Жаһандану мәселелері. Стилистика — Мәдени  жаһандану үдерісі

 

Садуова Гүлнаш Әбдіжәлелқызы

Ақтөбе қаласы, №73 ЖББОМ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Сабақ тақырыбы:

 

Мектеп: Ақтөбе қаласы   №73 ЖББОМ

Жаһандану мәселелері. Стилистика /

Мәдени  жаһандану  үдерісі

Күні: Мұғалімніңаты-жөні: Садуова  Гүлнаш  Әбдіжәлелқызы
СЫНЫП: 9 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабаққа негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

9.1.5.1.Мәтіндегі  айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беру, айту.

9.4.3.1. Стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді дұрыс қолдана білу.

Сабақ мақсаттары Барлық  оқушылар орындай  алады:
1.Мәтінді түсінеді  ,мәтіндегі  айтылған ойға өз ойын  білдіре алады, сыни тұрғыдан баға беріп  айта  алады

2.Стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді  қолдана біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
1.Мәтінде айтылған ойға  өз ойын білдіреді,сыни тұрғыдан баға беріп, өз көзқарасын білдіре алады.

2.Стильдік ерекшеліктерді  ажыратып,  тілдік бірліктерді орынды қолдана біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады:
1. Мәтіндегі негізгі ойға сыни тұрғыдан баға беріп ,өз пікірін ой-тұжырым ретінде білдіре алады.

2.Стильдік ерекшеліктерге  сай тілдік бірліктерді  дұрыс, сауатты қолданады.

Бағалау критерийі
  1. Мәтіндегі негізгі ойға сыни тұрғыдан баға береді, өз көзқарасын білдіреді.
  2. Стилдік  ерекшеліктеріне сай тілдік бірліктерді орынды қолданады
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:

  1. Мәтінді  мұқият  тыңдайды
  2. Ойларын жүйелі  жеткізеді
  3. Стилін ажыратады
  4. Тілдік бірліктерді қолданады
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:

жаһандану, стиль, мәдени  жаһандану, халықаралық бірігу , жаһандану мәселелері,мәдени құндылықтар

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: менің  ойымша, сіздің  пікіріңізше, сізді дұрыс  түсіндім бе, ойымды  дәлелдей   келе  , сіздің ойыңызша
Талқылауға арналған  сұрақтар:

—          Сіздердің  ойларыңызша, соңғы жылдары қоғамдық өмірде жаһандану  термині  неліктен жиі қолданылып жүр?

     —  Жаһанданудың   негізгі мағынасы   нені білдіреді?                              (халықаралық  бірігу )

—          Қазіргі  заманғы  жаһандық  мәселелердің  қандай  түріне өз үлесіңді қосар едің?

Құндылықтарға баулу Бәсекеге  қабілетті , өзгеріске бейім болуға  тәрбиелеу.

Заманауи, жаңашыл ,парасатты, мәдениетті  тұлға  қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс Информатика ,тарих, әдебиет , өнер
Алдыңғы оқу:                     «Сұрақ  ілмегі»  әдісі

-Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер қандай?

                                                  (Мәдени  , экономикалық, этникалық, аумақтық,

                                                        ақпараттық коммуникациялық)  (3-4 мин)

Жоспар

 

Жоспарланған

уақыт

 

 

Жоспарланған жаттығу түрлері

 

Ресурстар

 

 

Басы

(6-7 мин)

«Ой  қозғау».

«Өзінің  «менін» ұмытқан адам -қаңбақ, оның мақсаты  мен бағытын тек «жел»  ғана анықтайды. Мәдениетін ұмытқан қоғамның  ахуалы  осындай»

                                                           Досай  Кенжетай

-Айтылған ойдан не түсіндіңіз?

-Бүгінгі сабақ тақырыбын қалай болжайсыз?

 

     Топқа бөлу: «Бір  ілік» әдісі.

Білім алушылар  таңдаған суреттері  бойынша  топ  құрайды : кітап, сән үлгісі , домбыра

-Берілген суреттердің бүгінгі тақырыпқа қатысы қандай? Ортақ тақырып шығару : ( Мәдени  жаһандану үдерісі)

«Қаламгер», «Сәнгер», « Сазгер» тобы

 

Инт.тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

қима суреттер

Ортасы

(20-25 мин)

 

     1-тапсырма. Жж  Тыңдалым   алды.

Шарты : Берілген  тірек сөздер арқылы  мәтіннің  тақырыбын, мазмұнын   болжа.

         Берілетін тірек сөздер: мәдени кеңістік,  жаңа технологиялар, әлемдік мәдениет, ұлттық мәдениет, мәдени құбылыстар, мәдени құндылықтар, ортақ  ғаламтор, халықаралық  туризм

  Дескриптор:

1.      Тыңдалым  тақырыбын  болжайды

2.      Ақпаратты анықтайды

   Кері  байланыс : «Коментарий» әдісі (ауызша)

   

Мәтін

Мәдени  жаһандану  дегеніміз — мәдени байланыстардың дамуы; «жаһандық » сияқты  мәдени кеңістікті  біріктіретін, жаңа  технологиялар мен әдістерді үйрете отырып,шет елдік  өнімді қабылдап, идеясына ие болуға деген құштарлық  және «әлемдік мәдениетке»  қатысу сынды сананың жаңа категорияларының пайда болуы.

Мәдени жаһандануға әлемнің әртүрлі елдерінің іскери және тұтынушылық мәдениетін жақындастыру мен халықаралық қарым-қатынасты өрістету тән.Бір  жағынан  бұл әлемдегі кейбір жеке  ұлттық  мәдениет түрлерін танымал етеді.  Екінші жағынан әйгілі халықаралық  мәдени құбылыстар ұлттықты ығыстырып  немесе оларды ұлтаралыққа  айналдыруы мүмкін .Көпшілік мұны  ұлттық  мәдени құндылықтарды жоғалту деп түсініп, ұлттық мәдениеттің жандануы үшін күреседі.

Қазіргі заманғы кинофильмдер экранға әлемнің көптеген елдерінде бір мезгілде шығады,кітаптар аударылып, әртүрлі елдер оқырмандары арасында бір уақытта танымалдыққа ие болады.  Мәдени жаһандануда ортақ  ғаламтордың  таралуы үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ  жыл санап халықаралық туризм етек алуда.

Бүгінгі әлемде ,сондай-ақ Қазақстанда  жаһандық мәдениет тәжірибесіне  сұраныс  пен сән бар  деп айтуға болады.

2-тапсырма . Тж. Тыңдалым  кезі.  «Алты қалпақ» әдісі және «Түртіп алу» әдісі

Шарты: Мәтінді тыңдаңыз. Мазмұнын түсіне  отырып, негізгі ойды анықтаңыз. Мәселеге қатысты өзіндік талдау жасаңыз. Мәтінде кездесетін стилистикалық ерекшеліктерге сәйкес тілдік бірліктерді теріп жазыңыз.

Дескриптор:

1. Мәтінді тыңдайды

2. Негізгі ойды түсінеді

3.Мәселеге  қатысты талдау жасайды

4. Тілдік бірліктерді теріп жазады

Кері байланыс : «Менің пікірім» әдісі (ауызша комментарий)

 3-тапсырма. Ж. Тыңдалымнан кейінгі  «Эссе жазу» әдісі

Шарты: 1.Тыңдалған мәтіндегі негізгі ойды  өмірмен байланыстырып, сыни тұрғыдан баға беріңіз.

2. Стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді қолданып, эссе жазыңыз.

 Дескриптор:

1.Негізгі ойды өмірмен байланыстырады

2. Сыни тұрғыдан баға береді.

3. Стильдік  ерекшелігін  анықтайды

4. Тілдік  бірліктерді дұрыс қолданады.

 

 

 

Мультимедия

лық  тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

Һttps://art:

ctle kz.com

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

дәптер ,қалам

Соңы

(5-10 мин)

Рефлексия « Үш сөйлем» әдісі

 1-сөйлем  —  жетістік

2-сөйлем – кедергі

3- сөйлем – қорытынды ой

Қосымша ақпарат Ғаламтордан  ізденіс жұмысы  

 

Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілетті

оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?

 

Пəнаралық байланыс –

Денсаулық жəне қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тəрбие элементі).

 

Саралап оқытуды ұйымдастыруда  білімалушылардың оқу және танымдық деңгейлерінің әртүрлілігі басты назарда болды.Қабілетті оқушылардың қабілеті төмен оқушыларға көмектесуіне қолдау көрсеттім. Қабілеті төмен білім алушыларға  тақырып бойынша жетек  сұрақтар беріп, қабілетті оқушыларға жоғары деңгейлі сұрақтар  мен сыни тұрғыдан  ой айтуға  тапсырма берілді.Қабілетті білім алушылар «Алты қалпақ», «Эссе жазу» әдісін қолдануда жетістікке жетті. Сабағымда  білім алушылардың  тақырыпты өз бетімен меңгере алуына билік беру, ізгілендіру ұстанымдары арқылы жүзеге асыруды жоспарладым. Білім алушының уәжін,сенімін қалыптастыру үшін бағалау  критерийлеріне сәйкес әр тапсырмаға дескриптор құрастырдым.Бағалау оқушылар мен мұғалім  арасындағы кері байланысты қамтамассыз етті. «Коментарий»,  «Менің пікірім» әдісіндегі   кері байланыстар оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік берді. Сабақ  әдебиет, өнер , тарих, информатика пәндерімен тығыз байланыста болып,денсаулық  және қауіпсіздік  ережелері сақталды. АКТ сабақ барысында қажеттілігіне сай қолданылды. Сабақтың өн бойында бәсекеге  қабілетті , өзгеріске бейім болуға  тәрбиелеу,

заманауи,жаңашыл,парасат-

ты, мәдениетті  тұлға  қалыптастыру тұрғысында-

ғы құндылықтарға баулуды көздедім.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу

міндеттері

орындалды ма?

Бүгін оқушылар

не үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?

Жоспарланған

саралау жақсы

іске асты ма?

(тапсырмалар

сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай

пайдаландым?

Жоспарыма

қандай өзгеріс

енгіздім жəне  неге?

 

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды. Өйткені мен сабағымды нәтижеге бағытталған SMART форматында жоспарладым.

Білім алушылар сабақ барысында мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіруді;сыни баға беруді; стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік бірліктерді дұрыс қолдануды; ынтымақты  қарым-қатынаста болуды т.б үйренді.

Сабақ жоғары деңгейде   өтті .

Саралау тапсырмалары  жоспарға сәйкес  жақсы іске асты. Білім алушылар мәселеге қатысты талдау жасап, сыни көзқарастарын білдірді. Стилистикалық ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді теріп жазды. Жоспарланған уақытты   тиімді пайдаландым.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: Мәтіндегі айтылған ойға өзкөзқарасын білдіріп ,сыни баға беруі.

2: Стильдік ерекшеліктерге сай ,,тілдік бірліктерді қолданып, эссе жазуы.

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту

мен оқуға қатысты)?

1: Саралау  тапсырмаларын беруде тапсырманы нақты ,тиімді әдіспен беру

2:Белсенді оқуды қалыптастыруда білім алушылардың бір-бірін бағалауына назар аудару

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Қабілеті төмен оқушылардың ішкі уәжін қалыптастыру үшін тапсырманы жеңілдетіп беру.

2:Сабақ соңындағы кері байланыс оқу үдерісін түзетіп отыруыма мүмкіндік берді.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *