Табиғат құбылыс, Жел

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Табиғат құбылыс, Жел.»
Мақсаты: Балаларға табиғат және оның ерекшеліктерін түсіндіру. Қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін және табиғат аясында экологиялық, проблемалық жағдайларын шешуді үйрету. Желдің қалай болатынын тәжірбие жасау арқылы түсінік беру. Табиғатты қорғауға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Безендірілген топ бөлмесі, суреттер, бейне таспа, табиғат көрністерінің суреттері, батпырауық, желпуіш май шам.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс-әрекетінің Балалардың іс-әрекетінің
М.к Шарттық шеңбері:
Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз.
Армысың табиғат анамыз.
Сәлем берді өзіңіздің балаңыз.
Сүйікті табиғатты аялайық.

Жұмбақ жасыру.
Гүілдейді, уілдейді.
Басқа тілді білмейді.
-Балалар, жер дегеніміз не?
Балалар, жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы, жел дейміз.
-Балалар, желді көргендерің бар ма?
-Кім қалай ойлайды?
-Көзге көріне ме?
-Желдің соғып тұрғанын қалай білуге болады?

Тақтадағы суреттерге қараңдаршы.
Бірінші суреттегі әлсіз жел яғни шөптердің жай қимылдаған сәттері.
Келесі суретте қыс мезгілінде кездесетін құбылыс.
Келесі қатты дауыл соққанда ағаштардың қопарылған сәттері.
Енді осы желдердің дауысын тыңдап көрейікші қандай дыбыс естіледі екен.
1. Әлсіз желдің дыбысы
2. Қатты желдің дыбысы
3. Құйын желдің дыбысы
-Балалар, енді естіген дыбыстарымызды көзбен көрейік қандай болады екен.
Қазір біз бірнеше тәжірбие жасап көрейік. Қандай жағдайда желдің болатынын көрейік.
-Балалар біздің отырған топтың ішінде жел бар ма?
1. Дала суық, топтың іші жылы. Терезені ашып көрейік міне ілулі тұрған перде қозғалып тұр, салқын ауа мен жылы ауа ауысып жел пайда болды.
2. Алдарыңдағы желпуіш алып желпіңдер, не болды?
3. Желқағазды алып әрі бері қимылдатыңдар және үрлеңдер, не пайда болды?
Далаға шығып жүргірсеңдер желқағаз оданда қатты айналады.
Сергіту сәті:
Қыздарды ортаға шеңберге тұрғызып, қолдарыңа қызыл жалауша, ұлдар сыртында көк жалауша мен бір-біріне қарай қарама-қарсы жүреді, тоқтап араласып тұрып қалады.
Жарайсыңдар, балалар.
4. Әр қайсының алдарындағы шарды алыңдар, не байқап тұрсыңдар. Ал, енді алып үрлеңдерші, не өзгерді? Ішіне не толды?
Ауаны біз көреміз бе?
Шарды жіберсек ішіндегі ауа сыртқа шығып шар екіксіз жан-жаққа қарай ұшады.
-Бәрекелді, балалар.
-Енді соңғы тәжірбиеміз.
Маған мұхият қараңдар. Менің қолымда шығыршықты жанып тұрған май шамның үстіне жақытдатқанда не болады?
-Жоқ, балалар, шығыршық қағазды май шамға жақын үстінен ұстап тұрсақ ол еріксіз айналады екен.
Балалар мұндай тәжірбиені үлкендерсіз істеуге болмайды, себебі неге?
-Дұрыс айтасыңдар сақтанып жүруіміз керек.
Сонымен бүгін оқу іс-әрекетте не істедік?
-Қандай тәжірбиелер жасадық?
-Желдің қандай түрлері бар?
-Ал, балалар бүгінгі істеген тәжірбиеміз ұнады ма? Оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар.
Жүректен жүрекке.
Қол ұстасып тұрайық.
Шеңбер жасап күнжақсы,
Сау-саламат болайық.
Балалар бәрі бірге өлең жолын айтады.

Жел.

Балалардың жауаптары тыңдалады.
Жел соғады, бұлттарды айдайды, жаңбыр жаудырады.
Балаларда суретке қарап толықтырады.

Көрейік.

Жел жоқ.

Перде желден қозғалып жатыр.

Жел қазағымыз айналып жатыр.

Балалар бой жазып алады.

Үрлендеген шар.
Шар дөңгелек
Ауа толды.
Көре алмаймыз.

Шығыршық қағаз жанып кетуі мүмкін.

Өйткені өрт шығып кеиуі мүмкін.

Балаларды жауабы тыңдалады.

Балалар барлығы бірге айтады.
Күтілетін нәтиже: Айтады: адам мен табиғат үшін желдің маңызын.
Түсінеді: адам тіршілігінде желді қалай пайдалатынын.
Қолданады: ҰОҚ-да алған білімдерін қорытындылап, зерттеу іс-әрекетінде алған дағдыларын іс-тәжірбиеде қолданады

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *