Г.Х.Андерсеннің дана ертегілері

Султангалиева Аида Бердешовна

Ақтөбе қаласы, № 69 ЖББОМ

жаратылыстану және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

 

Тақырыбы: Г.Х.Андерсеннің дана ертегілері

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: қамқорлық, кішіпейілдік, ізгілік

Ресурстар:
үнтаспа, дәптер, оқулық
Сабақ барысы:
Қош келдіңдер, балалар!
5 Т ережесін еске түсіру.
Тәртіп
Талап
Тазалық
Тыныштық
Татулық
Жағымды көңіл-күй.
Сабақ барысын талқылау:

 

 

 

 

 

 

смайликтер

Үй тапсырмасын тексеру.
№3- сабақ Ханс Кристиан Андерсеннің Түймеқыз үзіндісін оқып келу.
Сұрақтар қойылады.
1. Түймеқыз көртышқанның жер асты көшесінен қандай құсты көрді?

2.Қарлығашқа Түймеқызға қандай қамқорлық көрсетті?
3. Түймеқыздың қарлығашқа қамқорлық жасауының себебі неде?

4.Кішіпейілділікті адамның көзінен көруге көруге немесе іс- қимылынан байқауға бола ма?

5.Түймеқыздың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыздыр?
6.Өзіңе басқаралардың қамқорлық жасаған жақсылығын естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.

 
Дәйексөз.
«Ертегілер – жақсылықтың ұясы». Нақыл сөз.

Нақыл сөзді тақтаға жазып, мәніне тереңірек тоқтау.
Дәйексөзді әуелі ұл балалар 2-рет, сосын қыз балалар 2-рет қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады
Қандай ой түйдіңіздер?

Интерактивті тақта
Әңгiмелеу (Мұғалім сыйы)
«Жақсылық» ертегісі.
Ертеде Данышпан  ата өз ұрпағын сынап көрмек болыпты.. Сөйтіп  бойындағы қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Баласы біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді.
Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Баласы жаны ашып,
шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді.
Одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Бала тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ – шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.
Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Бада құмысқаға қол ұшыңды көрсетіп жолына салып жіберуді.
Сөйтіп Данышпан  ата ұрпағын алдына шақырып алып:
Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол, — деп батасын береді.
Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.

Сұрақтар:

1.Данышпан не үшін ұрпағын сынамақшы болды?

2.Неліктен адам баласы тек жақсылықтарды жасады деп ойлайсыңдар?

3.Бала бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар ?

4. Дұрыс әрекет жасау адамның міндеті ме, әлде парызы ма?

5.Қамқорлық жасайтын адам бойында қандай қасиеттер болады?

6.Мейрімділік пен ізгілік таныту кез- келген адамның қолынан келе ме?

суреттер
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1-тапсырма. Таратылған суреттерге қарап, ертегілер кейіпкерлерін анықтап, олардың жақсы қасиеттерін атаңдар.
2-тапсырма. Таратылған суреттердегі ертегілер кейіпкерлерінің қамқорлық жасаған іс-әрекеттерін айтып беріңдер
Суреттер,кеспе қағаздар,маркер,т.б
Топпен ән айту.
Ерден атайдың әні.

Сөзі: Ә.Асылбеков. Әні: Е. Хасанғалиев
Интерактивті тақта
Үй тапсырмасы.
№5-сабақ.18-беттегі «Қазына» ел аузынан әңгімесін оқып келу.
 
Соңғы тыныштық сәтi.
Айтылған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтайық!
 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *