«Бейнелеу өнерінде дәстүрден тыс әдістерді қолдану»
1.Ф.И.О – Искакова Сайлаукуль Болатқызы
2.Жұмыс орны : № 39 «Меруерт » балабақшасы
3. Лауазымы: – дене шынықтыру нұсқашысы
4.Қала – Нұр Сұлтан қаласы.
5. Тақырыбы : «Бейнелеу өнерінде дәстүрден тыс әдістерді қолдану»
Бейнелеу өнерінде дәстүрден тыс әдістерді қолдану
Алақан және саусақ арқылы сурет салу. Саусақпен сурет салу – алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың қасиетін қанықтығын, жұмсақтығын сезінуге көмектеседі. Балаларға алақан немесе саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта, мата, порролонды қолдануға болады. Бояуды жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен сурет салғанда бояуды табаққа құйған жөн. Әр саусақты бір түсті бояуға батырып аламыз. Қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып, қағаз сүлгімен сүртеміз. Ағаштың суретін салғанда саусақпен діңі мен бұтақтарын бейнелейді, содан кейін алақанға сары, жасыл және қызыл сары бояуды жағып, жапырақтардың суретін салады. Үлкен ақ қағазда салу ұжымдық жұмысқа ыңғайлы. Алғаш рет дәстүрден тыс әдістерді қолдану барысында күннің суретін үлкен етіп салып, ал шуақтарды шеңбер бойымен балалар өз алақандарын бастыру арқылы түсірсе өте әдемі сурет шығады. Саусақ кескіндемесі (живопись) көмегімен орамалды әшекейлеу, аңдардың іздері, пейзаж суреттерін тамаша етіп бейнелеуге болады.
Нүктелер арқылы сурет салу. Нүктелер арқылы сурет салу немесе нүктелі сурет дәстүрден тыс әдіске жатады. Нүктелер саусақ немесе қылқалам ұшымен тықылдату әдісі арқылы түсіріледі, нүктелердің көлемдері әр түрлі болуы мүмкін. Нүктелер арқылы салынған сурет мозаика сияқты болады. Педагог контур нүктелерді қойып суреттің сызбасын даярлайды. Балаға нүктелерді сызықтармен қосу ұсынылады. Пайда болған бейнені аяқтауға, бояуға, сюжет ойластыруға және ат қоюға болады. Жұмысты аяқтаған соң балалар ашық түстерді немесе суық және жылы түстерді көп қолданған суреттерді топтастырады.
Тіс щеткасымен сурет салу. Ол үшін қағаздан түрлі жануарлар, адамдар, гүлдер мен ақшақар силуэтін қиып алу керек. Оларды қағаз бетіне орналастырамыз да ескі тіс щеткасын алып, оны аздап сулап, құрғақ гуашь немесе майлы бояуды жағу қажет. Бұдан кейін кез келген қатты затпен, қарындаш немесе балмұздақ таяқшасымен мәсуектің қылын ары-бері қозғап, қағаз бетін силуэттің айналасын түрлі-түсті бояуға толтыру керек. Әр түсті кезекпен қолданған жөн. Енді қағаз үлгіні (трафаретті) алып тастап, даяр суретті тамашалауға болады.
Дымқыл қағазға сурет салу. Дымқыл қағазға салынған мазмұнды суреттер әсерлі бейнеленеді. Баланы қағаз бетін сәл дымқылдай білуге үйретеміз. Дымқылдау үшін мақтаны аздап суға батырып, қағаз бетіне жағады да дымқыл қағаз бетіне тез сурет салып шығуы қажет. «Тұмандағы қала», «Менің түсім», «Жаңбыр жауып тұр», т.б. тақырыптарда сурет салғызуға болады.
Умаждалған қағазбен сурет салу әдісі алдымен негізгі бет, палитраға керекті қоюланған гуашь бояуының түстерін, умаждалған бірнеше қағаз бөліктері дайындалады. Бала умаждалған қағазды бояуға батырып сурет салады, әр түске батырған сайын қағаз бөлігін ауыстырады.
Құммен сурет салу әдісі. Балаларға құммен сурет салуға құштар келеді, себебі, балалар құммен ойнағанды қатты ұнататыны сөзсіз. Ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады. Пва желімін сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағып шығамыз. Жағылған желімнің үстіне ыдыстағы құмды себелеп шығады.
Бастыру әдісі әр түрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу балаларда жағымды эмоция, қызығушылық тудырады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Аталмыш техника арқылы жұмыс істеу балларда жағымды эмоция тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет салуға қолдану мүмкіншілігін ашады. Бастыру үшін әр түрлі заттарды жапырақ, түрлі өсімдіктер, поролон, көкөністер, жүн, алақан, қарындаштың екінші жағы, жіп, текшелер, өшіргіш, қорапшалар, түймелер т.б
Көкөністер бастырмасы. Балалар бастырма көмегімен салынған бейнегеерекше қызығушылық танытады. Әсіресе көкөніс қалдығынан балалардың көз алдында даярланған штамптар, даяр сатып алғандарға қарағанда балалардың қызығушылығын арттырады. Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан және қызылшадан түрлі пішіндер жасауға болады. Мысалы: шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш даярлау; картоп немесе өзге көкөніс қиығында контур жасап, артығын кесу; штампты гуашқа батыру немесе оған қылқалам көмегімен субояу жағу;қағаз немесе мата бетіне ойлаған сурет шығатындай етіп бастырады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718