Интерактивтік ойындар

Интерактивтік ойындар

I. Әлеуметтік ойындар

«Кино»
Бұл оыйнды өткізу үшін теледидар, бейнетаспа немесе DVD қолдану керек. Жүргізуші алдын ала ертегілерден немесе мультфильмдерден түрлі эпизоттарды таңдап алады. Мысалы, Алдар Көсе мен Бай арасындағы сұхбаттасу туралы эпизоды.
Ойыншылардың мақсаты – көрсетілген кейіпкерлердің мінезін дауыс арқылы көрсету. Содан кейін екінші топ бұл ертегі бойынша қойылым жасайды. Қай топ өз тапсырмасын жақса орындаса, сол жеңімпаз болады.

«Көңілді поезд»
Балаларға темір жол қызметкерлері елестеуді керек. Поезді үлкен қораптардан, отырғыштардан, орындықтардан құруға болады.
Басты рөлдер: машинист, жолсерік, жолаушылар, жол полициясы, вагон ресторандағы аспазшы.
«Машинист» станциялардың атауларын және составты жүргізеді. «Жолсерік» билеттерді тексереді, «жолушыларды» орындарына отырғызады, шай жасайды. «Жол полициясы» тәртіпті тексереді. Жолда әрбір бала өз қөңілді әңгімесін немесе өлеңін айтып береді.
Бұл оыйын арқылы тәрбиеші балаларды өз-өзімен қарым-қатынас жасауға, бір-біріне көмек көрсетуге үйретеді.
Бүл ойында өзгертуге болады. Билеттерді алғанда балаларға түрлі тапсырмаларды беруге болады және т.б.

«Балабақша»
Бұл ойынды барлық балармен өткізуге болады. Түрлі жұмсақ ойыншықтар, балалардың ойын ыдысы, қуыршықтардың тқсектері және арбалары қолданылады.
Рөлдер: «тәрбиешілер», «тәрбиешінің көмекшілері», «музыкалық қызметкері» және т.б..
Қуыршақтарды балалар өздері дыбыстандырады. Бәрі кесте бойынша өткізіледі — таңертеңгі ас, серуен, өлеңдерді жаттау. Ойын мейірімділікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, тәртіпке тәрбиелейді.
Барлығы кәдімгі балалақшада сияқты:
1. Таңертең денешынықтыру немесе көңілді музыка арқылы би.
2. Таңертеңгі ас.
3. Сабақтар (көңілді санау, сурет салу, мүсіндеу және т.б.).
4. Серуен.
5. Түскі ас.
6. Тыныш сағат (қуыршақтарға арналған). Қыздар өлеңдерді, ертегілерді айтады.
7. Бесіндікке дайындалу – қуыршақтардың шашын тарап, сәнді киім кигізу керек.
8. Бесіндік.
9. Бөлмеде немесе ойын алаңында түрлі ойындар өткізіледі.

« Таңдап алуға үйренемін» ойыны
Балаларға адамның іс-әрекеті бейнеленген суреттер көрсетіледі. Балалар өздеріне ұнаған суретті таңдап, әңгіме құрастырады және өз суретін салады.

«Менің және басқалардың қателер күнделігі» ойыны
Бұл ертегі кейіпкерлері қандай қате жіберді? Оларға не істеу керек? Өз қателерін еске ал.

«Қарым-қатынас жасауды үйренеміз» ойыны
Қарым-қатынас жасау қызықты және көңілді. Өз сұрақтарды құрастырып, олар келесі кейіпкерлерге ұсынылады:
— Алдар-Көсеге;
— Қамбақ шалға;
— мультфильм режиссеріне;
— Ы.Алтынсаринге;
— Аяз атаға және т.б.

«Сен білесің бе…» ойыны
Сен 01, 02, 03, 09 телефон нөмерлерін білесің бе? Олар не үшін кереқ? Бұл нөмерлер бойынша қоңырау соқсаң, не айту керек?

«Өз фирманы аш» ойыны
Сен балаларға арналған қандай фирмаларды ашқын келеді? Өз ұсыныстар туралы әңгімелеп бер немесе сурет сал. Мысалы:
Қуыршақтарға көйлек тігемін.
Құстарға арнап үй жасаймын.
Машиналарды жөндеймін.

Түрлі жағдайлар
Бізді кім емдейді? Дүкен. Мен қайда тұрамын? Сен қайда тұрасың? Адамдардың жасымен сурет (фото, мүсін) бойынша таныс. Көңіл-күй лотосы. Сынып қалған телефон. Жол белгілері. Өзен жолдарының әліппесі. Себетке біз не саламыз. Суда, жерде, ауада. Көрсетілген заттар және ойыншықтар қандай жастағы балаларға керек. Мен немен саяхатқа барамын. Берілген киімнің жартысынан оның иесін тап (атаның, әженің, баланың, қыздың, түрлі кейіпкерлердің, дәрігердің және т.б.).

Әдептілік және этикет сабақтары
Танысайық. Мен билетті кассада сатып аламын. Мен автобустамын. Менің атым. Сәлемдесеміз. Менің көңіл-күйім. Егер жолдасың (анаң, әжең, тәрбиешің) ауырып қалса … Мен ас құралдарын қолдана аламын. Менің ең жақсы досымның портреті. Қолдарым танысады, қолдарым жанжалдасады, қолдарым татуласады.

Ойындар
Кондитер фабрикасы. Дүкен (көкөніс, нан). Отбасы. Емхана. Егін. Көлік. Асхана. Малшылар. Балабақша. Планеталарға саяхат және т.б.

II. Ақпаратты-коммуникативті ойындар

«Танысу»
Мақсат: Балаларды бір-бірімен таныстыру. «Мен» деген белгімен таныстыру және практикада қолдану.
Материалдар: Қоңырау, карточкалар, фломастер мен қарындаштар, «Мен» белгісі.
Әрекетті бірге жасайтын алгоритмі .
— Сәлеметсіңдер ме балалар! Менің ата-жөнім …Бүгін біз бірінші рет кездестік және де ешкім бір-бірін білмейді. Енді бізге не «стеу керек?
— Дұрыс. Бізге танысу керек. Правильно, давайте познакомимся. Мен 1-2-3 сандардан кейін әркім өз атын айтады, ал егер мен «тыныш» деген сөзді айтсам бәріміз ауыздарымызды алақанмен жауып қоямыз.
— Сендерге барлық аттар естілді ме? Неліктен? (барлығы шулады)
— Ал енді бізге не істеу керек? Біз қалай танысамыз? (бір-бірден)
— Барлық балалар өз атарын бір-бірден айтады. Кім бастайды? Сендер қазір үндемей кім бірінші болады таңдап аласыз. (Пантомима.)
(Тәрбиеші балалардың артынан жүріп, ақырындап бір баланы көрсетеді. Бұл баланың атың кім есте сақтады, сол қолды көтеріп айтады және де сол жақта және оң жақта тұрған көршелердің аттарын айтады.. Барлық балалар хормен қайталайды.)

«Ине мен жіп» ойыны
Ойын ережесі: Балардың ішінен ине рөлін ойнайтын бала таңдалады
1-ші қоңырау – жіп сабақталады. (Балардың аттарын айтып ине лоарды өзіне қосады).
2-й қоңырау – ине жіптің соңымен кездеседі.
3-й қоңырау – бәрі өз орына отырады.

«Рақмет» деуге үйренеміз
— Балалар, сендерге ойын ұнады ма? Біз жақсы ойнадық па?
Ал, қазір, сендер өз көршілерінің қолын алып, оларға алғыстарыңды айтып беріңдер. ( Майра, рақмет, маған сенімен ойнауға ұнады.)

Өз көңіл-күйімізді бағалауға үйренеміз.
— Қараңдаршы балалар менде мынандай ақ парақ бар.
— Қазір бұл парақта тамаша гүл гүлденеді. Бұл жай гүл емес, сиқырлы. Ол сендердің көңіл-күйді көрсетеді. Қазір бәріміз көзді жұмып гүлді елестейміз, содан кейін өз жапырағын алып, ұнаған түске бояңыз.
— Қараңызшы қандай әсем жапырақтар, сендердің көңіл-күйлеріңізді бұл жапырақтар арқылы көруге болады.
— Ал қазір әрбір бала бір-бірімен қоштасады.

Белгілермен ойнаймыз.
Мен сұрақ қоямын, ал сендер таңбалармен көрсетесіз. Сұрақтарға ауызша жауап беруге болмайды. Тек қана көрсету не қолды көтеру, не ауызды ашу керек. (Әліппенің әріптері)
— Бұл әріпті кім біледі?
— Кім айтады бұл әріпті?
— Бұл әріпті кім білмейді?
— Мына әріптерді кім оқып береді «МА»?
— Мына әріптерді оқып беріңдер.
Сабақтың қорытындысы (шеңберде)
— Шеңберге тұрып, әрбір бала өз пікірін айтады. Бүгінгі сабақта ең қызықты болды?

«Біз түсінікті әрекеттенеміз бе?» ойыны
— Біз қазір ойыншықтарды жинаймыз. Жартысы еден сыпырады, жартысы гүл суарады, ал қалғандары үстелдерді сүртеді. Бір-бірімен . Бізге өз дайындығыңызды көрсетіңіз. Сөзсіз көрсету керек.

«Кім тез шешеді?» ойыны
Тапсырма: Берілген суреттердің ішінен екіншісін тауып ал.

«Винни-Пухтың хатын оқыңдар» ойыны
— Бізге Винни-Пух пен Пятачок қонаққа келді. Винни-Пух жерге үлкен құпияны жерледі. Содан кейін Пятачокқа хат-жоспарды жіберді. Бұл хат бойынша құпяины тез іздеп алуға болады. Пятачок жоспар бойынша жүріп, құпияны тауып алмада. Неге? Қлай ойлайсыңда?
— Винни-Пухтың хатын оқыңдар.
Винни-Пухтың хаты
1. Үйшіктен шығу керек.
2. Гүлдердің қасында өту керек.
3. Шыршалардың қасында өту керек.
4. Көпірден өту керек.
5. Үшінші таудың қасында құпияны іздеңдер.
Қорытынды: Винни-Пух, хатты дұрыс жазбаған, ао Пяточок кімнің үйінен құпияны іздеуге бастауға, ойлаған жоқ. Хатты дұрыс жазу керек. Біз бәріміз оларға көметесеміз.

«Жоспар бойынша тап…» ойыны
Ойын ережесі:
— Екі топқа бөлінеміз (әр топта 2 адамнан). Әр балаға үстелдің ортасына 2 заттан әкелу керек (2 кітап, 2 қалам, 2-3 дәптер, сурет дәптер).
Әр топ бір затты жасырып қояды. Содан кейін балалар топтың жоспарын құрастырады. Содан кейін топтар жаспарларды айырбастап, жасырып қойған затты іздейді.

Қимылды- әуен ойындары
Лавата.
Көңілді билейміз біз тра-та-та, тра-та-та
Сүйікті биіміз бұл лавата, лавата.
Менің қолым әдемі,
Әдемі.
Ал көршінікі одан да әдемі.
( қолдарынан ұстап шеңбер бойымен жүріп айтылады.Жүргізуші әр шумақтан соң дене мүшелерін атап отырады(басым әдемі, аяғым әдемі т.б.)

БИ БИЛЕЙІК
Би билегім келеді
Бірақ қалай бастаймын.
Бір анда, бір мында
Өзіңді -өзің айнала.
Бас аяқты топ-топ-топ,
Шапалақта көп-көп-көп.
Бір анда, бір мында
Өзіңді -өзің айнала.

ЖАПЫРАҚТАР
Жапырақтар, жапырақтар ,желде ұшады.
Аяқтың астында ,сыбдыр қағады.
Оңға да, солға да жапырақ ұшады
Күзгі жел оларға әнін айтады.
Оңға да, солға да жапырақ ұшады,
Күзгі бақ біздерге «қош»-деп айтады.
Жапырақтар ырғалып, әсем билейді,
Күзгі жел оларға әнін айтады.
Жапырақтар қуана ,қуана ұшады,
Аяқтың астында сыбдыр қағады.
Жапырақтар ырғалып,әсем билейді,
Күзгі жел оларға әнін айтады.

ОЙЫН
Егер өмір қызық болса , былай істе
(қол шапалақтау)
Егер өмір қызық болса , былай істе
(қол шапалақтау)
Егер өмір қызық болса,
Әрқашан да бақыт болсын
Әрқашан да бақыт болсын
Былай істе.
( әр шумақтан соң қимыл өзгеріп отырады, басты ию,жүру,секіру,ырғалу т.б.)

КИІЗ ҮЙ
Киіз,киіз,киіз үй
Дөңгелек өзі, әсем үй.
Қонақ келсе болғаны,
Бәрі дайын болады.
Асығады көмір де,
Ыстық шай да әзірде.
Тез-ақ, тез-ақ
Дайын болды бауырсақ.

ӘЖЕМНІҢ ТАУЫҒЫ
Аламыз әжемен үйге тауықты,
Аламыз әжемен үйге тауықты,
Тауық жем жеп қыт-қыттайды.
Аламыз әжемен үйге үйректі(2р.)
Үйрек былай балпаңдайды.
Аламыз әжемен үйге сиырды
Сиыр былай мө-дейді.
Аламыз әжемен үйге мысықты
Мысық былай мяу-дейді.
Аламыз әжемен үйге біз итті,
Ит былай аф-аф-дейді.
Аламыз әжемен үйге шошқаны
Шошқа былай хрю-хрю дейді.
Аламыз әжемен үйге телевизор,
Телевизор уақыт-уақыт,
Хабаршы ля-ля-ля-ля
Тауық жем жеп қытқыттайды.
( әр шумақтан соң кері қайталанып отырылады)

ЖАТТЫҒУ
Оң қолым менің алда,
Оң қолым енді артта.
Апарып оны алға
Былай-былай
Сен жаса.
Біз билейміз көңілденіп,
Айналамыз дөңгеленіп,
Қолымызды қатты-қатты соғамыз
Буги-буги ,окей!
( оң аяқ,сол қол, сол аяқ)

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *