Қазіргі таңдағы қоғамдағы қазақстандық жастардың дүние танымдық және рухани байлықтары.

 

М.Сапарбаев институтының

Парасат колледжінің оқытушысы

Қурманбекова Ақбаян Елеусиновна

 

Қазіргі таңдағы қоғамдағы қазақстандық жастардың дүние танымдық және рухани байлықтары.

Қазіргі заман ғылым мен технологияның қарыштап дамып, өте жоғары деңгейге жеткен шағы десек болады. Соған сай сана өркениеті өрістеп биіктеп барады. Бір анығы,  адамның санасы, дүниетанымы жоғарылаған сайын қоғам да өзгереді. Мысалы, интернет жүйесі 1969 жылы  2 қыркүйекте пайда болып, қоғамға енгенде оны ең жас пайдаланушылар жасы  20-25 жастан асқан, ересек адамдар болса, қазіргі таңда интернетке 5-6 жастағы бала да әуес. Әрине, бәрін бірдей пайдалы деу артықтау шығар, сананы улап та  жататыны бар. Бұл ақпараттық технологияның тым кеңінен қанат жаюының да салдары болар. Алайда осындай құбылыстар орын алған  қоғамымызда  ұстанатын тек екі қағида бар: бірі – жан-дүниенің  рухани тазалығы болса, бірі – сананың  сергектігі. Біріншісіне жүрек, екіншісіне ақыл керек. Осыларды ұғып, білуге қайрат керек. Бұл – сонау ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Абай Құнанбайұлының жазып кеткен қағидасы арқылы шыққан тұжырым. Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең – бе­сі­гіңді түзе» деген сөзінде сан-алуан астар бар. Кемеңгеріміздің бұл жерде «бесігіңді түзе» деген сөз­ді «ұрпағыңды түзе» деген сөз­дің баламасы ретінде қол­да­нып отыр­. Демек, ұрпақтың дүние танымы мен рухани байлығы үлкен жауапкершіліктің жүгі екені айқын. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын. Жалпы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады. Қазіргі күндегі Қазақстанның дербестікке жетуі халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады. Елімізде соңғы жылы жоғары оқу орындарында тәрбие беру мәселесіне жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды және студенттердің патриоттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік, тәрбиелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды. Бұл Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында студенттерге қазақ халқының этностық ерекшеліктерін, тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін дәріптеу жастарға патриоттық тәрбие берудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің қажеттілігін арттыра түседі. Жасыратыны жоқ, жастардың дүние танымы әрқалай. Бақсақ, тез баюға, жылдам қызметтік өсуге, жайлы пәтерге қол жеткізуге деген қызығушылығы басым. Қатарлас, деңгейлес буынның арасында болған әңгіме желісі көбіне-көп осындай көзқарасқа теліп, өрбитіні ақиқат. Ал, енді жастардың рухани байлығы жөнінен келсек, қазіргі олардың ойлау деңгейі, көрсем-білсем деген ұмтылысы жоғары. Шығармашылық қабілеті, талабы да баршылық. Қарапайым ғана мысал: бүгінгі ақындар айтысында топ жарып жүрген жастардың шоғыры бір төбе. Оның ішінде Мұхтар Ниязов, Нұрмат Мансұров, Мейірбек Сұлтанхан, Айдос Рахметов, Серікхан Жүзеев, Әбілқайыр Сыздықов, Еркін Садықұлы секілді Сыр бойының жастары рухани жағынан бай деуге тұрарлық. Мұның қасында ғылыми ізденістері мол, дизайн, баспа, тігіншілік  тағы басқа да кәсіптік өсу деңгейінде құндылық қаншама. Рухани құндылықтың астарында кең ұғым жатыр. Оның тәрбиелік мәні де терең. Меніңше, ол — отан, туған жер, отбасы секілді баға жетпес құндылықты сүюге жетелейтін төте жолды мегзейді. Қандай да ел, азамат өз тарихын білу — ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі, ол этникалық тұтастықтың сақталуы мен оның келесі буындарда жалғасын табуда маңызды.  Қазіргі ұрпақтың өз халқымен бірлігін сезінушілігі және өзін оның күллі тарихи жетістіктерінің тікелей мирасқоры  мен  нақты сақтаушысы әрі жалғастырушысы  ретінде  сезінуінің мәні өте зор. Осы тұрғыдан келгенде, кеудесі алтын сандық, яғни рухани бай жастардың өмірге, дүниеге көзқарасы да кең, қарақты келеді. Бүгінде Қазақстанда жастардың отанға деген сүйіспеншілігі — қоғамдық қатынастарды демократияландыру және гуманизмдендіру негізінде патриотизмге жуықтайтын секілді. Бұндай жаңарған қазақстандық патриотизм мазмұнын қазіргі озық мәдениет құндылықтары ғана емес, сондай-ақ, қазақ мәдениетінің дәстүрлі құндылықтары, оның айрықша руханилық, азаматтық пен өнегелілікке ұдайы ұмтылушылық құндылықтары да құрайды. Орта ғысырдан берi Батыстың империалистiк елдерi қарудың күшiмен Шығыс елдерiн жаулап алып өздерiне отар жасаған болса, жиырмасыншы ғасырдың соңына таман бұрынғы бодандықта болған мемлекеттердiң  бәрi дерлiк саяси тәуелсiздiгiне қол жеткiзiп, өздерiнiң ұлттық мемлекетiн құрды. Соның бiрi – Қазақстан.  Қазір әлемде бір айла-шара бар, оны негізінен рухани бодандық дер едім.  Сол үшiн де Батыс елдерi қазiргi техника мен технологияның дамуының арқасында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, өздерiнiң тiлiн, дiнiн, саяси дәстүрiн әртүрлi айла-тәсiлдермен Шығыс елдерiнiң өмiр салтына енгiзiп, олардың ұлттық төл мәдениетiнiң дамуына қалайда жол бермеуге тырысуда. Интернет, әлеуметтік желілердің бәрі жастарға өнегелік тәрбие бермейді, адам өзіне қажетін ғана алу керек. Еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының 60-70 пайызы орыс тiлiнде. Кiтап дүкенiне кiрсең сiрескен орыс тiлiндегi әдебиеттер мен газет-журнал. Жастардың орысша ойлау мен жаңашыл идеяның арасында адасып қалатыны тағы бар. Бұл орайда Сыр бойында шүкіршілік ететін жәйт көп. Біріншіден, қазақы облыс, екіншіден, ұлттық салт-сана мен дәстүр берік қалыптасқан. Алайда, бір мәселе туындайды. Интеллигенцияның басым бөлігі орналасқан облыс орталығында жастардың белсенділігі жоғары да, ауылдағы азаматтар қоғамдық мәселелерден алшақ қалып жүр. Осы екі арадағы байланыс әлі де тығыз емес.  Егер де қазiргi жастар ертеңгi елiмiздiң иесi екенiн ескерсек, болашақ қоғамымыздың тағдырын табыстауға сенім қаншалықты берік? Осы жағына барынша мән беру қажет секілді. Кейбір данышпандар «Негiзiнен мәдениет дүниеге дiни көзқарас арқылы қалыптасады» дейді. Бәлкім дұрыс шығар, алайда оған дөп басып жауап беруге ерте. Себебі уақыт көрсетеді. Дегенмен жастардың қазіргі дінге бетбұрысы жақсы. Дiн қандай қағиданы дәрiптесе, олардың дүниетанымы да сол бағытта дамиды. Шығыс мәдениетi негiзiнен рухани құндылықтарды бағаласа, Батыс мәдениетi керiсiнше материалдық құндылықтарды жоғары қояды. Адам жаны үшін барлық құндылық қажет. Жалпы, қазақстандық жастардың дүние танымдық және рухани байлығы жөнінен айтар ой аз емес. Әрине, бес саусақ бірдей емес, жастардың да ой-қабілеті әрқалай. Бір анығы, дүние танымдық қасиет рухани байлықпен теңелмейді. Рухани бай адамның жаны таза, кіршіксіз деп жатамыз, ал, дүниеге танымы зор жастардың кемел келешекке ұмтылысы биік болуы да мүмкін. Демек, біз үлкен мемлекеттік ұлы мақсаттарды бағындыру барысында жастардың бойындағы асыл қасиеттерді әлі де бағалай береміз. Жастар еліміздің болашағы ретінде еліміз үшін аянбай еңбек етіп сол жолда қолымыздан келгенше тырысып бағуымыз қажет.Сонымен қаттар салауатты өмір салтын ұстанып,  сапалы және елбасымыз айтқандай бәсекеге қабілетті жастар болуымыз керек.Жастар жылын тиімді пайдаланып өзімізді көрсете білейік.

Президент жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды.Ол жыл сайынғы дәстүрлі жолдарында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі,өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады.Бүгінгі Қазақстан-қалыптасқан мемлекет,үлкен геосаяси маңызы бар ел.Бірақ ең бастысы-ол орасан зор әлеуеті және өркендейтін болашағы бар ел.Елбасымыз қандай жас қазақстандықтарды көргісі келеді Оның Қазақстандықтарды,бәрінен бұрын ,бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары мамандар ретінде көргісі келеді.Бүгінгі таңда жаңа білім меңгеру және жақсы мамандық алу бірінші орынға шықты.Бүгінгі жастар саясатын жүзеге асырудың мемлекеттік ұстанымын айқындайтын маңызды құжаттар болып табылады.Елбасымыздың қолдауы ерекше күш жігер береді.Мемлекетіміздіңнығая түсуіне бұрынғыданда белсенді болуы керек.Ендеше алға құрметті жастар!!!

Пайдаланылған әдебиеттері

 

  1. ҚР Конституциясы. 1995 жыл 30.08
  2. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
  3. Қазақстан  Республикасы Президентінің 2006 жылғы  1 наурыздағы ел халқына Жолдауында  белгіленген Демократиялық реформа.
  4. 2008 жылы «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 1 шiлдедегi N 625 Жарлығы
  5. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2011- 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 19 ақпандағы № 160 Қаулысы
  6. «Егемен Қазақстан» бұқаралық  ақпарат көзі , 14 қазан басылымы

7.«Егемен Қазақстан»   20  қаңтар басылымы  Жастар жылы мақаласы.2019 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *