Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры

Кусаинова Н.Е.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы,

№62 мектеп-лицейі

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Кусаинова Н.Е.

Сынып: 7 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы  Орхон-Енисей ескерткіштері

«Күлтегін» жыры

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары А/И1 Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру

Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.

Сабақтың мақсаты   Барлық оқушылар: шығарма эпизодтары мен бейнелерді біледі

Оқушылардың көбісі: «Күлтегін» шығармасын басқа шығармалармен салыстырады;

Оқушылардың кейбірі: Ұқсас шығармалар бойынша өз пікірлерін ортаға салады

Бағалау  критерийлері ·         Шығарма эпизодтары мен бейнелерді біледі

·         Ұқсас екі шығарманы салыстырады

·         Ойларына дәлел келтіріп айтады

Тілдік мақсаттар Пән лексикасы және терминология: Күлтегін, Білге қаған, Йолығ тегін, Табғаштықтар, ел, тәуелсіз, күрес т.с.с

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: Менің ойымша…;Салыстыра қарғанда…; Өмірмен байланыстыратын болсам…;  Бұл оймен келісемін/ келіспеймін, себебі…

Сабақтың түрі Шығармашылық  сабақ
Жоспар
Жоспарланатын уақыт   Дереккөздер
Сабақтың басы

 

 

 

 

Оқылым алды тапсырмасы:

— оқушыларға тақырып пен мазмұнды болжату.

 «Болжау»

Оқушыларға мәтін мазмұнынан хабар беретін суреттер беріледі.

 

Бейнематериал  көрсетіледі.

 

Тыңдай отыра оқушы өз  пікірін айтуға, ойын дәлелдеп сөйлеуге дағдыланады.

 

Сәйкестендіру кестесі:

Оқушылар топта төмендегі кестені сәйкестендіріп шығады және дұрыс жауаппен салыстырады. Салыстырудан кейін жұмыстарына байланысты өз пікірін білдіреді.

Сәйкестендір.

Бұмын қаған Елтерістен кейін таққа отырған адам
Елтеріс ақылшы, кеңесші
Білге батыр
Күлтегін хан

 

Тоңұқұқ түркі елін жалғастырған басшы
Қапаған Түркі қағанатын негізін қалаған

 

 

 

 

Дұрыс жауап.

Бұмын қаған – Түркі қағанатын негізін қалаған

Елтеріс – түркі елін жалғастырған басшы

Білге – хан

Күлтегін — батыр

Тоңұқұқ – ақылшы, кеңесші

Қапаған – Елтерістен кейін таққа отырған адам

 

 

 

 

 

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=FwmIbHccg-8

 

[PPT]тоныкөк білге күлтегін 4

 

       Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану

«Сөздік» жұмысы.

«Күлтегін» жыры бойынша сөздердің мағынасын анықтайды. Жырдағы тағы басқа түсініксіз сөздерді кестеге енгізуге болады

 

Сөз Біздің анықтама Сөздік

тегі анықтама

Сөйлем
Қадырхан,Кері -Кену      
қаһан      
қатын      
паң      
қоңы      
шад      
түстік      
терістік      
алдаспан      
пышыра      

  «Джиксо» стратегиясы бойынша оқушылар «Күлтегін» жырының мазмұнымен танысып, тақырыбы мен идеясын, Күлтегіннің ерлік, батырлық болмысын  ашады.

Ерлік, елдікті жырлаған тарихи жырдың ауыз әдебиетіндегі батырлар жырымен де үндесетінін салыстыру.

«Күлтегін» жыры ежелгі түркі дәуірінің ерлік, елдік, батырлық өмірін жырлаған тарихи  жыр екенін аңдату.

Жырдың  идеясын     ашатын  тұсын  оқушылардан  сұрау.

 

 

 

«ВЕНН диагарммасы»  тәсілі.

Оқушылар «Күлтегін» жыры мен  батырлар жырын салыстырады. Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.

1-топ.

«Күлтегін» жыры мен батырлар жырының мазмұнындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырыңыздар

2-топ.

Күлтегін батыр мен Алпамыс батырдың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырыңыздар

3- топ.

Күлтегін батырдың астына мінген  аты мен Тайбурылды салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыздар.

4- топ

Күлтегін батырға ақыл кеңес беретін Тоңұқұқты  батырлар жырында батырларға ақыл- кеңес беретін тұлғалармен салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығына талдау жүргізіңіз. (Оқушылар белгілі бір батырлар жырын таңдай алады. Мысалы, «Қобланды батыр, «Алпамыс батыр» т.с.с)

Бағалау критерийі Дескрипторлар
Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерге салыстыру жұмысын жүргізеді

 

«Күлтегін» жырындағы эпизодтар мен бейнелерді батырлар жырындағы эпизод пен бейнелер арқылы салыстырады

 

Ойларына шығармадан дәлел келтіріп айтады

 

 

 

Бағалау. «Микрафон» әдісі. Жеке оқушыларға микрафон ұсыну арқылы топтарды бағалау критерийі арқылы  бағалату және ұсыныстар айтқызу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

  Кері байланыс.

Үйге тапсырма: ««Күлтегін» шығармасын әсерлі етіп тұрған не?» деген тақырыпта сыни шолу  жазып келу.

Ауызша кері байланыс

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.