Көркем әдебиет. “Алтын дән”

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Алтын дән» (өлең) Күләш Ахметова
Мақсаты: балаларды «Алтын дән» өлеңімен таныстыру,нанды қадірлеуге үйрету,нан қалай пайда болатыны туралы түсіндіру
Әрекет
Кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті

Мотивациялық-
Қозғаушылық Балаларды шеңберге шақырады.
Жылулық шеңбері:
Балалармен бірге төмендегі өлең жолдарын орындайды.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Қайырлы таң,балалар
Қайырлы таң қонақтар! Шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап, өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастыру– іздестіру Кіріспе әңгіме.
• Ал енді, мен сендерге Күләш Ахметова апаларыңның «Алтын дән» өлеңін оқып берейін. Қазір күз мезгілі. Бұл кезде жапырақтар сарғайып, барлық көкөністер мен жемістердің, дәнді дақылдардың толысып пісетін уақыты.

Өлеңді мәнерлеп оқу.
Алтын дән
Жатыр дала жалтылдап,
Жаз шуағын мол құйды.
Күн астында алтын дән
Тербеледі, толқиды.
Толықсыған тасқындай
Көкжиекпен ұштасып,
Күн астында ақ бидай
Билейді қол ұстасып.
Түсіндірме жұмыс:
Балалар Күләш апаларың бидайды алтын дәнге теңеген.Дән егеді,баптап өсіреді және одан бидай өседі,бидайдан ұн жасап,нан пісіреді

Сергіту сәті:
Нан қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар.

Топқа сап-сары Бауырсақ кіреді

Тәрбиеші:-Сәлеметсің бе,қайдан келдің бауырсақ?
Бауырсақ:-Сәлеметсіңдер ме,мен алтын дән жапқан даладан,ұн тартқан диірменнен,нан жапқан наубайханадан келдім,мен балаларға қызықты ойын мен себет толы неше түрлі ұннан жасалған тағамдар ала келдім

Д/О: «Нан қайда?»
Мақсаты:
Нан,бауырсақтың суреттерін басқа суреттердің ішінен тауып,себетке жинау

Балаларға себеттен ұннан жасалған тағамдарды көрсетеді.

Орындарына жайғасады, мұқият тәрбиешінің айтқандарын тыңдайды.

Өлеңді мұқият,қызыға тыңдайды.

Қимылдарын келтіріп, барлықтары бірге сергіту сәтін орындайды. Қызығушылықтары артады.

Балалар Бауырсақпен амандасады

Ойынды аса қызығушылықпен ойнайды

Ұннан неше түрлі тағамдардың жасалынатынын білді

Рефлексивті– түзетушілік
Қорытынды:
Өлеңде не туралы айтылған?
Алтын дән дегеніміз не?
Ас атасы – нан.
Балаларды мақтап, мадақтайды.
Балалардың жауабы,тәрбиешінің артынан бірнеше рет қайталап, жаттап алуға тырысады.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: өлең мазмұнын;
Болу керек: алтын дәннің нәтижесі – нан, оны қадірлеу керектігі туралы түсінік ;
Істей білу керек: нақыл сөздерді қолдана біледі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *