Көмекшілер

Тәрбиеші: Еркінбек Қасиет
(ортаңғы тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметі)
Білім саласы: Коммуникация
Ұйымдастыру оқу қызметті: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Көмекшілер »
Мақсаты: а) Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге (ыдыс- аяқтар- қасық, шанышқы, кесе, тостаған т.б) үйрену.
ә) Сұрақ- жауап әдісі арқылы таныс шығармалардың мазмұнын айтып беруге дағдыландыру.
б) Сөздік қорларын толықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
в) Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу
Қолданылған әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, сергіту сәті, дидактикалық ойыны, жұмбақ.
Көрнекілік: 10 демонстрациялық материал, 10 үлестірмелі материал (ыдыс- аяқ суреттері).
Билингвальдік компонент: ыдыс-посуда шанышқы-вилка.
Мотивациялық – қозғаушы:
Шаттық шеңбері
Дос болайық, бәріміз,
Жарасып тұр әніміз,
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
Ұйымдастырушылық-ізденістілік:
Балаларға « Көмекші» әңгімесін оқу.
Балалар мұқият тыңдау
-Балалар, ас ішерде дастарқанды кім дайындайды?
Анамыз.
-Сендер қайтіп көмектесесіңдер?
Нанның ыдысын алып береміз, кеселерді әкеліп, үстел үстіне қоямыз
Ендеше балалар мен сендерге жұмбақ жасырам сендер жауабын тауып көріңдерші.
Жұмбақ:
Өткір жүзді келеді,
Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледі,
Ұсақтап та турап мол.
(Пышақ)
Сабы бар,
Басы шатыр.
Табысын өлшеп әкеп,
Құдыққа тасып жатыр.
(Қасық)
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір,
Гүл- гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
10 үлестірмелі материалдармен жұмыс
Дидактикалық ойын: «Заттың атын ата.»
Шарты: суреттегі ыдыс- аяқтардың атын атату. Жеке жұмысты қажет ететін балалармен аналарына көмектесуі туралы сұрақ- жауап әдісі арқылы әңгімелесу.
Қорытындылау:Алған білімдерін сұрақ-зжауап арқылы қорытындылау.
Күтілген нәтиже
Біледі: ыдыс- аяқтар аттарын қатыстырып, сөйлемдер құрастыру сияқты тапсырмаларды:
Игереді: ыдыстардың не үшін керектігін;
Қолданады: таныс шығармалардың мазмұнын әңгімелей білу іскерліктерін

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *