Елін сүйген Елбасы.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Білім беру саласы: «Қатынас»
Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Үлестірмелі материал, суреттер.
Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ – жауап, мадақтау
– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Шаттық шеңбер:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
– Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
– Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
– Қыс мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
– 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
– Ал, балалар, көгілдір мына суретке назар аударайық.
– Балалар, бұл кім?
– Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?
– Әр елдің өз басшысы болады. Ал біздің Елбасымыз тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз Нұрсұлтан қаласында тұрады. Мынау – Нұрсұлтан қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда. Қазіргі таңда біздің елдің Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы.
– Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
– Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
– Еліміздің рәміздерін мына суреттер арқылы қарап білейік.
– Балалар бұл біздің мемлекеттік – Гимніміз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы. «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген. Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.

Балалар, дидактикалық ойын ойнайық. Ойын:«не жетіспейді?»
Ойын шарты: Балалар мынау не?
Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып көріп жабыстырайық.
Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.
– Балалар, біз нені жабыстырдық?
– Күннің түсі қандай?
– Күннің пішіні қандай?
– Тудың түсі қандай?
– Күнді
– Сары
– Домалақ
– Көк
Сергіту сәті: Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
– Елбасымыз кім?
– Қазіргі Президентіміз кім?
– Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай аталады?
– Біз қай елде тұрамыз?
– Біз бүгін не жабыстырдық?
– Жарайсыңдар, балалар!
Әрқашан еліміз тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін!
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Елбасын және елбасы күнін
Үйренуі керек: Рәміздерді құрметтеуді.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *