сонымен қатар барлық сабақтар барысында формативті бағалаудың келесі түрлерін қолдануға болады:
– Фишкалар тарату
– Қол шапалақтау немесе мадақтау;
– Стикерге бағалау;
– ” 2 жұлдыз, 1 тілек”;
– “Мақсат ағашы” арқылы бағалау;
– Өзін – өзі бағалау;
– Жұпта бірін -бірі бағалау;
– Топта бірін – бірі бағалау.
– “Сұқ саусақ” белгісі арқылы бағалау;
– «Алақан» белгісі арқылы бағалау
Критериалды бағалау сабақтың өн –бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады. Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастырады.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
«Тұжырым жасай білген адам, алдына мақсат та қоя біледі» деген екен белгілі шығыс ойшылы. Олай болса, бағалауға деген көзқарасымызды өзгертсек, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды енгізіп, оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттасақ, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, нәтижеге жеткізу, ал оқушыларымыз әр сабақта белгілі бір нәтижеге жету барысында еңбектенсе, оқушы да, мұғалім де өз еңбектерінің табысын көре алады деп ойлаймын.
Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ –егеменді елдің берік тірегі. Сондықтан да Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы -2050» «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.
Қорыта айтқанда: А.Байтұрсынов ағамыз былай деген екен: «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы…» демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз. Сол себепті бағалаудың түрлерін тиімді пайдаланып, оқушыларды терең біліммен қаруландырып отырсақ, болашақта мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары деңгейге көтерілетініне, тәуелсіз еліміздің болашағы баянды болатынына сенімім мол.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718