Мен ауылға барамын

Альсейтова Галия Кадыровна

 «Мен  ауылға  барамын ».

 

Мақсаты: Балалардың  ауылға  деген  қызығушылықтарын  арттырып,  тіл  байлықтарын  дамытып, туған  жерге  деген,  адамгершілікке, еңбекқорлыққа  тазалыққа  тәрбиелеу. Балаларды   асық  ойнауға үйретіп,  қазақтың  салт- дәстүрлерін бойларына  дамыту.

 

Біз  кішкентай  баламыз.

Өсіп-өніп  толамыз,

Күнге  қарай талпынып,

Көкке  қолды  созамыз.

Қанат қағып  ұшамыз,

Қарлығаштай  самғаймыз.

 

Қәне  балалар  сендер ауыл  туралы  қызықты  видеофильм  көргілерің  келе ме? Ендеше  балалар  бүгінгі  ашық  оқу  қызметінің  тақырыбы:  «Мен  ауылға  барамын» деп  аталады.  Ауыл  туралы  қысқа  видеофильм  көрсетіледі.  Балалар  көгалда  әр  түрлі  ойындар  ойнап  қызықтап  жүрген  сәттерін  тамашаладыңдар.  Кім қандай  әсер алды. Кім  қысқаша  сурет  бойынша  әңгімелеп  бергісі  келеді.

Осы  мезетте  есік  қағылады. Хатшы  сиқыршы  сандықшаны   балаларға  әкеліп  береді.

 

Тәрбиеші:  Балалар  біздерге  сыйлықтар  келген  сияқты. Қәне  ашып  көрейікші. Хат  бар екен. Хатты  ашқан  кезде  ішінен   қағазға  жазылған  жұмбақтар  ашылады.

 

Қәне  тыңдайық.

Ұқсайтын  шеңберге,

Қабырғасы  жиылып  керіледі.

Жихазы  мол,  кең  бөлме,

Төбесінен  жұлдыздар  көрінеді.  ( киіз үй)

 

Балалар   ән  айту  үшін,  дауыс  жаттығуларын  жасаймыз.  Дауыстарын  келтіріп,  ән  айтуға  дайындау.

Ән: «Мен  ауылға  барамын»  Әннің  мәтінімен  таныстырып,  дауыстарын ашып  әнді  буындарға  бөліп  айтуды  қалыптастыру.

 

Музыка  сүйемелдеуінің  көмегімен  әнді  хормен  айтып  үйреніп,  бір-бірінің  дауыстарын  тыңдау.

Балалар  сендерге   ән  айтқан  ұнады ма?.  Ендеше  ауыл  туралы  суреттер  тамашалап  көріңдерші.

 

Балалар  сендер  ойын ойнағыларың  келе ме?. Ендеше «Ойын»  сөзі  мағынасының  түп-төркіні  қуаныш, әзілге  сәйкес келеді. Мысалы:  Ежелгі  Рим   халықтарының,  ойын  мағынасын  осылай білдіреді    екен.

 

 

Балалар  сендерге  ойын  шартымен  таныстырып  өтейін.      Ендеше  ортаға   балалар  шеңбермен  тұра  қалыңдар.  Музыка   әуенімен  ортадағы  шарларды  таяқпен  ұрып,  карзинаға  апару  керек.  Кім  бірінші апарады.  Сол  бала  жеңіске  жетеді.  Ойын  Осылай  жалғаса  береді. Сендерге  ойын  ойнаған  ұнады ма?.

 

Бүгінгі  оқу  қызметінде жақсы  демалу  үшін   сергіту  сәтін  жасайық.

 

Орнымыздан  тұрайық,

Екі  қолды  созайық,

Бір  отырып,  бір  тұрып,

Орнымызды  табайық.   Осы   жаттығу   музыка  әуенімен    өткізіледі.

 

Ал  балалар  сендерге  ойын  ойнаған,  ән  айтқан,ауыл  тіршілігінің  көріністері  ұнады ма?.

 

Мен  ауылға  барамын  әнінде  сендер  ауылдағы қызықты  сәттер,  ұлттық  ойындар,  ұлттық  әндер  үйрендіңдер.

 

Балалар  осымен  оқу  қызметі  өз  мәресіне  жетті.  Бүгін  барлықтарыңда  жақсы  қатысып,  өздеріңді  көрсете  білдіңдер. Әннің  айтылу ережесімен, дауысты әуенмен  таза айтуды да  жақсы  меңгердіңдер. Оқу  қызметі  аяқталды.  Сау  болыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *