Ғажайып алаң

Батыс Қазақстан Облысы әкімдігі білім басқармасы

Казталов ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің

тәрбиешісі Галимова Гүлжан Бақтиярқызы

 

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып алаң»

Сабақтың мақсаттары: а) Түзете — дамыту: Қол саусақтарымен, мақта таяқшаларымен сурет салу арқылы суретке деген қызығушылықтарын ояту, қол моторикаларын дамыту, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту. Оқушылардың қимыл-қозғалыс ойындарына деген қызығушылықтарын дамыту және ептіліктері мен жылдамдықтарын арттыру мақсатында «Зымыран ұшыру», «Көңілді баспа», «Кім жылдам» қимылды ойындарын ойнату.

б) Тәрбиелік: шапшаңдыққа, ептілікке және топ болып жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Міндеттер: Психологиялық дайындық, сергіту сәті, тапсырмаларды орындату, ойындар ойнату, топтық жұмыстар.

Күтілетін нәтиже:

  • Балалармен қарым – қатынастары орнайды;
  • Ойын іс – әрекеттері қалыптасады;
  • Шығармашылық қабілеттері артады;
  • Түстерді дұрыс қолдануға үйренеді;
  • Топпен жұмыс істеуге машықтанады;

Сабақта қолданатын әдістер мен тәсілдер: түсіндіру, ойындар, тапсырмалар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар.

Сабақ барысы:

Жылулық шеңбері

Психологиялық дайындық.  

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Салембердік біз,

Саламатсыздарма?!

(Балалар шеңберге жиналып, қызығушылықпен айтады)

Балалар бүгін бізга сабаққа көп қонақтар келген екен. Ендеше біз сабаққа көңілді, сергек қатысайық. Балалар біздер көңілді, әрі әдемі жүру үшін не керек? (денсаулық) дұрыс балалар денсаулық керек, ол үшін біз ойындар ойнап шынығуымыз керек. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Ғажайып алаң» атты атап тұрғандай біз бүгін сабақта сурет салып, бояймыз, әртүрлі қимылды ойындар ойнаймыз. Дайынбыз ба, сабаққа балалар? Ендеше кірісейік.

1.Қол саусақтарымен сурет бояту.

 

  1. Мақта таяқшаларымен сурет салу.

 

Сергіту сәті (әуен арқылы):

Шарты: мен сөздерді айтып тұрамын, балалар қимылмен орындайды.

  1. Құс болып ұшу
  2. Алма жинау
  3. Суға шомылу
  4. Қар лақтырып ойнау
  5. Қояндай секіру
  6. Аюдай қорбаңдау
  7. Ұйқыдан керілу.

Жарайсыңдар! балалар сергіту сәтін орындап, бір сергіп алған сияқтымыз. Келесі балалар ғажайып алаңда қимылды ойындар ойнайтын боламыз. Балалар ойынымыз көңілді,әрі қызықты болу үшін екі топқа бөлініп алайық.

  1. Ойын: «Зымыран ұшыру»

Мақсаты: тыныс алуды жақсарту, шапшағын дамыту.

Шарты: демімізді ішімізге аламыз, содан кейін белгі бойынша қағаз зымыранымызды қатты үрлейміз, ілмектің ішіне өту керек. Кім демін көп алып үрлейтін болса, соның зымыраны қатты ұшып өзінің қалаған жеріне тез жетеді.

  1. Ойын: «Көңілді баспа»

Мақсаты: ептілікті, жылдамдықты дамыту.

Шарты:  жерде тастаулы аяқтың іздерінің үстінен басып баспадан өту керекпіз, өтіп кері қайтамыз.

  1. Ойын: «Кім жылдам»

Мақсаты: жылдамдыққа, жарысуға үйрету.

Шарты: машиналарға мініп(жәшіктен жасалған), ілмекті айналып келуіміз керек.

Балалар сіздер бүгін зымырандай жылдам, аттай шапшаң болдыңдар. Әр тапсырманы өте жақсы орындадыңыздар, сіздердің денсаулықтарың мықты болып, күш жинап тағы да бір сатыға бойларың өсті деп ойлаймын. Рахмет сіздерге, сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін менің сіздерге сыйлығым бар. Балалар қонақтармен қоштасып, сабағымызды аяқтайық. Сау болыңыздар!

Рефлексия

Бүгінгі сабақты көңіл-күйлерін смаиликтермен көрсету арқылы өз-өздерін бағалау.

Сабақты қорытындылау.

  • Балалар тапсырмалар ұнады ма?
  • Не үйрендік?
  • Ойындар ұнады ма?

Бүгінгі сабақ қызықты болды ма?

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *