Мүсіндеу «Доптар»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «доп»

Мақсаты:    Доп туралы жалпы түсініктерін кеңейту, ермексаздан жұмыр пішінді ойыншық доп жасауды үйрету; қол қимылының үйлесімділігін, домалақ пішінді жасауды дамытып, ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, доп, тақтайша, ермексаз, сулық.

Сөздік жұмысдомалақ

Билингвальды компонент: доп мяч.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, «Кім епті?» ойынын ұйымдастырады.

Тәрбиеші ортада тұрып, балаларға допты кезек кезек лақтырады. Балаларға үлестірмелі материалдағы сурет бойынша қысқаша әңгіме айтып береді.

Билингвальды компонент: доп мяч.

 Балалар допты қолдарымен қағып алып, қайтадан тәрбиешіге лақтырады.

Әңгімені мұқият тыңдайды.

Тәрбиешінің соңынан «доп мяч» сөзін қайталайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

Сөздік жұмыс: домалақ

Доптың пішіні қандай?

Доптың түсі қандай?

Доп қатты ма жұмсақ па?

Доп жеңіл ме ауыр ма?

Доп бізге не үшін керек?

Топта доптың көп болғаның қалайсыңдар ма? Ендеше, өзіміз доп жасап алайық.

Саусақ жаттығулары.

Қолымыздың саусақтарының көмегімен үлкен және кішкентай доп жасап көрейік.

Ермексаздан доптың қалай жасалатынын көрсетіп, түсіндіру:

Ермексазды таңдап аламыз

Ермексазды алақан арасына салып, айналмалы қимыл қозғалыстар жасай отырып, домалақтаймыз;

Басқа түсті ермексазбен әшекелейміз.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Тәрбиеші қажет жағдайда қиналып отырған балаға допты әшекейлеуге көмектеседі.

Сергіту сәті.

Добым менің, добым менің

Добым неткен көңілді едің

Зымырайсың, қутыңдайсың,

Менен қашып құтылмайсың.

Ш. Смаханұлы.

Жұмбақ

Ұрсаң қатты зырлайды

Жерге қарғып тұрмайды

Тиәп кетсе басыңа

Ешбір зиян болмайды.

(доп)

Домалақ

Қызыл, сары.

Жұмсақ

Жеңіл

Ойнау үшін

Иә

Екі қолдың саусақтарын бір біріне тигізіп, домалақ пішінді үлкен допты көрсетеді. Бір қолдың саусақтарын бір біріне тигізіп, кішкентай допты бейнелейді.

Педагогтің айтқанын балалар мұқият тыңдайды.

Балалар ермексаздан допты мұсіндейді.

Өлең жолдарын бәрі бірге қосылып, қимыл қозғалыстар жасайды.

Жұмбақты шешуге тырысады.

Жауабы: доп.

Рефлексиялық-түзетушілік

 Бірнеше сұрақтар қойып пысықтайды.

Балалар, бүгін не жасадық?

Үлестірмелі материалдағы мазмұнды суреттегі балалардың қуанғанын айтып, осы суретке жасаған жұмыстарын қойып ойнауды ұсыну.

Балаларды мадақтайды.

 Доп жасадық.

Балалар жасаған жұмыстарын үлестірмелі материалдағы суретке қойып, ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:  ермексаздан домалақтау тәсілімен жасалған допты басқа түсті ермексазбен безендіріп;

Игереді: доптың ерекшеліктерін (пішінін, түсін, салмағын)

Меңгереді: ермексаздан алақан арасына салып домалақтау білімін.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *