Менің сүйікті ойыншығым

http://№1«Балапан» кіші тобында ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы. 

Білім беру саласы:Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым.

Мақсаты: Ойыншықтар жайында әңгімелесу арқылы, балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеулерін дамыту. Міндеттері: а) Ойыншықтар туралы әңгімелесу, оларды сипаттап айтуға үйрету. ә) Сөздік қорын молайту. б) Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ойыншықтар, (қонжық, мәшине, доп).

Әрекет кезеңдері

Тәрбиенің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері: Қуанамын мен де. Қуанасың сен де, Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге! -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар? Балалар қолдарын көтеріп, қимылмен көрсетеді. -Күз мезгілі. -Үш ай бар. Іздену ұйымдастырушы -Балалар бүгінгі біздің оқу қызметіміз.Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым. М.Әлімбаевтың «Ойыншықтар» өлеңін оқып беру: Біздерде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды, Айтқаныңнан шықпайды. -Балалар қараңдаршы. Қандай әсем,әдемі ойыншықтар. -Біз бүгін осы ойыншықтар туралы көбірек білетін боламыз. -Балалар ойыншықтар бірнеше топқа бөлінеді. Олар; қатты ойыншықтар, жұмсақ ойыншықтар, резеңке ойыншықтар. Қатты ойыншықтарға мәшине,ұшақ,пойыз жатса,жұмсақ ойыншықтарға аю,қоян жатады. Резеңке ойыншықтардың жұмсағы да, қаттысы да болады. Сергіту сәті. Ғажайып сәт: Топқа қоян кіреді. -Сәлеметсіздерме балалар мен сендермен, қызық ойын ойнау үшін келдім. Дорбам толы сыйлықтар, кім жақсы ойын ойнаса , сыйлықтарды аямаймын. Ойын: «Кім жылдам?» Шарты: Қоян көрсеткен ойыншықтың, балалар атын атайды -Балалар сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдерме? – Қандай ойыншықтарды білесіңдер? Қимыл келтіріп жаттығуды орындайды Рефлекциялық түзетушілік Қорытынды. -Балалар ойыншықтарды сындыруға болама? -Досымыздың ойнап отырған ойыншығын тартып алуға болама? Балалар ойыншықтарды сындырмай ұқыпты ойнаймыз,ойыншықтар біздің достарымыз.Мақтау мадақтау. Балалар сұрақтарға жауап береді

\. Күтілетін нәтиже: Біледі: ойыншықты сипаттауды; Игереді: ойыншық туралы түсінікті; Меңгереді: өлең жолдарын жаттауды.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *